Дәріс№1 Тақрыбы: Кіріспе.Қазақстан Республикасында стандарттаудың негізгі бағыты мен тенденциясы. Құзыреттіліктер



бет7/64
Дата05.12.2022
өлшемі0,7 Mb.
#54991
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   64
Байланысты:
лекция

Параметрлік стандарттау
Параметрлік стандарттау - өнімнің параметрі дегеніміз оның қаситеттерінің сандық сипаттамасы. Ең негізгі параметрлер - өнімнің мақсаттық арналуын және пайдалану жағдайын айқындайтын сипаттамалары:

  • мөлшерлік параметрлер /киім мен етіктің мөлшері,ыдыстың сиымдылығы/;

  • салмақ параметрлері спорттық құралдардың жеке түрлерінің салмағы;

  • машина құралдардың өнімділігін сипаттайтын параметрлер /сепаратордың өнімділігі, көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығы/;

  • энергетикалық параметрлер /двигательдің қуаты т.б./.

Белгілі мақсаттағы яғни белгілі типтік өнім бірқатар параметрлермен сипатталады. Параметрлердің белгіленген мәндік жиынтығы параметрлік қатар деп аталады. Параметрлік қатардың тағы бір түрі мөлшерлік қатар болып табылады. Мысалы, маталарда мөлшерлік қатар мата енінің жекелеген мәндерінен, ыдыс-аяқта сиымдылықтың жекелеген мәндерінен тұрады. Бір типтік бұйымның /немесе материалдар/ әрбір мөлшері типтік мөлшер деп аталады. Мысалы қазіргі кезде ерлер киімінің 105, әйелдер киімінің 120 типтік мөлшері белгілінген.
Параметрлік стандарттау дегеніміз параметрлердің ыңғайлы номенклатурасы мен сандық мәнін таңдап, негіздеу болып табылады.
Бұл мәселе математикалық тәсілмен шешіледі. Мысалы киім мен етіктің мөлшерлік қатарын жасау үшін әртүрлі елді мекендерде /аудандарда/ тұратын, әртүрлі жастағы көптеген еркек, әйелдердің антропометрлік өлшемдері жүргізіледі. Алынған мәліметтер математикалық статистика әдісімен өңделеді.
Машина, құралдардың параметрлік қатары ұнамды сандар жүйесіне сәйкес, яғни геометриялық прогрессия бойынша өзгеріп отыратын сандар жиынтығы негізінен құрылады. Бұл жүйенің ерекшелігі кез келген есептеулер нәтижесінде алынған немесе ерікті шешім негізінде қабылданған емес, тек қана қатаң белгіленген математикалық заңдылыққа бағынатын параметрлер мәнін таңдау болып табылады. Бұл саладағы негізгі стандарт ГОСТ 8032 "Ұнамды сандар және ұнамды сандар қатары". Осы стандарт негізінде ГОСТ 6636 "Қалыпты сызықтық мөлшерлер" стандарты жасалған. Бұл стандарт сызықтың мөлшерлерін таңдауға арналған сандар қатарын белгілейді.
1-ші қатар R5-1,00; 2,50; 4,00;6,30;10,00 прогрессия алымы 51,6
2-ші қатар R10-1,00; 1,25; 1,60; 2,00; 2,50……. 101,25
3-ші қатар R20-1,00; 1,12; 1,25; 1,40; 1,60……. 201,12
4-ші қатар R40-1,00; 1,06; 1,12; 1,18; 125…….401,06
Аралықтағы сандар 1-10; R5 қатары үшін R10-10, R20-20, R40-40;
Техникалық негіздегі кейбір жағдайда ұнамды сандарды дөңгелектеуге болады. Мысалы, 1,06 санын 1,05; 1,12-ні 1,1; 1,18-ді 1,15 немесе 1,20-ға дейін дөңгелектеуге болады. Мысалы, 1,06 санын 1,05; 1,12-ні 1,1; 1,18-ді 1,15 немесе 1,20-ға дейін дөңгелектеуге болады.
Қайсы бір қатарды таңдағанда өнімнің тұтынушысы ғана емес дайындаушының да мүддесін ескеру қажет. Параметрлік қатардың жиілігі тиімді болу керек: Өте "нығыз" қатар тұтынушылардың /кәсіпорындардың, жеке сатып алушылардың қажеттілігін ең жоғары мөлшерде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бірақта өнімнің номенклатурасы шектен тыс кеңейеді, өндіріс ұсақтап өндірістік шығынды арттыруға әкеп соғады/.
Сондықтан R5 қатар R10-ға қарағанда ұнамдырақ R10-R20 –дан ұнамдырақ болып саналады.
Ұнамды сандар жүйесін қолдану белгілі типтік өнімнің параметрлерін сәйкестендіріп қана қоймай әртүрлі өнімдерді /детальдар, бұйымдар, көлік және технологиялық құралдар/ параметрлері бойынша өзара байланыстырады. Мысалы, машина жасаудағы стандарттау тәжірибесі көрсеткендей детальдар мен түйіндер қатары машиналар мен құрал жабдықтардың пареметрлік қатарына негізделуі тиіс.
Мұнда төмендегі ереже басшылыққа алынады: машиналардың пареметрлер қатары R5ке, детальдар мөлшерінің қатары R10, R10-ға- R20 т.с.с. сәйкес келуі тиіс.
Консерві банкаларының қабы және оларды тасымалдауда көлік құралдарын тиімді пайдалану үшін теміржол вагондары мен автомашиналардың жүк көтеру қатары, контейнерлер мен жәшіктер, жеке консерв қапшықтарының мөлшерік қатары сияқтылар R5 қатары бойынша алынуы ұсынылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет