Өндірістік технология тағы басқа ұйымдық әдістемелік және жалпы техникалық сипаттағы объектілер. Сондай-ақ стандарт кез келген объектінің белгілі бір бөлігімен /жағымен/ шектелуі де мүмкін, Мысалы аяқ киімнің мөлшері /размер/ мен беріктігі өз алдына жеке стандартталуы мүмкін.
Стандарттаудың қағидалары Стандарттаудың негізгі принциптері мыналар: Жариялық. Стандарттау жұмысы ашық түрде жүргізілуі тиіс, яғни құпия болмауы керек /мемлекеттік қорғаныс, қауіпсіздік саласынан басқа жағдайда/
Стандарт жобасын талқылау, баспаға жариялау, пікір қайшылығын болдырмау жұмыстары турашылдықпен жүзеге асырылуы тиіс.
Барлық мүдделі жақтардың қатысуы Нормалау жұмыстарына әркімнің де қатыса алатынын мүмкіндігі болуы. Өндіріс, сауда орындары, ғылыми және мемлекеттік мекемелер мен тұтынушы қауым стандарттарының енгізілуіне жәрдем етуі тиіс.
Қайшылықсыз болу. Жобаны талдау арқылы қайшылықтарды анықтап, оны жою шараларын қолдануға күш салатын бейтарап бақылау мекемесі құрылуы тиіс.
Келісімділік. Стандарттар техникалық тәжірибенің нақты болмысы мен даму деңгейін айқын көрсетуі тиіс. Стандарт мазмұны өзара түсіністік тұрғысында, ортақ көзқарас, ортақ келісім жолымен анықталуы тиіс.
Техниканың даму деңгейіне бағыттау. Стандарт мазмұнының табиғи білім шеңберіне сәйкесуі, қолданудың техникалық мүмкіндігін пайдалану.
Экономикалық тиміділікке бағыттау Стандарт жобасы бүкіл қоғам үшін экономикалық тиімділікке бағытталуы тиіс.
Ортақ пайдаға бағыттау. Стандарт қабылдаудың негізгі мақсаты ортақ пайдаға жету, ортақ пайда жеке кәсіпорын, жеке тұлғаның мүддесінен жоғары тұруы тиіс.
Интернационалдық принцип. Стандарт саудадағы техникалық кедергілерді жоюға, халықаралық ынтымақтастыққа бағытталуы тиіс.