Құрмалас сөйлемнің қалыптасуы туралы тіл біліміндегі көзқарастар.
Паратаксис деген не?
Гипотаксис деген не?
Құрмалас сөйлемнің қалыптасып дамуына әсер еткен өзге мәнбірлерді атаңыз.
дәріс. Құрмалас сөйлемнің белгілері, түрлері
Жалғаулықты салалас, Жай сөйлемдерде бір ғана предикативтi орталық болса, құрмалас сөйлемдер кемiнде екі предикативтiк орталыққа негiзделедi. Құрмалас сөйлем компоненттерi арасында жай сөйлемдердегiдей тиянақталған интонация болмайды. Жай сөйлем жалаң ойды бiлдiрсе, құрмалас сөйлем күрделi ойды бiлдiредi. Құрмалас сөйлемге анықтама беруде жоғарыда аталған структуралық және сематикалық белгiлерi ескерiледi.
Құрмалас сөйлем деп мағыналық жағынан бiр-бiрiне байланысты екi немесе одан көп жай сөйлемдерден құралып, күрделi ойды бiлдiретiн сөйлемдi айтамыз.
Салалас құрмалас сөйлемдер жасалу жолына қарай: жалғаулықсыз, жалғаулықты болып бөлінеді.
Жалғаулықсыз салалас құрмаластардың байланысу тәсілдері мынадай:
1. Құрамындағы жай сөйлемдер мағыналарының өзара іліктес, байланысты болуы арқылы; 2. Интонация тұтастығы арқылы; 3. Компоненттердің бәріне қатысты ортақ мүшенің болуы арқылы;
Белгілі бір сөздің компонент сайын қайталанып айтылуы арқылы; 5. Бірінші компоненте айтылған сөздің екіншіде есімдікпен қайталануы арқылы; 6. Компонент баяндауыштарының бірыңғай жақтық, шақтық тұлғада айтылуы арқылы.