Дәріс№1 Тақрыбы: Кіріспе.Қазақстан Республикасында стандарттаудың негізгі бағыты мен тенденциясы. Құзыреттіліктер


Қазақстан Республикасындағы стандарттау қызметі



бет18/64
Дата05.12.2022
өлшемі0,7 Mb.
#54991
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   64
Байланысты:
лекция

Қазақстан Республикасындағы стандарттау қызметі
Қазақстан Республикасында стандарттау жөніндегі іс-қызметі мемлекеттік басқару жұмысын стандарттау, метрология және сертификаттау комитеті /Қазақстан Республикасының мемстандарты/ жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Мем стандарттың негізгі жұмыс бағыты мыналар:

  • стандарттау, метрология және сертификаттау саласында мемлекеттік-техникалық біріккен саясат жүргізу;

  • өнім және қызметті сертификаттаудың мемлекеттік біріккен жүйесін құру;

  • басқа елдермен сауда-экономикалық қарым-қатынас жасауда пайда болатын техникалық кедергілерді жою;

  • осы заманғы электронды байланыс құралдарын пайдалану арқылы ақпаратпен қамтамасыз ету, нормативтік база құру;

  • физикалық шама бірліктерінің эталондық базасын құрып, дамыту;

  • Қазақстан стандарттарын халықаралық және мемлекетаралық сәйкес стандарттамен үйлестіру;

  • стандарттау, метрология және сертификаттау, мемлекеттік қадағалау, лицензиялау және инопекциялық бақылау жөнінен нормативтік және заң актілерінің жобаларын әзірлеу;

  • өнім және қызмет сапасы, стандарт, техникалық шарт талаптарының сақтау, метрологиялық ережелер мен өлшеу құралдарының жәй күйін мемлекеттік қадағалау;

  • стандарттау, метрология, стандарттау және сапа жүйесі, мемлекеттік қадағалау мен инспекциялық бақылау саласының жоғары білікті кадрларын даярлау;

  • стандарттау, метрология және сертификаттау саласы бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Қазақстан Республикасы Мем стандартының іс-қызметі стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитет туралы ережелерге сәйкес атқарылады.
Қазақстан Республикасы Мем стандарты заңды тұлға болып табылады және өз өкілеттілігі шеңберінде арнайы атқару, бақылау-қадағалау іс қимылдарын жүргізеді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының көлемінде стандарттау, метрология және сертификаттау жұмысын басқару, салааралық үйлестіру іс-шараларын жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Мем стандарты өзіне жүктелген мәселелерге сәйкес төмендегі іс-қызметтерді атқарады:

  • стандарттау, метрология және сертификаттау дамытудың негізгі бағыттарын айқындайды;

  • стандарттаудың мемлекетаралық және аймақтық жүйесін әзірлеуге қатысады, олардың іс-қимылын ұйымдастырады;

  • стандарттау, метрология және сертификаттаудың даму деңгейіне баға береді;

  • мемлекеттік стандарттаудың жыл сайын жоспарын әзірлеп бекітеді.

  • стандарттың мемлекеттік қорын қалыптастырып, жүргізеді;

  • стандарт, ереже, ұсыныстарды басып шығару, қайта басу және тарату жұмыстарын жүргізеді;

  • жергілікті атқару органдары мен заңды тұлғаларды тіркелген нормативтік құжаттар және оған енгізілген өзгертулер туралы хабардар етіп отырады;

  • өнім және қызмет сапасы, стандарт, техникалық шарт, метрологиялық ереже талаптарының сақталуы, өлшеу құралдарының жәй күйі мен қолдануын мемлекеттік қадағалау жұмыстарын ұйымдастырып, жүргізеді. Сондай-ақ сертификатталған және лицензияланған өнімді инспекциялық бақылау, сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертханаларының іс қызметін инспекциялық бақылау жұмыстарымен айналысады;

  • өнім сапасы туралы және стандарт техникалық шарт талаптарының бұзылуы туралы мәліметтер жиынтығын қалыптастырып, Қазақстан Республикасының үкіметіне хабарлап отырады;

  • өнімді, сертификаттау жұмысын ұйымдастырып жүргізеді;

  • техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу және кодтау жүйесін енгізеді;

  • сертификаттау өнім, сертификаттау органдары, сынақ зертханалары, өлшеу құралдары т.б. –ның мемлекеттік тізімін жүргізеді;

  • физикалық шама бірлігінің мемлекеттік эталондық базасын сақтап, дамытуды қамтамасыз етеді;

  • өлшеу құралдарын мемлекеттік сынау, салыстырып тексеру, метрологиялық аттестациялау жұмыстарын жүргізеді;

  • мамандар дайындауды ұйымдастырады.

Стандарттау жұмысын тікелей басқару үшін халық шаруашылығы салаларында, министрліктер мен қызметтік мекеме, кәсіпорын ұйымдарда стандарттау бөлімшелерін немесе стандарттау қызмет органдарын құрады. Стандарттау мекемелерінің негізгі қызметтік бағыты, құқықтары мен міндеттері Р 50РК 8-94 "Стандарттау қызметі /бөлімшелері/ туралы үлгілік ереже" –де көрсетілген.
Стандарттау қызметі /мекемелері/ кәсіпорында жүргізілетін стандарттау, сәйкестендіру жұмыстарын ғылыми-техникалық, ұйымдастыру-әдістемелік тұрғыда басқарады. Сонымен қатар ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-технологиялық, конструкторлық жұмыстарға тікелей қатысады.
Стандарттау қызметінің міндеттері мыналар:

  • кәсіпорынның нормативтік құжат жүйесін құру және онымен кәсіпорын бөлімшелерін қамтамасыз ету;

  • стандарттаудың отандық және шетелдік тәжірибелерін зерттеп, оларды стандарт әзірлеу, қайта қарау кезінде пайдалану;

  • кәсіпорын бөлімшелеріне әдістемелік көмек көрсету /конструкторлық, жобалық және технологиялық құжаттарын дайындаудың недәуір қарапайым әдістерін анықтау, конструктор, жобалаушы мен технологтарға жаңа стандарттар туралы ақпарат беру, қолданыстағы стандарттық емес шешімдерді жүйелеу, деталь, түйін, материал және техникалық үрдістерді сәйкестендіру/;

  • стандарттау жоспарының жобасына, ғылыми-техникалық мақсаттық бағдарламаға ұсыныстар әзірлеу;

  • нормативтік құжаттар қорын құру;

  • ақпараттық мақала, жазба, жариялымдарды шығару;

  • оқу әдістері мен конференциялар ұйымдастыру;

  • стандарт жобалары бойынша пікір әзірлеу;

  • кәсіпорын стандартары мен ТШ-ды есепке алып, тіркеу

  • стандартты енгізудің техникалық-экономикалық тиімділігін анықтау;

  • өнімді өндіріске жіберу жұмысына қатысу;

  • Стандарттау жөніндегі мәселелермен айналысатын бөлімшелердің жұмысын бақылау;

ҚР –ның мемлекетік стандарттарын әзірлеу, қарау, келісу және бекітуге дайындау, сондай-ақ, халықаралық /аймақтық/ стандарттау жұмысын жүргізу үшін стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер /ТК/ құрылады. ТК-тері ҚР-ның Мемстандарты тіркейді. ТК белгілі бір сала бойынша ең жоғарғы ғылыми техникалық мүмкіндікке ие, нақтылы өнім, технология немесе іс қызмет түріне арнайы мамандандырылған кәсіпорын /мекеме, ұйым базасында құрылады/.
ТК-тердің жұмысына мүдделі кәсіпорын, мекеме, ұйымдардың тапсырыс берушілердің, өнімді дайындаушылардың стандарттау, метрология, сертификаттау органдарынның, тұтынушылар қоғамының, ғылыми-техникалық және инженерлік қоғамдарының өкілетті адамдары ерікті түрде тартылады.
Техникалық комитетер өз іс қимылдарын стандарттау жөніндегі техникалық комитет туралы үлгілік ереже /РД 50 РК 2-98/ негізінде жүзеге асырады. ТК заңды тұлға мәртебесін иеленбейді. Техникалық комитет ұйымдарына мыналар жатады:

  • ТК-ке мүше өкілетті уәкілдіктердің жиналысы:

  • ТК хатшылығы;

  • ТК-тің қосымша комитеттетері;

  • ТК-тің жұмыс топтары;

ТК мүшелеріне кәсіпорын, бірлестік, әзірлеуші-акционерлік қоғам, дайындаушылар кіреді. ТК-тің мүше кәсіпорын, ұйымдар өкілетті уәкілдікке өздерінің жоғары білікті мамандарын тағайындайды. Өкілетті уәкілдер ТК жұмысына дауыс беру құқығын иемдене отырып белсенді қатысады. Кворум саны ТК мүшелерінің жалпы санының 2-3 –нен кем болмаған жағдайында жиналыс өз жұмысын жүргізе алады.
ТК-тің лауазымды тұлғалары:

  • ТК-тің төрағасы;

  • Төрағаның орынбасары

  • ТК-тің жауапты хатшысы.

Қосымша комитеттер құрамы олардың іс қимыл әрекеттеріне ерекшеліктеріне байланысты болады.
Мысалы, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін стандарттау жөніндегі ТК-тің құрамына мынадай қосымша комитеттер /ҚК/ кіреді:

  • ҚК-1. Мата өнеркәсібінің өнімі

  • ҚК-2. Тоқыма өнеркәсібінің өнімі

  • ҚК-3. Тігін өнеркәсібінің өнімі

  • ҚК-4. Былғары –аяқ киім өнеркәсібінің өнімі

ТК-тің негізгі іс қызметері:

  • өзіне тиесілі стандарттау саласының техникалық саясатын әзірлеу;

  • ҚР СТ және ТШ жобаларын әзірлеу, қарау, келісу, бекітуге дайындау;

  • ҚР СТ-ын халықаралық және өнеркәсібі дамыған шетелдер, сондай-ақ ТМД елдерінің стандарттаымен үйлестіру, сәйкестендіру

  • мемлекеттік стандарттаудың жылдық жоспарын әзірлеу;

  • Стандарт пайдаланушы кәсіпорын, ұйымдарымен ынтымақтастық құру;

Нормативтік құжаттың техникалық деңгейін бағалау, өнімге қойылатын міндетті жалпы талаптар мен сынаудың біріккен әдістерін белгілеу:

  • Мемстандартқа ТК-тің іс қызметі туралы ақпарат беру;

  • ТҚ-ке кіретін қосымша комитеттер мен жұмыс топтарының қызметін үйлестіру;

  • МСЖ-нің ережесіне сәйкес стандарттау саласындағы басқадай нормативті құжаттарды әзірлеу.

ҚР-ның мемлекеттік стандарттарын әзірлеуге тапсырыс берушілер- ҚР –ның МЕМСтандарттары, министрліктер /мекемелер/, кәсіпорындар мен бірлесіктер, сондай-ақ тұтынушылар қоғамы ғылыми техникалық және инженерлік қоғамдар т.б.
ҚР-дағы мемлекеттік стандарттау жұмыстары ТК-тер, кәсіпорындар мен бірлестіктер, министрліктер мен мекемелердің /т.б./ келешектік /перспективалық/ жоспарлары негізінде жасалған жылдық жоспары бойынша жүргізіледі.
Мемлекеттік стандарттаудың жоспарлы тапсырмаларының орындалуын бақылау, есепке алу, жұмыстарды үйлестіру міндетін ҚР-ның Мемстандарты атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет