Стандартты тексеру және жаңарту жұмыстары елдің қорғаныс қабілеті мен экономикалық және қажеттілігі бойынша халықаралық стандартқа сәйкес атқарылады.
Әзірлеуші стандартты жаңарту жөнінде заңды және жеке тұрғыдан соның ішінде мемлекеттік өнім қауіпсіздігін бақылау ұйымдарынан түскен ұсыныстарға талдау жасап,жинақтап қорытады.
Мүдделі заңды және жеке тұлғалар ұсыныс ретінде өзгерту жобасын немесе қайта қараған стандарт жобасын келтіруге болады.
Әзірлеуші-мекеме түскен ұсыныстарды ескере отырып стандарт жобасын /стандартқа кіретін өзгерістер/ немесе стандартты қайта қарау немесе жою туралы ұсыныс пікірін Мамстандартқа келтіреді.
Мемстандарт стандартты жою туралы шешімді мүдделі мекемелердің ұсынысы бойынша жасайды.
Стандартқа өзгертулер енгізу.Стандартқа өзгерістер енгізу, соның ішінде стандарттың мерзімін ұзарту, шектеу немесе шектеулі уақытын алып тастау, сондай-ақ стандарттың күшін қалпына келтіру немесе жою ісәрекеттері өзгертулер түрінде рәсімделеді.
Егер қолданыстағы күші бар стандарт талаптарына тексеру жүргізіліп, оның деңгейі ҚР-ның экономикалық қажеттілігі мен тапсырыс берушілер тобына сәйкес екені анықталса, онда өзгертулер рәсімделмейді, ал мемлекеттік стандарттың мерзімін ұзарту мемстандарттың қаулысымен жүзеге асады және бұл туралы Мемстандарттық Мемлекеттік реестріне арнаулы жазба енгізіледі.
Стандартқа енетін өзгерістер стандарттың жеке талаптарын ауыстыру, толықтыру немесе алып тастау, мемлекеттік стандарттың күшін қалпына келтіру немесе шектеу мақсатымен жасалады.
Егер енгізілген өзгерістер мәтінінің көлемі мемлекеттік стандарт көлемінің 50%-нен асып кетсе, онда бұл стандарт қайта қаралады немесе өзгертулер бекітілгеннен кейін дереу қайта басылуы тиіс.
Стандартқа өзгертулер жаңа да жоғары талаптарды енгізу және халықаралық нормалар мен талаптарға үйлестіру мақсатында әзірленеді. Алайда бұл талаптар өзара алмасу жаңа өнім бұрынғы өз күшіндегі стандарт бойынша жасалған өнімнен сәйкестікте болу, сондай-ақ халықаралық жүйелердің талаптарын бұзбауы тиіс.
Редакциялық және /немесе/ сілтемелік сипаттағы өзгерістер өнім қызмет сапасының талабына ауыстыру /толықтыру, алып тастау/ жағдайында өзгерістер әзірлеген кезде, сондай-ақ Республикада күші бар техникалық регламенттер, халықаралық /аймақтық/ стандарттар, нормалар мен ережелер, нұсқаулар және шетелдердің ұлттық стандарттарын қолдануға байланысты өзгерістер енгізу кезінде ескеріледі.
Өз күшіндегі мемлекеттік стандартқа енгізу үшін дайындалған өзгерістер жобасы немесе аннотациясы пікір алу үшін ҚР-ның мемстандартының мамандандырылған баспасында басылады.
Өз күшіндегі стандартқа енгізілетін өзгерістерді әзірлеген кезде өзара байланысты стандарттар мен құжаттарға кіретін өзгерістер қатар дайындалады.
Егер өзгерістер жобасы мемлекеттік стандартты ұлғайтушы мекемелердің қызметтік талаптарына қатыссыз болса, онда олардан келісім алмай-ақ қоюға болады.
Стандартқа енгізілетін өзгерістер жобасын бекітіп, тіркеу үшін мемстандартқа екі дана /мемлекеттік және орыс тілінде/ жіберіледі, олардың бірі алғашқы данасы болуы керек.
Стандартқа енгізілетін өзгерістер жобасымен бірге бұл жобаның ұйғарылуын растайтын нақтылы құжат жіберілуі тиіс.
Өзгерістер Мемстандарттың қаулысымен бекітіліп, күшіне енеді. Бекітілген өзгерістер мемлекеттік стандарттың мемлекеттік реестіріне енгізіледі. Енгізілген әрбір өзгеріске мемстандарт реттік номер береді және өзгерістер күшіне енген күні көрсетіледі, бірақ ол күн өзгеріс бекітілен күннен кейінгі 6 айдан бұрын болмауы керек.
Стандарттың қолдану мерзімін ұзарту, шектеу немесе шектеуді алу жөніндегі ұсыныс мемстандартқа стандарттың қолдану мерзімі аяқталардан 6 ай бұрын жіберіледі.
Мемлекеттік стандартқа енгізілетін өзгерістердің бекітілгені туралы мәлімет, өзгерістің мәтіні, сондай-ақ стандарттың мерзімін ұзарту, шектеу, шектеуді алу немесе стандарттың күшіндегі мерзімін қалпына келтіру туралы мәлімет мемстандарттың ай сайын шығаратын "Қазақстан Республкасының мемлекеттік стандарттары" деген ақпараттық нұсқауға басылып тұрады.
Ақпараттық нұсқауда жарияланған стандарттың өзгеруі /жойылуы/ туралы мәліметке байланысты басқа стандарттар мен нормативті құжаттардағы жасалатын тиісті сілтемелерді өзгертудің негізі болып табылады.