Дәріс№1 Тақрыбы: Кіріспе.Қазақстан Республикасында стандарттаудың негізгі бағыты мен тенденциясы. Құзыреттіліктер


Стандарттаудың маңызы мен мақсаты



бет3/64
Дата05.12.2022
өлшемі0,7 Mb.
#54991
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
лекция

Стандарттаудың маңызы мен мақсаты
Мамандарға қызмет барысында тұрақты қайталанып отырған мәселелерді шешуге тура келеді. Мысалы өнімнің санын өлшеу және есептеу, басқару және техникалық құжаттарды дайындау, технологиялық іс әрекеттердің өлшемдерін анықтау, дайын өнімді тексеру өткізетін, өнімді буып-түю т.с.с. Бұл мәселелерді шешудің әртүрлі нұсқалары болады. Стандарттаудың мақсаты-неғұрлым дұрыс және тиімді нұсқасын айқындау яғни қолайлы шешімін табу. Табылған шешім стандарттаудың белгілі саласы бойынша көзделген мәселені тиімді тәртіпке келтіру мүмкіндігін береді. Бұл мүмкіндікті іс жүзіне асыру табылған /жасалған/ шешімді көптеген кәсіпорындардың /мекемелердің/ және мамандардың игілігіне жарату қажет. Бұл шешімді тек қана жаппай және жиі пайдалану нәтижесінде ғана экономикалық тимділікке қол жеткізуге болады.
Стандарттауды төрт кезеңге бөліп қарауға болады:
Стандарттау нысаны объектісін таңдау.
Әр мекемеде бұйрық, баяндама іс қағаздарымен бірге белгілі құжаттар жиынтығы қолданылады. Бұлардың біразы тұрақты түрде дайындалады, кейбіреуі бір мәрте жазылады. Қайталанатын объектілер стандарттау объектісі болып саналады.
Стандарттау нысанын жобалау.
Мұнда стандарттауға материалдық зат ретінде объектінің өзі емес ол туралы ақпарат алынады. Яғни объектінің белгілері мен қасиеттері немесе абстрактылы жобасы. Мысалы ұйымдастыру – реттеу құжаттарының белгілеріне реквизиттің құрамы, мекеменің атауы, құжаттың аты, реквизитті рәсімдеу түрі, құжатқа оның есебі мен пайдаланумен, сақтауға қойылатын талаптар, құжаттың мазмұны, орналасқан жері қамтылады.
Жобаны оңтайландыру
Әртүрлі мекемелерде объектіні яғни құжатты атқару ісіне асыру нұсқалары әртүрлі болуы мүмкін. Әсіресе реквизиттің құрамы, оны рәсімдеу арқылы, пайдаланылатын бланк әртүрлі болады. Сондықтан стандарттаушы маманының мақсаты реквизит құрамының ең жақсы нұсқасын, бланктың тиімді формаларын, рәсімдеудің қажетті деңгейін таңдап алу арқылы құжатты сәйкестендіру болып табылады. Оңтайлы шешімге жалпы ғылыми әдістер мен стандарттау әдістері арқылы қол жеткізуге болады. Нәтижесінде стандарттау объектісінің тиімді моделін жасауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет