Стандарттың санаттары мен түрлері ғылыми зерттеу тәжірибелік конструкторлық, технологиялық, жобалық жұмыстардың жетістіктеріне негізделіп отырып әзірленеді. Сонымен қатар басқа шетелдік, халықаралық, аймақтық, үлттық жоғары деңгейдегі стандарттардың талаптары ескеріледі.
Стандарттың санаттары
_Мемст с ст т ш к ст қ ст х ст
/ИСО/__
Стандарттың түрлері_
Негізін қалаушы әкім /қызмет/ процесс стандарт бақылау,
стандарттар стандарттары стандарттары сынау,
өлшеу, талдау
әдістерінің
стандарттары
2 -Сурет. Стандарттың санаттары мен түрлерін жіктеу.
Стандарттардың санаттары
Мемлекеттік стандарттар Қазақстан Республикасының бағыныштылығы мен меншік түріне қарамай барлық мекеме, ұйым, кәсіпорын, министрліктер мен Қазақстан Республикасының жергілікті басқару органдары, жеке кәсіппен айналысатын барлық азаматтар үшін тиісті қызмет аясында міндетті түрде қолданылады. Әдетте, мемлекеттік стандарттар жаппай ірі көлемде үздіксіз шығарылатын өнімдерге мемлекеттік аттестациядан өткен бұймдарға, экспорттық тауарларға, сондай-ақ өнім сапасын қамтамасыз ету, ғылым мен техника, өндіріс салаларының өзара байланыс, бірлігін нығайтуға қажетті ереже норма, талаптар қатарлы стандарттардың тиісті нысандарына әзірленеді. Мысалы, мемлекеттік стандарттау объектілері мыналар болуы мүмкін:
-ұйымдастыру -әдістемелік және жалпы техникалық объектілер, соның ішінде стандарттау жұмыстарын жүргізетін ұйым, мекемелер, біріккен техникалық тіл, типтік мөлшері, қатарлар және жалпы қолданыстаға бұймдардың үлгілік құрылымы, ақпараттық технологияның бағдарламалық және техникалық құралдары, метрологияның қамтамасыздандыру жұмыстары, заттар мен материалдардың қасиеттері туралы нақты анықтамалық мәліметтер, техникалық- экономикасының ақпараттарды жіктеу және қодтау;
-халық шаруашылығының ірі кешендері /көлік, энергия жүйесі, байланыс, қорғаныс, қоршаған ортаны қорғау т.б./;
-мемлекеттік ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар мен жобалар;
-кеңінен қолданылатын /соның ішінде салааралық/ өнім;
-өнім мен технологияның бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ететін ғылым мен техника жетістіктері;
-өндіріс пен ішкі тұтынушылардың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін өндірілетін және басқа мемлекеттерге шығарылатын өнім;
-конструкторлық және техникалық құжаттар жүйесі, өндірісті бақару, ұйымдастыру саласының құжаттары т.б.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарын әзірлеу жұмысын мемлекеттік тиісті бағдарлама, жоспар бойынша стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер атқарады. Стандартты әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының заңдары, мемлекеттік стандарттар, стандарттау жөніндегі басқа да нормативті құжаттар басшылыққа алынады, сондай-ақ стандарттау жөніндегі халықаралық және аймақтық ұйымдардың құжаттары ескеріледі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына мыналар қамтылады:
-өнім, жұмыс, қызмет сапасына қойылатын міндетті талаптар. Бұл талаптар адамдардың өмірі, денсаулығы мен мүлкінің және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс;
-өнімнің сыйымдылығы мен өзара алмасымдылығы жөніндегі міндетті талаптар;
-өнім, жұмыс, қызмет сапасына қойылатын талаптарды бақылаудың /өлшеу, сынау, талдау/ міндетті тәсілдері. Бұл тәсілдер адам өмірі мен денсаулығы, оның мүлкі, қоршаған ортаның қауіпсіздігі, өнімнің сыймдылығы мен өзара алмасымдылығын қамтамасыз етуі тиіс;
-бұйымдардың параметрлік қатары және үлгілік конструкциялары;
-өнімнің негізгі тұтынушылық /пайдалану/ қасиеті өнімді буып-түю, таңбалау, тасымалдау, сақтау және жою талаптары;
-өнімді дайындау, өндіру, пайдалану, қызмет көрсету кезінде техникалық бірлікті қамтамасыз ету ережелері;
-техникалық құжатты рәсімдеу ережесі өнім сапасын қамтамасыз ету барлық қорларды қорғау және өнімді пайдаланудың жалпы ережесі, терминдер, анықтамалар мен белгілеулер метрологиялық және басқа жалпы техникалық ереже нормалар.
Достарыңызбен бөлісу: |