Байланысты: Д ріс тезистері 1 – д ріс. Синтаксис туралы жалпы т сінік
Сөз тіркесіне тән төртінші қасиет – валенттілігі. Сөз тіркестері сөйлеу үрдісінде жасалып, сөйлем ішінде өмір сүреді. Сөз тіркесі құрамындағы сөздердің сөйлем ішінде байланысу деңгейін айқындайтын тілдік құбылысты сөз тіркесінің валенттілігі деп атаймыз. Сөз тіркесінің валенттілігі үш түрлі болады: А) синтаксистік валенттілік Б) семантикалық валенттілік. С) семантика-синтаксистік валенттілік. Синтаксистікваленттілікдегеніміз─ сөйлем ішінде сөз тіркесі сыңарларының екі жақты немесе одан да көп грамматикалық байланысқа түсуі. Синтаксистік валенттілік таза синтаксистік, лексика-синтаксистік қағидаға негізделген синтаксистік тіркестер мен І және ІІІ изафеттік тіркестер жатады. Семантикалықваленттілікдегеніміз─сөйлем ішінде сөз тіркесі сыңарларының бірде семасиологиялық мәндегі мағыналары арқылы, бірде атауыштық мәндегі мағыналары арқылы екі жақты байланысқа түсуі. Сөз тіркесі құрамындағы сөздердің семантикалық дәрежесі бір сөз тіркесінде дербес атау болса, бір сөз тіркесінде элементарлы бірлік болады. Мысалы, Өзбасынпәледенаманалыпқалғысыкеп,туғанінісінқауіпкеқиыптұрған,қасқырмінездес Құрыбайдың қылығына Әбілқайыр хан езу тартып күлген. (І.Е) сөйлеміндегі хан күлген, езу тартыпкүлген сөз тіркестерінің екінші сыңары семантикалық валенттілікке түскен. Бірінші сөз тіркесінде негізгі мағына + тура мағына байланысып, семасиологиялық мәндегі синтаксистік синтагма болса, екінші сөз тіркесінде сөздер абстракт мағына + абстракт мағынаның байланысындағы атауыштық мәндегі синтаксистік синтагмаға ауысты. Бағыныңқы сыңардағы сөз екі түрлі семантикалық қызметте жұмсалып, семантикалық валенттілік қасиетіне ие болады. Семантика-синтаксистікваленттілік─сөйлем ішінде сөз тіркестерінің сатылы түрде грамматикалық байланысқа түсуі. Семантика-синтаксистік валенттілік номинативті қызмет атқаратын сөз тіркестерінің сөйлем ішіндегі байланысу ерекшеліктерінен туындайды. Номинативті қызметтегі сөз тіркестері сөйлем құраудың семантикалық құрылымына тән сөз тіркесі ретінде грамматикалық байланысқа түсіп, жеке сөз тіркесі ретінде байланысса, екіншіден тірек сыңар арқылы сөйлемнің грамматикалық құрылымын айқындайтын сөз тіркестерінің бағыныңқы не басыңқы сыңары болады. Нәтижесінде екі түрлі деңгейде байланысып, семантика-синтаксистік валенттілікке ие болады.