Қазақ тіл білімінде адвербиалдық қатынастағы құрмаластардың бар екендігі бұрыннан айтылып жүр. Ғалым Қ. Есенов құрмаластарды функционалды принцип негізінде сөйлем мүшелері ыңғайында топтастыру А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Жиенбаев, Н. Сауранбаев еңбектерінен орын алғанын айта келіп, қазақ тіліндегі бағыныңқы сөйлемдердің дені өз басыңқыларымен қарымқатынасына орай пысықтауыштық ыңғайда жұмсалатынын көрсеткен еді.
Қазақ тіл білімінде құрмаластарды жіктеуде пысықтауыш бағыныңқылардың бар екендігі бұрын да, қазір де мойындалған, бірақ аталған қатынасты тек сабақтастарға ғана телу мәселесі ойлануды қажет етеді. Қазақ тілінде салаластардың да адвербиалдық қатынасқа құрылатындығына дау жоқ. Алғашқы компонент пен соңғы компоненттің арасында сабақтастардағыдай қатынас бар: Биылғы күз тым жауынды болды, шаруалар шөптерін де мезгілінде жиып ала алмады. Қоңыз індітереңқазады,өйткеніқыстыңызғары өтпейді(С. Мұқанов). Неліктен шаруалар шөптерін де мезгілінде жиып ала алмады?Несебептіқоңыз індітерең қазады? Сондықтан адвербиалдық қатынастағы құрылымдар тек сабақтастарға ғана емес, салаластарға да тән деп қорытынды жасауға болады. Адвербиалдық қатынастың негізінде құрмаластың төмендегідей мағыналық түрлері жасалады:
Мезгіл мәнді құрмаластар: Көзімдіашыпалдыңғы жаққақарасам, екіадамқарауытыптұрекен (Ғ. Мүсірепов).
Себеп мәнді құрмаластар: Сүйегіпысықжылқыеді(неліктен?),сондықтанқамшысалдырғанжоқ (С. Мұқанов).
Амал мәнді құрмаластар: Басымызғаәңгіртаяқойнатып,қырсоңымызғатүсетіндей,Серғазығанежазыпедік(Б. Тілегенов).
Мақсат мәнді құрмаластар:Оспанжұмысбасынабармақшыболып,ӘйгерімменЕрболдыүйденертешығады(М.Әуезов).