Дәріс№1 Тақрыбы: Кіріспе.Қазақстан Республикасында стандарттаудың негізгі бағыты мен тенденциясы. Құзыреттіліктер


Стандарттың жобасын /бірінші редакциясын/ әзірлеу



бет22/64
Дата05.12.2022
өлшемі0,7 Mb.
#54991
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   64
Байланысты:
лекция

Стандарттың жобасын /бірінші редакциясын/ әзірлеу
Жұмыс тобы стандарттың жобасын дайындап оған түсініктеме жазады.
Стандарттың түсініктемесіне төмендегі мәліметтер енгізіледі:

  • стандартты әзірлеудің техникалық-экономикалық негізін келтіру;

  • стандарттау объектісінң сипаттамасы;

  • стандарт жобасының ҚР заңдарымен, техникалық регламенттерге, халықаралық /аймақтық/ нормаларға, ережелер мен ұсыныстарға, сондай-ақ шетелдердің ұлттық сандарттарына сәйкестігі туралы мәліметтер;

  • стандарт жобасының басқа нормативті құжаттар мен байланысы туралы мәліметтер және оларды қайта қарау, өзгертулер енгізу немесе жою жөніндегі ұсыныстар;

  • стандарт жобасын пікір алысу, келісу үшін, тарату туралы мәліметтер.

Ақпараттық көздер.
Стандарттау объектісінің патент тазалығы туралы мәліметтері. Техникалық комитет /әзірлеуші мекеме/ стандарт жобасының ҚР-мемлекеттік стандарттау жүйесінің стандарттары мен заң талаптарына сәйкестігін тексереді және оны түсініктемесімен бірге ТК мүшелеріне және мүдделі мекемелерге жібереді.
Стандарттың әзірленген жобасы және ол туралы мәлімет немесе аннотациясы мүдделі мекемелер мен шетелдік әріптестердің пікірлерін алу мақсатымен мемстандарттың шев-сайтына енгізуі керек.
Стандарт жобасы стандарттау объектісіне байланысты пікір алу үшін көбінесе стандартқа тапсырыс берушіге, мүдделі мекемелерге және қоғамдық ұйымдарға тапсырылады.
Кеілісім алу үшін: -тапсырыс берушіге;

  • өнім, процесс пен қызметті нормалау, олардың қауіпсіздігін бақылау міндетін жүктеген мемлекеттік бақылау ұйымына;

  • мемстандартқа;

  • қазақтың балалар тағамы және профилактикалық тамақтану академиясына;

  • стандарт жобасын әзірлеуге байланысты қайта қарау, өзгерту немесе жоюға жататын бір бірімен байланысты ұлттық техникалық регламент және нормативті құжаттарды әзірлеуші мекемелерге жіберіледі.

Мүдделі мекемелердің стандарт жобасына келісім беру, пікір дайындау мерзімі жобаны алған күннен бастап санағанда 1 айдан аспауы тиіс. Бұл уақыт ішінде пікір келтірмесе стандарт жобасы келісілген боп есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет