Стандарт, техникалық шарттарды әзірлеу, бекіту, қайта қарау тәртібі Стандарттарды әзірлеу тәртібі стандарттарды әзірлеу жұмысы ҚР СТ 1.2.-2002 "ҚР МСЖ". Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу тәртібі бойынша жүргізіледі.
Стандарттардың жобасын әзірлеу жұмыстарын Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарттау жұмыстары, техникалық комитеттің жұмыс бағдарламасы /жоспары/ және стандарттар әзірлеу туралы келісімдері бойынша немесе ынталы түрде стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер /ТК/, мемлекеттік басқару ұйымдары, басқа да заңды тұлғалар атқарады. Мемлекеттік стандарттау жопарына енгізілген стандарттар туралы ақпарат мемстандарттардың Шев сайтына енгізілуі тиіс.
Стандартты әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасында күші бар заңдар, мемлекеттік стандарттау жүесінің стандарттары, техникалық регламенттер, мемлекет үшін қажетті халықаралық, аймақтық, шетелдік, ұлттық стандарттар басшылыққа алынуы керек.
Стандарттарды әзірлеу кезінде ғылыми-зерттеу, тәжірибелік –конструкторлық, тәжірибелік-технологиялық, жобалау жұмыстарының нәтижелері және басқадай отандық және шетелдік ғылым, техника және технология жетістіктері туралы ақпараттар пайдаланылады.
Ұйымдастыру -әдістемелік бірлігін және стандарттарды қолдануға өз уақытында дайын болу үшін жағдай жасау мақсатында стандарттар әзірлеудің төмендегі тәртібі ескеріледі;
1 саты-стандартты әзірлеу жұмысын ұйымдастыру
2 саты-стандарт жобасын әзірлеу /бірінші редакция/ және оны қарау, ұйғару үшін тарату.
3 саты-стандарт жобасының соңғы редакциясын жасау және бекітуге жіберу.
4 саты –стандартты бекітіп, мемлекеттік тіркеуден өткізу.
5 саты стандартты басып шығару, әртүрлі сатыларды өзара біріктіруге немесе қосымша сатылық енгізуге болады.
Стандарттардың құрылымы, баяндалуы, рәсімделуі, мазмұны және белгіленуі ҚР СТ 1,5 ке сәйкес болуы тиіс.
Мемлекеттік стандартты әзірлеу жұмысын ұйымдастыру: Стандартты әзірлеу алдында дайындық жұмыстарымен қатар Мемлекеттік стандарттың өкілетті мекемесіне өтініш беріледі. Қажетті жағдайда стандартты ынталы түрде әзірлеуге болады. Ұсақ жұмысты қабаттастырмас үшін стандарт әзірлеу туралы мәлімет Мемстандартқа жіберілуі тиіс.
Өтініш ҚР аумағында орналасқан Мемлекеттік басқару ұймымдары, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер, басқа да заңды және жеке тұлғалар бере алады.
Өтінішті даярлау және қарау, мемлекеттік стандарттау жұмыстарының жоспарын әзірлеу ҚР СТ 1.7-сәйкес атқарылады. Өтінішке стандарт әзірлеудің қажеттілігі мен себептері жазылады. Сонымен қатар өтінішке стандарттартың жобасы немесе стандарттар әзірлеудің техникалық тапсырмасы қосымшаланады.
Техникалық тапсырмада стандартты әзірлеу кезеңдері мен олардың орындалу мерзімі; стандарттың бөлімдері және стандарттауға белгіленген объектінің негізгі сипаттары мен көрсеткіштері; стандартпен бірге берілетін құжаттардың тізімі; стандарт жобасын қарау немесе ұйымдастыру үшін жіберетін мемлекеттік басқару ұйымдары мен мекемелердің тізімі нормалары үйлестірлуі тиіс халықаралық сәйкес стандарттар тізімі, тапсырушының басқа да талаптары жазылады.
Мемлекеттік қажеттілік үшін әзірленетін стандарттар ҚР-ның "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңы бойынша конкурстың негізінде дайындалады.
ТК /әзірлеуші мекеме/ стандарт жобасын әзірлеу жұмыстарын ұйымдастырғанда, жобасын әзірлеуге қатысатын мүдделі жақтардың өкілдерінен құралатын жұмыс тобының құрамын анықтайды. Бұл топқа алдыңғы қатарлы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық ұйымдар мен жоғары оқу орындары енгізілуі керек. Бекітілген бағдарлама, жоспар және келісімдерге сәйкес жұмыстың атқарылу мерзімін стандартты әзірлеу кезеңдерімен жеке- жеке анықтайды.