Дәріс тезистері


Сөз тіркесінің байланысу амалы



бет8/38
Дата10.02.2023
өлшемі97,74 Kb.
#66985
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38
Байланысты:
Д ріс тезистері 1 – д ріс. Синтаксис туралы жалпы т сінік

Сөз тіркесінің байланысу амалы


Сөз тіркестері сөйлемнің құрамында өмір сүретіндіктен, олар сөйлемнің семантикалық және
грамматикалық құрылымына тікелей қатысты болады. Осыған орай, сөз тіркестерінің синтаксистік жақтан байланысу амалдары айқындалады. Синтаксистік жақтан байланысу
амалдарына қарай сөз тіркестері сабақтаса, салаласа байланысады. Сабақтаса байланысу сөйлемнің грамматикалық құрылымына байланысты болады да, салаласа байланысу сөйлемнің семантикалық құрылымына байланысты болады. Оған сөз тіркестерінің құрылымдық сипаты негіз болады. Қиыса, матаса байланысқан сөз тіркестері сабақтаса байланысады. Олардың құрамындағы бағыныңқы сыңарларын сөйлем құрамынан алып тастасақ, сөйлемнің грамматикалық құрылымына нұқсан келіп, сөйлем сөйлемдік дәрежеден айырылып қалады. Ал, қабыса, жанаса байланысқан сөз тіркестері салаласа байланысады. Сөйлем құрамынан олардың бағыныңқы сыңарларын алып тастасақ, сөйлемнің семантикалық дәрежесі солғындайды, бірақ, сөйлемдік дәрежеден айырылып қалмайды. Мысалы, Мұндай шарт-шұрт қимылдар ұзаққа созылмайды (Ғ.М) сөйлемінде қимылдар созылмайды – қиысу формасы. Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары созылмайды сөзін сөйлем құрамынан алып тастауға болмайды. Онда сөйлемнің (Мұндай шарт-шұрт қимылдар ұзаққа түрінде)
грамматикалық құрылымына нұқсан келіп, сөйлемдік дәрежеге жетпей қалады. Мұндай қимыл, шарт-шұрт қимыл, ұзаққа созылмайды ─ сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары ─ мұндай, шарт- шұрт, ұзаққа сөздері. Оларды сөйлемнің құрамынан алып тастасақ, сөйлемнің грамматикалық құрылымына нұқсан келмейді, тек семантикалық жақтан солғындайды. Салыстырамыз: Шарт-шұрт қимылдар ұзаққа созылмайды ( мұндай сөзі алынып тасталынды) Мұндай қимылдар ұзаққа созылмайды (шарт-шұрт сөзі алынып тасталынды) Мұндай шарт-шұрт қимылдар созылмайды( ұзаққа сөзі алынып тасталынды) Қимылдар созылмайды ( бағыныңқы сыңарлар түгел алынып тасталынды) Ендеше, сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарлары сөйлемнің грамматикалық құрылымына тәуелді болса, ондай сөз тіркестері сабақтаса байланысады. Егер сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарлары сөйлемнің семантикалық құрылымына тәуелді болса, ондай сөз тіркестері салаласа байланысады.
Меңгеру формасы арқылы байланысқан сөз тіркестері салаласа да, сабақтаса да байланысуға қабілетті. Мысалы, Осы аңыз Әбілқайырдың құлағында шыңылдап тұр (І.Е) сөйлемі аңыз шыңылдап тұр, құлағында шыңылдап тұр, Әбілқайырдың құлағы, осы аңыз деген сөз тіркестерінен құралады Алғашқы үш сөз тіркесі сабақтаса байланысады. Егер олардың бағыныңқы сыңарларын (шыңылдап тұр, құлағы, құлағында) сөйлем ішінен алып тастаса, сөйлемнің грамматикалық құрылымына нұқсан келіп, сөйлемдік дәрежеден айырылады. Соңғы сөз тіркесінің құрамындағы бағыныңқы сыңар осы сөзін алып тастаса, сөйлемнің грамматикалық құрылымына нұқсан келмейді, сөйлемдегі айтылатын ойдың семантикасы солғындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет