Дәріс тезистері


- дәріс. Жай сөйлемнiң күрделену жолдары



бет21/38
Дата10.02.2023
өлшемі97,74 Kb.
#66985
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38

- дәріс. Жай сөйлемнiң күрделену жолдары


Күрделенген сөйлемдер. Қазақ тiлiнде күрделенген сөйлемдер коммуникативтi қызметi мен құрылысы жағынан бiркелкi болып келе бермейдi. Бiреулерi iшiнара сөйлем мүшелерi жағынан бiркелкi болып қайталанса, ендi бiреулерiнде баяндалған оқиғаға байланысты айтушы адамның түрлiше көзқарастары бiлiнедi. Ендi бiрде сөйлемнiң негiзгi желiсi түрлi жақтардан сипатталып, қосымша мәндермен үстемеленiп отырады. Қайсысында болса да сөйлем құрылымы күрделенiп,
мазмұны жағынан да күрделi ой туғызады. Бұлар бiр- бiрiнен синтаксистiк тәсiлдерi, iштей құрылыстары жағынан ажыратылады. Күрделенген сөйлемдердiң құрылысында әрi қыстырма, әрi қыстырынды сөйлемдер қатыстырылады. Сондай-ақ, көсемше, есiмше оралымды, айқындауышты, қаратпалы сөйлемдер болады.
Күрделенген сөйлемдерc өйлемнiң бiрыңғай мүшелі құрылымында дакеледі.
Бiр сөйлемде оның тұрлаулы не тұрлаусыз мүшесiнiң бiрi, кейде бiрнешеуi тiзбектелiп, әлденешеу болып айтылуы мүмкiн. Қорықпаймын ендi мен аңыздан, желден, бораннан (Т.Ж) Бұл сөйлемде шығыс жалғаулы үш жанама толықтауыш аңыздан, желден, бораннан өзара салаласа, бiр- бiрiмен тең дәрежеде байланысқан. Бұлар бiрiнен кейiн бiрi тiзбектелiп, арасына басқа мүшелi сөз қоспайды. Сөйлемдегi басқа мүшелерден интонациялық жақтан оқшауланып өз алдына бөлек бiр топ болып тұрады. Бiрыңғай мүшелер сөйлем iшiндегi басқа мүшелермен сөйлемнiң жеке мүшелерi тәрiздi байланысады. Олардың синтаксистiк қызметi де бiрдей болады. Бiрыңғай мүшелер сөйлем iшiнде интонация немесе жалғаулықтар арқылы байланысады. Олар бiр- бiрiне бағынбай барлығы бiр дәрежеде тұрады және сөйлем iшiндегi бiр сөзге қатысты болып, сонымен грамматикалық байланысқа түседi. Бiрыңғай мүшелер сөйлемде бiр сұраққа ғана жауап бередi. Бiрыңғай мүшесi бар сөйлемнiң құрамы мынандай болады: 1. Екi не одан да көп бастауыш бiр баяндауышқа қатысты болып, оны өздерiне ортақтасқан түрде бағындырады: Бейсен, Шымырбек, Қали құлаған жердi аршып жатыр

  1. Екi не бiрнеше баяндауыш бiр бастауышқа бағынады: Екiншiсi – аққұба, ұзын бойлы, талдырмаш.

  2. Екi не бiренше тұрлаусыз мүшелер басқа тұрлаулы не тұрлаусыз мүшелердiң бiрiне бағынып, бiр сұраққа жауап болып тiзбектеледi. Ботақарадағы, Михаиловкадағы фабрика-завод мектептерiнде, техникумда жүздеген жас кадрлар, жаңа техниканың болашақ мамандары оқып жүр. (Ғ.Мұст) Бiрыңғай мүшелер бiр сөзден құралса жалаң болады, сөз тiркесiнен құралса жайылма болады: Кiлем, алаша, көрпе төселдi деген сөйлемде Кiлем, алаша, көрпе бiрыңғай жалаң бастауыштар. Кешке жақын жел тынып, салқын ауа, түрлi гүл, шөптердiң жұпар иiсiне толып, әдемi көбелектер сол гүл үстiнде орғып ұшып секектеп, әр жерге бiр қонып жүредi. (С.Ер) деген сөйлемде салқын ауа, түрлi гүл, шөптердiң жайылма анықтауыштар.

Қазақ тiлiнде көптiк, септiк, тәуелдiк тұлғалы бiрыңғай мүшелердiң ең соңғы сөзi ғана жалғаулы болып, басқалары соның жалғауына ортақтасып тұрады.

  1. Егер бiрыңғай мүшелер мен, бен, пен жалғаулығы арқылы байланысса, септiк жалғауы бiрыңғай мүшенiң ең соңғы сөзiне жалғанады. Тау мен тасты су бұзар.

  2. Бiрыңғай мүшелер көптiк ұғымда айтылуға тиiстi болса, бiрыңғай мүшенiң ең соңғысына ғана көптiк жалғауы жалғанады. Оның үстiне септiк жалғаулары жалғынып айтылады. Әкем Балжандарға хат берiп, туыс, жолдастарын сырттан таныстырып жатыр.

Грамматикалық көрсеткiштердiң бiрыңғай мүшенiң тек соңғы сөздерiне жалғануда мынандай стильдiк, мағыналық ерекшелiктерi болады:
1. Бiрыңғай мүшелердiң ең соңғысы көптiк жалғауда айтылғанда, сол сөз жинақтаушы, синтаксистiк қызметi басым мүше болады.2. Бiрыңғайлардың ең соңғысы ғана септiк жалғауында айтылып, басқасы соған ортақ болғанда ол сөз тiркестерi грамматикалық тұлғалану жағынан барынша ықшамдалып тұрады. Ықшамдау құбылысы бiрыңғай мүшелерге бiрдей, ортақ болатын көмекшi етiстiктердiң ең соңғы сөзiнен кейiн бiр- ақ рет айтылуынан да байқалады. Мысалы, Бұл өмiрдiң жақсы екенi, бақытты екенi, қуанышты екенi рас деген сөйлемдi Бұл өмiрдiң жақсы, бақытты, қуанышты екенi рас.
Бiрыңғай мүшелердiң арасында интонациялық кiдiрiс болғандықтан ол жерге үтiр қойылады. Бiрыңғай мүшелi сөйлем жеке мүшелi жай сөйлемге қарағанда жайылыңқы болады. Бiрыңғай мүшелi сөйлемдер жай сөйлем болады. Бiрыңғай мүше болу қасиетi сөйлем мүшелерiнiң бәрiне ортақ. Сондықтан бiрыңғай мүшелер де бiрыңғай тұрлаулы мүшелер, бiрыңғай тұрлаусыз мүшелер болып екiге бөлiнедi.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет