Дәріс№1 Тақрыбы: Кіріспе.Қазақстан Республикасында стандарттаудың негізгі бағыты мен тенденциясы. Құзыреттіліктер



бет8/64
Дата05.12.2022
өлшемі0,7 Mb.
#54991
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   64
Байланысты:
лекция

Өнімді сәйкестендіру
Өнімді сәйкестендіру деп детальдардың типтік саны мен бірдей қызметтік мақсаттағы агрегаттар санын оңтайлы қысқарту іс -әрекетін айтады. Бұл ісәрекет дайын өнімнің элементтерін жіктеу және қатарлау, сұрыптау және жою, типтеу және тиімдеуге негізделеді. Сәйкестендірудің негізгі бағыттары төмендегідей:

  • Бұйым, машина, құрал жабдық, түйін, детальдардың параметрлік және тиімдік мөлшерлер қатарын әзірлеу.

  • Біртекті өнімнің сәйкестендірілген топтарын құру мақсатында типтік бұйымдарды әзірлеу

  • Сәйкестендірілген технологиялық үрдістерді әзірлеу

  • Қолдануға рұқсатталған бұйым, материалдардың қолайлы да ең аз ат тізімін /номенклатурасын/ жасау.

Сәйкестендіру жөніндегі жұмыстардың нәтижелері әртүрлі рәсімделеді: Бұлар деталь, түйін, жинақ бірлігінің типтік сәйкестендірілген құрылымының /конструкциясының/ альбомдары, сондай-ақ тип, параметр, мөлшер, конструкция, марка т.б. стандарттары болуы мүмкін.
Бұйымдары сәйкестендіру оны жүргізу саласына байланысты сала аралық /екі немесе одан көп өнеркәсіп саласында дайындалған, бірдей немесе жуық мақсаттағы бұйымдар мен олардың элементтерін сәйкестендіру/, салалық және зауыттық /бір кәсіпорында немесе бір өнеркәсіп саласында дайындалған бұйымдарды сәйкестендіру/ болуы мүмкін.
Жүргізудің әдістемелік принциптеріне байланысты сәйкестендіру түр ішіндегі /бір типті бұйымдар тобының/ және түр аралық немесе жоба аралық /әртүрлі бұйымдардың түйіні, деталь, агрегаттары/ болуы мүмкін.
Сәйкестендіру дәрежесін өнімді сәйкестендіру деңгейімен яғни өнімнің сәйкестенген, соның ішінде стандартталған деталь, түйін жинақ бірлігімен толығу арқылы сипатталады. Сәйкестендіру деңгейі көрсеткіштерінің бірі ретінде қолданыс /сәйкестік/ коэффициенті-Кп-алынады:
Кn = 100%
Мұнда: П-, бұйымдағы детальдардың жалпы саны /дана/
По-түп нұсқалық /алғаш әзірленген/ /дана/
Мұндағы детальдардың жалпы санына /түпнұсқадан басқа/ стандартты, сәйкестендірілген және сатып алынған детальдар кіреді, сондай-ақ жалпы машина жасау, салааралық және салалық қолданыс детальдары кіреді.
Агрегаттау
Агрегаттау-бұл машина құрал жабдықтарды геометриялық және қызметтік негізде өзара алмастыру мүмкіндігі бар, әртүрлі бұйымдарды жасауда көп мәрте пайдаланатын жекелей стандартталған, сәйкестендірілген түйіндерден құрастыру әдісі болып табылады. Мысалы мебель өндірісінде 15 мөлшерлі щиттермен 3 мөлшерлі жәшіктерді қолдана /пайдалана / отырып әртүрлі комбинация жасау арқылы 52 түрлі мебель жасауға болады. Агрегаттау әдісі машина жасау және радиоэлектроникада кеңінен қолднаылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет