Дәріс тезистері


-дәріс. Құрмалас сөйлем компоненттері арасындағы функционалдық қатынастар



бет29/38
Дата10.02.2023
өлшемі97,74 Kb.
#66985
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38
Байланысты:
Д ріс тезистері 1 – д ріс. Синтаксис туралы жалпы т сінік

13-дәріс. Құрмалас сөйлем компоненттері арасындағы функционалдық қатынастар Тірек сөздер: функционалдық қатынас, айқындауыш, объект, адвербалдық қатынастар.

    1. Айқындауыштық қатынастағы құрмалас сөйлемдер.

    2. Объектілік қатынастағы құрмалас сөйлемдер.

    3. Адвербиалдық қатынастағы құрмалас сөйлемдер.

    4. Теңдік қатынастағы құрмалас сөйлемдер.



СӨЖ тақырыбы: Телінбе компонентті құрмалас сөйлемдер Тапсырма – конспект.
Құрмалас сөйлем компоненттері арасындағы функционалдық қатынастарды саралау нәтижесінде қазіргі қазақ тілінде оны төмендегіше топтастырады: айқындауыштық қатынастағы
құрмалас сөйлемдер, объектілік қатынастағы құрмалас сөйлемдер, адвербиалдық қатынастағы құрмалас сөйлемдер, теңдік қатынастағы құрмалас сөйлемдер.
Айқындауыштық қатынаста қос компоненттің бірі екіншісінің мәнін ашып, түсіндіріп тұрады немесе бірінде жалпылау мәніндегі хабар баяндалады да, екіншісі оның мәнін саралайтын, айқындайтын оқиғаны, құбылысты хабарлайды. Мұндай құрылымдағы сөйлемдерді өз ішінде субъектпредикаттық қатынастағы және атрибутивтік қатынастағы құрмаластар деп жіктеуге болады. Субъектпредикаттық қатынас – сөйлемді ұйымдастырушы негізгі синтаксистік амал, ой білдірудің, мазмұнның және темаремалық мүшеленудің ұйытқысы. Құрмалас сөйлемдер компоненттері арасында мұндай қатынастың көрініс табуын қазақ тіл білімі үшін тосын жаңалық деп тануға болмайды. Кезінде А.Байтұрсынұлы бастауыш бағыныңқылы, Қ. Жұбанов, Н.Сауранбаев баяндауыш бағыныңқылы деп таныған құрмалас сөйлемдер бүгінгі тіліміз үшін де жат құбылыс емес. Аталған құрылымның түркі тілдері грамматикаларына (мысалы, өзбек, ұйғыр тілі синтаксисіне арналған зерттеулерде) бастауыш бағыныңқы, баяндауыш бағыныңқы деген атаумен енгендігі белгілі Аталған қатынастағы сөйлемдер өзіндік құрылымдарға ие.

  1. Алғашқы компонент бастауышы не баяндауышы сұрау есімдіктерінен жасалып, екінші компонентте сұралған мүшенің жауабы баяндалады. Мысалы: Кім сүйіспеншілікпен жұмыс істесе, сол кез келген жұмысқа поэзия ендіреді (Н.Г. Чернышевский). Кім тер төксе, сол алады. Шіркін, Жетісудың табиғаты қандай, тау да, өзенкөл де, көк те,шөп те көп (“Парасат”).

Ғалым Р. Әмір ауызекі тілде экспрессивті компонентті не көп күрделі құрылымы кең тарағандығын айтады. Бұндай компоненттің сөйлем құрамына енуі әдеттегіден тыс көрініс болғанымен, ол ойды эмоционалды білдіруде қолданылады. Мысалы: Не көп, тор жайған аңшы көп (Ә. Тәжібаев). Осы күні ауылда не көп, жігіт көп. (С. Мұқанов). Екінші компонент алғашқы компонентте сұралған, ізделген субъектінің жауабы болып тұр.

  1. Алғашқы компоненттің баяндауышы мыналар, мынау, мынадай, сол сияқты жалпылауыш мәндегі сөздерден, сілтеу есімдіктерінен жасалған түсіндірмелі мәнді сөйлемдер болса, келесі компонент оның мәнін ашып, предикаты секілді қатынаста тұрады.

Мұстафаның оларға қолданған шаралары мыналар: байталдың төрт сирағы төрт жылқы, бір жылқы – барлығы бес жылқы(С. Мұқанов). Байлам мынау: ертең Темірлан жұртын стадионға митингке шақырамыз (О. Бодықов).

  1. Предикаттық қатынастағы құрмалас сөйлемдердің алғашқы компонентінің баяндауышы көбінесе сындық мәнде (есім баяндауышты) болады да, оның мәні келесі компоненттерде ашыла түседі.

Мысалы: Әйелдер қызық: мықты жігіттің бойынан осалдық, осал жігіттің бойынан мықтылық іздейді. Шындық та у, бірақ ол өлтірмейді, емдейді (Қ. Мырза Әли). Оның бұтақтарының жиілігі сондай: бір ай нөсер жауса да, түбіне тамбайды (О. Бөкеев). Сақалмұрты бар демесең, (қандай?) түптеп келгенде, осы Омардың өзі де жетім (Ғ. Мүсірепов).
Келтірілген сөйлемдерде алғашқы компонентте айтылған пікірдің келесі компонент мағынасын айқындап, саралап тұр. Бірінші сөйлемде Әйелдер қызық тіркесімінің мәні айқындалса, келесі сөйлемде у (сияқты), үшінші сөйлемде жиілігі сондай тіркесімдерінің предикаты іспеттес грамматикалық қатынас бар. Өзара субъектпредикаттық қатынастағы мұндай сөйлемдердің компоненттері түсіндірмелі, қарсылықты, шарт мәнді семантикалық қатынасқа негізделген.
Есім баяндауышты (әсіресе, сын есім баяндауышты) сөйлемдерді атрибутивті қатынастағы сөйлем деп танитындар да бар. Біздіңше, мұндай жағдайда синтаксистік бірліктің (баяндауыштың, анықтауыштың) басты грамматикалық белгісі ескерілуі тиіс. Баяндауыштың предикативтілігі мен анықтауыштың есім сөздердің сыны, белгісі ретінде жұмсалуы басты назарда болуы тиіс. Төмендегі мысалдарды салыстырып көрейік:
1.Әйелдер қызық: мықты жігіттің бойынан осалдық, осал жігіттің бойынан мықтылық іздейді (Қ. Мырза Әли). 2. Мынадай қызық болған: мектепке алғаш түскен жылдарында Тайман дүниеде мұғалім апайынан мықты адам жоқ деп ойлайтын (З. Қабдолов).
Алғашқы сөйлемнің екінші компоненті қызық баяндауышының мәнін ашып, Әйелдер қандай? деген сөйлемнің жауабы ретінде предикат сипатында жұмсалса, екінші сөйлемнің екінші компоненті мынадай анықтауышының мәнін ашып, Қандай қызық болған? деген сұрақтың жауабы ретінде атрибуттық қатынаста жұмсалып тұр.

  1. Құрмалас сөйлем компоненттері арасындағы синтаксистік қатынастарды анықтауда тек қана жекеленген сөйлем мүшелері емес, синтагмалар, компоненттер арасындағы қатынас негізге алынады.

Екінші компонент бірінші компонентте айтылған қимылпроцесті дамыта түседі не жоққа шығарады. Сөйтіп екінші компонент алғашқы компоненттегі пікірдің предикаты секілді қатынаста тұрады: 1. Егер сіз келісім берсеңіз, (мен қайтер едім?) мен адал жар болуға серт бере едім (К. Сегізбаев). 2. Осынша әзірлігі бола тұра, (ол қайтті?) ол тойын жасамай кетті (С. Мұқанов).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет