Дәріс тезистері


- дәріс. Еркін тіркестердің грамматикалық және семантикалық құрылымы



бет4/38
Дата10.02.2023
өлшемі97,74 Kb.
#66985
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

3- дәріс. Еркін тіркестердің грамматикалық және семантикалық құрылымы


Еркін тіркестердің басты қасиеті біріншіден, тілдік қарым-қатынас жасаудың құралы болып табылады. Сөз тіркесінің бес түрлі байланысу формасы бар болса, олардың әрқайсысы сөйлеудің, сөйлесудің құралы ретінде белгілі бір функционалдық қызмет атқарады. Қиысу қолданылу ерекшелігін танытады. Ал матасу, меңгеру, қабысу, жанасу формалары сөйлеу барысындағы айтылатын ойдың семантикасын толықтыру мақсатында жұмсалады.
Сөз тіркесіне тән екінші қасиет – синтагмалық байланыста жұмсалуы. Еркін тіркестің құрамындағы сөздер семантика-грамматикалық жақтан үйлесім тауып өзара синтагмалық байланысқа түседі. Синтагмалық байланыс лексикалық мағынадан тарайтын семантикалық өріспен тікелей байланысты болады. Тіліміздегі сөздер өзара синтаксистік байланықа түскенде олардың атауыштық қызметі екі түрлі жолмен байланысады. Біріншіден, сөз тіркесі құрамындағы сөздердің әрқайсысы өз дербестігін сақтап, дербес атаулар ретінде байланысады, екіншіден, сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің бірі екіншісінің семантикасымен ұғымдық, мағыналық жақтан өзара бірлікте келіп, екі сөз де бір ұғымның мәнін анықтайтын атаулар ретінде байланысады. Осыған орай, қазақ тілінде атауыштық мәндегі және семасиологиялық мәндегі синтагма бар деп танимыз. Атауыштық мәндегі синтагмаға мысалы, менің дәптерім, оқушыға қарады, семасиологиялық синтагмаға ағаштың жапырағы, адамның ақылы сияқты сөз тіркестерін жатқызуға болады.
Сөз тіркесі синтаксемасы оған тән үшінші қасет болып табылады. Бұл құбылыс сөз тіркесі құрамындағы сөздердің семантикалық дәрежесін айқындайды. Сөз тіркесінің құрамында толық мағыналы кем дегенде екі сөз болса, сол толық мағыналы сөздердің семантикалық дәрежесі екі түрлі болады. Тілдің қолданыстық қызметіне қарай сөздер дербес атаулар ретінде және элементарлы бірліктер ретінде байланысады. Егер сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бір ұғымның ішкі мәнін айқындайтын сөздер болса, олар элементарлы бірліктер болып табылады. Мысалы, ағаштың жапырағы, баланың күлкісі, жылқы кісінеді сөз тіркестерінде жапырақ ағашты, күлкі баланы, кісінеу жылқыны танудың семантикалық белгісі ретінде жұмсалып, сөз тіркесі құрамындағы сөздер бір ұғымның ішкі мазмұнын анықтайтын мағыналардың байланысуынан тұрады. Егер сөз тіркесі құрамындағы сөздердің ұғымы бір-біріне қатысты болмаса, олар дербес атау ретінде байланысады. Мысалы, баланың киімі, хат келді, оқушыға қарады сөз тіркестерінде киім, келу, қарау сөздері бала, хат, оқушы сөздерін тануға қатысты емес, яғни сол сөздерге тән, солардың мәнін ашатын семантикалық белгісі емес. Сондықтан сөз тіркесі құрамындағы сөздер дербес атау ретінде байланысады.
Сөз тіркесі сыңарларының семантикалық дәрежесі элементарлы бірлік ретінде танылса, сөз тіркесінің құрамындағы сөздер лексикалық мағынаның семасиологиялық мәнін айқындайтын негізгі
+ тура, тура + негізгі, негізгі + номинативті мағыналардың семантикалық жақтан үйлесуі негізінде байланысады.
Сөз тіркесі сыңарларының семантикалық дәрежесі дербес атау ретінде жұмсаласа, сөз тіркесінің құрамындағы сөздер лексикалық мағынаның атауыштық мәнін анықтайын нақты мағына + абстракт мағына, абстракт мағына + нақты мағына, нақты мағына + нақты т.б мағыналардың семантикалық үйлесуі негізінде және семасиологиялық мәндегі категориалдық мағына + категориалдық мағыналарының семантикалық үйлесуі негізінде байланысады. Ендеше, сөз тіркесі құрамындағы сөздер атауыштық мәндегі мағыналар арқылы және семасиологиялық мәндегі категориалдық мағыналар арқылы байланысса, оның семантикалық дәрежесі дербес атаулардың байланысын көрсетеді. Сөз тіркесі құрамындағы сөздер семасиологиялық мәндегі негізгі, тура, номинативті мағыналар арқылы байланысса, оның семантикалық дәрежесі элементарлы бірліктердің байланысын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет