Дәріс№1 Тақрыбы: Кіріспе.Қазақстан Республикасында стандарттаудың негізгі бағыты мен тенденциясы. Құзыреттіліктер


Стандартты тексеру және қайта қарау



бет25/64
Дата05.12.2022
өлшемі0,7 Mb.
#54991
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   64
Байланысты:
лекция

Стандартты тексеру және қайта қарау. Стандартты тексеру жұмысын ережеге сәйкес, стандартты әзірлеуші-мекеме ҚР-ның мемлекеттік стандарттау жоспары бойынша 5 жылда кемінде бір рет жүргізеді.
Тексерудің нәтижесінде стандарттың ғылыми техникалық деңгейі тапсырыс берушілердің талаптарына, қолданыстағы заңдарға, мемлекеттік стандарттау жүйесінің стандарттарына, қолданыста жүрген өзара байланысты мемлекеттік, мемлекет аралық, халықаралық стандарттарға, Қазақстан Республикасына керекті шет елдердің ұлттық стандарттарына қаншалықты сай келетініне баға беріледі.
Тексеру қорытындысы бойынша акт жасалады. Онда стандарттың қолдану мерзімін ұзарту, өзгерістер енгізу, стандартты қайта қарау немесе жою туралы әзірлеушінің нұсқаулары жазылады.
Тексеру актісі жұмыс тобының жиналысында қаралады немесе стандартқа бұрын келісім берген мүдделі мекемелердің атына жіберіледі. Тексеру актісі жөніндегі кәсіпкершілік стандарт жобасы тұрғысындағы тәртіп бойынша шешіледі.
Стандартқа тексеру жүргізген мекеме ұйғарылған тексеру актісін екі дана етіп Мемстандартқа бекіттіруге жібереді.
Стандартты қайта қарау кезінде қолданыстағы өз күшіндегі стандарттың орнына жаңа стандарт әзірленеді. Яғни бұрынғы күші бар стандарт жойылады, ал жаңа стандартқа ол қандай стандарттық орнына жүретіндігі көрсетіледі.
Стандартты қайта қарау жұмысы жаңа да жоғарғы озық талаптардың туындауы кезінде жүргізіледі. Бірақ бұл талаптар жаңа өнім мен өз күшіндегі стандарт бойынша жасалған өнімнің өзара алмастыру қасиетіне, және де өнім сапасының негізгі көрсеткіштеріне нұқсан келтірмеуі тиіс. Белгілі бір өнімнің стандартын қайта қарау кезінде егер негізгі бұйымды шығару тоқтатылған болса, сонымен қатар пайдалану үстіндегі өнімге қосалқы бөлшек дайындау, ремонт жасау қажет болса әзірлеуші өз күшіндегі станадартқа өзгерту жобасын дайындайды.
Өзгертуге ол стандарттың қолданылу аясын шектеп көрсетеді: "Бұл стандарт тек қана пайдалану үстіндегі бұйымдардың қосалқы бөлшектерін жасау және оларды жөндеу үшін қолданылады". Алайда стандарттың тіркелу номері сақталады. Егер стандарттың қолдану /күші бар/ мерзімі шектеулі болса ол шектеу алынып тасталады.
Стандартты қайта қарау кезінде өзара байланысы бар стандарттарды қайта қарау, өзгерістер енгізу немесе жою туралы ұсыныстар дайындалады.
Стандартты жою
Стандартты жою сол стандарт бойынша өндірілетін өнімнің /қызмет көрсету, процессерді атқару/ шығарылуын тоқтату негізінде, сондай-ақ стандарттың орнына басқа нормативті құжат әзірленгенде немесе халықаралық стандартты тура қолданған жағдайда жүзеге асады.
Стадартты жою қажет болғанда әзірлеуші стандартты жою туралы ұсынысын мемстандартқа жібереді және оның орнына қандай құжат жүру керектігін немесе стандартты ауыстырмай-ақ жою туралы мәлімдейді. Стандартты жою мемстандарттың бұйрығымен жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет