Стандарт жобасының соңғы редакциясын әзірлеу және оны бекітуге жіберу. Әзірлеуші-мекеме /ТК/ келтірілген пікірлерді ескере отырып стандарт жобасының соңғы редакциясын дайындайды.
Қажетті жағдайда стандарт жобасының соңғы редакциясы пікір алу, ұйғарылу үшін қайта таратады.
Стандарт жобасына келіспеушілік болған жағдайда әзірлеуші-мекеме оларды талқылау және шешу жұмысын ұйымдастырады.
Стандарт жобасына өнім қауіпсіздігін бақылайтын мемлекеттік ұйымдардың келісімі болмаса немесе келіспеушілік мәселесін шешу, мүмкін емес болса, стандарттың жобасы ұйғарылмайды.Келісімге қол жеткізу, мүмкін болса соңғы шешім шығару үшін мемстандартқа жібереді.
ТК немесе әзірлеуші-мекеме стандарт жобасының түбегейлі редакциясын қарап, бекіту үшін оның екі данасын /мемлекеттік және орыс тілінде/ Мемстандартқа жібереді. Олардың бірі әзірлеуші-мекеменің бастығы қол қойған хатпен жіберілген алғашқы нұсқасы болуы керек.
Стандарт жобасына қосымша ретінде өнімнің үлгісі, көлемі үлкен заттың чертежі /қажеттілік жағдайда/ немесе суреті және төмендегі құжаттар бір данадан жіберіледі.
стандарттың электрондық нұсқасы;
стандарт жобасына түсініктеме қағаз;
мемстандарттан белгіленген форма бойынша пікірлер жиынтығы;
стандарт жобасының ұйғарылымын растайтын негізгі құжаттар жиналыс хаттамалары;
стандарт жобасының түбегейлі редакциясын қараған жұмыс тобының жиналысының /ол жүргізілген болса/ жұмыс хаттамасы;
қабылдау комиссиясының /дегустация комиссиясының көркемдік-техникалық кеңестің/жиналыс хаттамасы немесе өнімді сынау /қажетті жағдайда/ актісі.
Стандартты бекіту және мемлекеттік тіркеу Мемстандарт стандарт жобасын қарап шығып оны бекіту, толықтыру үшін қайтару немесе жұмыс кестесінен алып тастау туралы шешім қабылдайды.
Стандартты бекітуден бұрын мемстандарттың республикада қолданылатын заңдардың талаптарына, техникалық регламенттерге, мемлекеттік стандарттау жүйесінің стандарттарына, өзара байланысты мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық, аймақтық және шетелдердің ұлттық стандарттарының талаптарына, метрологиялық ережелер мен нормаларға, қолданылып жүрген терминологияға, стандарттарды құру және баяндау /жазу/ ережелеріне сәйкестігін тексереді.
Мемлекеттік стандарттар Мемстандарттардың қаулысымен бекітіліп, күшіне енеді.
Негіз қалаушы /ұйымдастыру-әдістемелік/ және жалпы техникалық стандарттар, қабылдау ережелері, бақылау тәсілі, буып-түйю, таңбалау, тасымалдау және сақтау стандарттарын бекіткенде қолдану мерзіміне шек қойылмайды, тексеру уақыты көрсетіледі.
Өнімдер мен технологиялық процесстер, қызметтер жөніндегі мемлекеттік стандарттарды өнім мен технологияны жаңарту уақытын ескере /көрсете/ отырып шектеулі /5 жылдан артық емес/ мерзімге бекітеді.
Стандартты күшіне енгізу күні оны бекіткен кезден кемінде бір жылдан кейін болып белгіленуі керек. Алайда кәсіпорын, мекемелер қолдануға дайын жағдайда болса бекітілген стандартты басқа кез келген күні күшіне енгізуге болады, бірақ бекітілген және тіркеуге алынған күннен бұрын емес.
Барлық бекітілген мемлекеттік стандарттар мемстандарттан белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік стандарттардың Мемлекеттік тізіміне енуі /тіркелуі/ тиіс.
Қажет болған жағдайда Мемлекеттік стандарттар әзірлеуші-мекемеге толықтап жетілдіру үшін қайтарылады немесе әзірлеуден алынып тасталады.
Әзірлеуден алыну себептеріне:
стандарттың жобасы ҚР-да қабылданған стандарт және техникалық регламенттердің міндетті талаптарына сай келмеу;
стандартты әзірлеу кезінде пайда болған келіспеушілікті шешу мүмкін емес болса;
қолданыстағы мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттардың талаптары қосарлану /егер әзірлеу үстіндегі стандарт жобасында республика аумағында олардың қызметін тоқтату көрсетілмеген болса/ сияқты себептер жатуы мүмкін.
Мемстандарт бекітілген мемлекеттік стандарттар туралы мәліметті ай сайын шығатын "Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты" ақпараттық нұсқауына /ҚР СТАН/ жариялап отырады.
Бекітілген мемлекеттік стандарттар мемстандарттан белгіленген тәртіп бойынша басылып, таратылады.