Өнім /қызмет/ стандарттары. Біртекті өнім /қызмет/ тобына немесе нақтылы өнім /қызмет/ тобына қойылатын талаптарды белгілейді. Өнім /қызмет/ стандарттарына мысалы, жалпы техникалық талаптар стандарттары, көрсеткіштер мен мөлшерлер стандарттары, конструкциялық үлгі, мөлшер, таңбалар, сорттар, қабылдау ережесі т.б. жатады.
Жалпы техникалық талаптар стандарттары
Біртекті өнім тобы үшін ортақ нормалар мен сапаның тиімділік деңгейін қамтамасыз ететін талаптарды белгілейді. Бұл сапалық деңгей өнімнің нақтылы түрлерін жобалау, дайындау кезінде анықталуы тиіс. Өнімнің түрлері мен арнауына байланысты оның физикалық-механикалық қасиеттеріне /беріктігі, қаттылығы, жұмсақтығы, төзімділігі т.б./, сенімділігіне, ұзақ мергімге пайдаланылуына, техникалық эстетикасына /бояуына, пайдалану қолайлылығына, өңделуіне т.б./, осы өнімді дайындау кезінде пайдаланылған алғашқы материал, шикізат, жартылай өңделген өнімге т.б. қойылатын талаптар белгіленеді. Жалпы техникалық талаптар стандарттары әдетте төмендегі бөлімдерді қамтиды:
жіктеулер, негізгі параметрлер немесе мөлшерлер;
сапа параметрлеріне қойылатын, тек қана міндетті болып табылатын және бақылауға жататын жалпы талаптар;
буып-түю, таңбалау және қауіпсіздік талаптары;
қоршаған ортаны қорғау талаптары;
өнімді қабылдау ережелері;
таңбалау, буып-түю, тасымалдау және сақтау ережелері;
- пайдалану, жөндеу және жою ережелері:
стандарт мазмұнында қайсыбір бөлімдердің болуболмауы стандарттау объектісінің ерекшелігі мен оған қойылатын талаптардың сипатына байданысты.
Параметр және /немесе/ мөлшерлер стандарттары
Негізгі тұтыну /пайдалану/ сипаты бойынша өнімнің параметрлік немесе мөлшерлік қатарларын белгілейді. Осыларға негізделе отырып өнімінің нақтылы үлгі, модель, маркасының жобалары жасалуы тиіс.
Бұл стандарттар өнеркәсіп тиімділігін арттыру, техникалық прогреске ықпал ету, өнімдердің даму болашағын ескеру тиіс. Мұндай стандарттарға, мысалы, "Ұнамды сандар және ұнамды сандар қатары ГОСТ 8032-84", "Негізгі өзара алмасымдық нормалары. Қалыпты сызықтық мөлшері" ГОСТ 6636-69 жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |