Жобаны стандарттау. Жұмыстың соңғы кезеңінде стандарттаудың өзінің яғни сәйкестендірілген жоба негізінде нормативті құжатын әзірлеу жүзеге асырылады.
Жоғарыда айтылған механизамдерді негізге ала отырып стандарттаудың төмендегідей анықтамасын беруге болады. Стандарттау-белгілі бір сала бойынша нақтылы және әлеуметті мәселелерге қатысты ережелерді жалпылай және көп мәрте пайдалану үшін оңтайлы дәрежеде реттеуге /тәртіпке келтіруге / бағытталған іс қимыл.
Халықтың қажетін қамтамасыз ету үшін тұтыну тауарын стандарттаудың маңызы ерекше. Тауардың құрамын нормалау сапалық деңгейін бағалау әдістерін белгілеу, сақтау, тасымалдау жағдайын стандарттау- тұтынушыны сапалы тауармен қамтамасыз ете отырып тұтыну бұйымдарының тиімді түрлерін анықтап, тиімсіз түрлерін болдырмау, тауардың өзара алмасушылығы мен біртұтастығын қамтамасыз ету мүмкіндігін тудырады.
Стандарттауға әрі тәжірибелік іс қызмет, әрі ғылым және әрі басқару жүйесінің элемені ретінде қарауға болады. /1 сурет/
Стандарттаудың негізгі мақсаттары:
өнім, жұмыс және қызметтің мемлекет мүддесі мен қоршаған орта және адам денсаулығына қауіпсіздінгін қамтамасыз ету;
техникалық және ақпараттық үйлесімділік пен өзара алмасу талабын жүзеге асыру/;
ғылым мен техника жетістіктеріне сәйкес өнім сапасын жоғарылату арқылы тұтынушы талабын қанағаттандыру/;
еңбек және материалдық қорларды үнемдеу, өндірістің экономикалық көрсеткштерін жасқарту;
өндіріс пен саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің халық аралақ және ішкі рыноктағы бәсекелестік қабілетін арттыру;
өлшемнің біркелкілігін қамтамасыз ету;
мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен жұмылдыру дайындығын күшейту.
табиғи және техногендік апаттың әсерінен пайда болуы мүмкін залалдан шаруашылық объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Стандарттау жұмысының нәтижесінде өнім, жұмыс, қызметтің тиісті мақсатқа сәйкестік дәрежесін арттырып, саудадағы кедергілерді жоюға және ғылыми техникалық ынтымақтастыққа ықпал етуге жағдай жасалады. Сондай-ақ стандарттаудың нәтижесін экономиканың салаларына негізу аз шығын жасау, жоғары сапалы өнім алу, шикізат пен материалдық қорларды тиімді де үнемді пайдалануға мүмкіндік береді.