Дәріс тезистері


Объектілік қатынастағы құрмалас сөйлемдер



бет31/38
Дата10.02.2023
өлшемі97,74 Kb.
#66985
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38
Байланысты:
Д ріс тезистері 1 – д ріс. Синтаксис туралы жалпы т сінік

Объектілік қатынастағы құрмалас сөйлемдер


Объектілік қатынастағы құрмалас сөйлемдердің ішінде салалас түрі қазақ тіл білімінде айтылып жүр. Профессор Р. Әмір салалас құрмаластың аталған түрінің құрылысына назар аударады. Бұларда құрмалас сөйлемнің екінші бөлігі алғашқысында объект болып табылатын қатынастың қимылын, әрекетін білдіреді. Ғалым объектіні білдіретін компонент постпозициялық күйде болатындығына назар аударады.
Мысалы: Бастарын көтеріп алғанда көрді: оң жақтан шалдың қойы құлап келеді екен (А. Нұрманов). Әсет енді ғана байқады: сонау бұрышта тығылып қана Бәзікен отыр екен (С. Мұратбеков). Бірінші сөйлемде қабылдау, сөйлеуді білдіретін (есітті, көрді, айтты және тағы басқа) сабақты етістіктер қолданылады. Сабақты етістіктерден жасалған баяндауыштардың мазмұны құрмалас сөйлемнің екінші бөлігінің объектілік қатынасына негіз болады. Бұл компоненттердің шылаусыз байланыстарын айқындайды.
Постпозициялық объектілік құрамдас бөлігі бар салалас құрмалас сөйлем компоненттерді кері орналастыру үлгісіндегі салалас құрмалас сөйлемнің стилдік нұсқасы болып табылады. Бұл жерде заңды сұрақ туындайды: компоненттер орнын ауыстырудың сыңарлар арсындағы грамматикалық және семантикалық қатынастарға тигізер ықпалы қандай?
Мысалы: салыстырыңыз:
(1а) Басын көтеріп көрді: оң жақтан шалдың қойы құлап келеді екен.
(1ә) Оң жақтан шалдың қойы құлап келеді екен, оны басын көтеріп алғанда көрді. Сөйлемнің а нұсқасы объектілік қатынастағы жалғаулықсыз түсіндірмелі салалас сөйлем болса, ал осы сөйлемнің ә нұсқасында сол объектілік қатынас сақталып қалған, бұл жағдайда да алғашқы компонент Нені басын көтеріп алғанда көрді? деген сұрақтың жауабы болып тұр. Сондықтан мұндай сөйлемдерді предпозициялық объектілік құрмалас сөйлемдер деп тануға негіз бар. Бірақ мағыналық қатынаста өзгеріс болады, ә нұсқасында түсіндірмелік мәннен гөрі мезгілдік, ыңғайластық мән басым сипат алады.
Постпозициялық объектілік құрамдас бөлігі бар салалас құрмалас сөйлем қабылдаудың астын сызу, бөліп айту үшін және кейде жалпы сөйлемнің экспрессивті болып шығуы үшін пайдаланады.
Объектілік және түсіндірмелі қатынастағы салалас құрмалас сөйлемдердің арасын бөлу қажет. Салалас құрмалас сөйлемнің бұл екі түрін грамматикалық ұйымдастыруда ортақ нәрселері көп. Олар шылаусыз, компоненттер арасындағы байланыс екінші компоненттің бірінші сөйлемдегі баяндауышқа деген мәндік қатынасында орнайды. Бірақ бұл мәндік қатынас әр түрлі сипатта болады. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемде екінші компонент алғашқы сөйлемнің баяндауышын нақтылап ашып көрсетеді.
Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем компоненттерінің арасындағы грамматикалық байланыс бірінші және екінші сөйлемдердей баяндауышетістіктердің семантикалық қатынасында айқындалады. Алғашқы баяндауышта жалпы мағынадағы етістік, ал екіншісінде шектеулі семантикалық мәнге ие етістік жүреді. Қатынға берген уәде қардағы жазумен тең емес пе: жел тұрса көшті, күн шықса өшті (Қ. Мұхамеджанов).
Аталған сөйлем мағынасы жағынан түсіндірмелі құрмалас болғанымен, екі компоненттің арасындағы синтаксистік қатынасы жағынан объектілік қатынастағы емес, предикаттық қатынастағы құрмалас сөйлем.
Объектілік қатынастағы салалас құрмалас сөйлемнің құрылымдық бір түрі компонент ретінде сұраулы сөйлемдер жүретін сөйлем болып табылады. Кемінде екі субъект қатысатын мұндай сөйлемнің алғашқы компонентінде сұраушы субъектінің өтініші алғашқы компонентте айтылады да, ол білгісі келген объектісі сұраулы сөйлем формасында беріледі. Алғашқы сөйлемде (айтшы, білші, сұрашы тағы басқа) сабақты етістікті баяндауышы бар объектіні қажет етіп тұратын компонентке сұраулы сөйлемдер тіркеседі.
Мысалы: Айтшы: болыс боласың ғой анық? (Б. Майлин). Көрші: балалар қорада жүр ме екен?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет