Дәріс№1 Тақрыбы: Кіріспе.Қазақстан Республикасында стандарттаудың негізгі бағыты мен тенденциясы. Құзыреттіліктер


Құрылымдық /конструкциялық/ және мөлшерлік үлгі стандарттары



бет15/64
Дата05.12.2022
өлшемі0,7 Mb.
#54991
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   64
Құрылымдық /конструкциялық/ және мөлшерлік үлгі стандарттары. Нақтылы үлгілік мөлшерлер мен модель т.б. әзірлеу кезінде детальдарды сәйкестендіру, өзара алмасуды қамтамасыз ету үшін бұйым топтарының құрылымдық атқарылуы мен негізгі мөлшерін анықтайды.
Құрылымдық үлгі және мөлшер стандарттарының талаптарын жүзеге асыру техникалық-экономикалық үлкен тиімділікке жеткізеді. Себебі сәйкестендіру және өзара алмасымдылықты қамтамасыз ету нәтижесінде бұйымды жобалау, жасау және игеру шығынын азайтатын мүмкіндік туады.
Маркалар стандарттары. Материал /шикізат/ түрлері мен олардың химиялық құрамын, кейбір жағдайда – негізгі тұтынушылық сипаттарын белгілейді.
Сортамент стандарты. Өнімнің геомериялық формалары мен мөлшерін белгілейді. Стандарттың мұндай түрлері әсіресе металлургия өнеркәсібінде кеңінен қолданылады.
Қабылдау ережісінің стандарттары. Өнімді сапасы мен саны бойынша қабылдау талаптарының бірлігін қамтамасыз ету мақсатында белгілі өнім тобын немесе түрін қабылдау тәртібін реттейді.
Таңбалау, буып-түю, тасымалдау және сақтау ережесінің стандарттары. Өнімнің негізгі сипаттамасы туралы тұтынушыға ақпарат беру мақсатында және буып-тұюдің техникалық эстетикасын ескеру үшін өнімді тұтынушылық таңбалауға қойылатын талаптарды нормалайды.
Пайдалану, жөндеу және жою ережелерінің стандарттары. Бұйымның жұмыс қабілетін қамтамасыз ететін, оның пайдалауына кепілдік беретін жалпы ережелерін белгілейді.
Процесс стандарттары. Өнімді жобалау, өндіру, тұтыну /пайдалану/,сақтау, тасымалдау, жөндеу, жою сияқты әрқилы сатыларында атқарылатын нақтылы процестерге қойылатын талаптарды белгілейді және де төменгі нормативтерді қамтиды:

Бұлар белгілі құрал, сайман, жабдықтар мен көмекші материал т.б. пайдалану барысында бақыланады. Экологиялық талаптар ерекше орын алады. Технологиялық операцияларды жүргізу кезінде технологияның табиғатқа әрқилы әсерінің ұйғарымды мөлшерін стандартпен нормалайды. Бұл әсерлер химиялық /зиянды химикаттарды тастау/, физикалық /радиациялық сәуле/, биологиялық /микроорганизмдермен залалдану/ және механикалық /бүліну/ сипатында және экологиялық тұрғыда қауіпті болуы мүмкін.
Экологиялық талаптар төмендегі мәселелерге қатысты болуы мүмкін:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет