Дәріс№1 Тақрыбы: Кіріспе.Қазақстан Республикасында стандарттаудың негізгі бағыты мен тенденциясы. Құзыреттіліктер



бет13/64
Дата05.12.2022
өлшемі0,7 Mb.
#54991
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   64
Халықаралық стандарттарды /ИСО/ стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым әзірлеп шығарады, оларға ұлттық стандарттар негізделуі тиіс, олар сондай-ақ халықаралық экономикалық қарым-қатынаста пайдаланады. ИСО-ның негізгі мақсаты-дүние жүзі бойынша стандарттаудың дамуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Бұл тауар алмасуды жеңілдетіп, интеллектуальдық, ғылыми-техникалық және экономикалық қызмет саласында жасалатын өзара ынтымақтастықты дамытады.
Бекітілгеннен кейін халықаралық стандартқа атауы беріліп, индексі, нөмірі және бекітілген немесе қайта қаралған жылы жазылады /мысалы: ИСО 9001-96/.
ҚР-да халықаралық стандартты қосмшасыз,өзгеріссіз қолдану немесе елдің өз ерекшелігіне сәйкес тиісті толықтыру енгізу арқылы қолдану ұйғарылған.
Стандарттау объектісінің ерекшелігіне байланысты стандарттар төменгі түрлерге бөлінеді:
Негізін қалаушы стандарттар ғылым, техника және өндірістің әртүрлі саласындағы өзара түсіністік, техникалық бірлік, іс қызметтік байланыстарды қамтамасыз ету мақсатында әзірленеді. Стандарттың бұл түрі ғылым өндірістегі ортақ мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған ұйымдастыру принциптері мен ереже, норма, талаптарды белгілейді. Бұл стандарттар өнім, немесе қызметті дайындау, құру, пайдалану кезінде қоршаған ортаны қорғау, өнім немесе процесстің адам өмірі мен денсаулығына және мүлкінің қауіпсіздігі, сондай-ақ қорларды үнемдеу, мемлекеттік стандарттарда көрсетілген жалпы техникалық нормалармен талаптардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында әзірленеді. Осы тұрғыдан алып қарағанда негізін қалаушы стандарттар кешенді болуы тиіс, яғни ортақ бағыттағы стандарттарды біріктіріп, өзара байланысты объектіге қойылатын ұйғарымды талаптарды белгілейді. Бұл стандарттар шын мәнінде әдістемелік сипаттағы, өзара байланысты нормативтік құжаттардың бірлігі болғандықтан, әртүрлі басқару деңгейінде қолданылатын стандарттарды бір-біріне және заңдарға қайшы болдырмау, ортақ мақсатқа жетуді және де өнім, процесс, қызметке қойылатын міндетті талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған ережелерді қамтиды. Негізін қалаушы стандарттарға мысалы, ҚР-ның мемлекеттік стандарттау жүйесін құру жөніндегі нормативтік құжаттар, біріккен конструкторлық құжат жүйесі /БҚҚЖ/, біріккен техникалық құжат жүйесі /БТҚЖ/ т.б. жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет