Техникалық шарттарды әзірлеу, бекіту, тіркеу тәртібі. Техникалық шарт /ТШ/- бұл нақтылы өнімге қызметке арналып жасалған, және тапсырыс берушінің /тұтынушының/ келісімі бойынша әзірленген мекеме өзі бекіткен нормативтік құжат.
Техникалық шарттар стандарттары жоқ нақтылы өнімдер мен қызметтерге әзірленеді немесе өнімнің техникалық деңгейін көбейту үшін және стандартта белгіленген талаптарды толықтыру үшін әзірленеді.
Егер өнімді шығарғанда төмендегі құжаттар пайдаланған болса онда тапсырыс берушінің келісімі бойынша ТШ-әзірлемеуге болады. Олар:
жекелеген өнім үшін техникалық тапсырма;
біртұтас бұйымның құрамдас бөліктері үшін конструкторлық құжаттар;
ары қарай өңдеуге арналған заттар, материалдар мен жартылай фабрикаттар ұшін техникалық құжаттар;
азық түлік, әсемдік тауарлар /күрделі техника мен тұрмыстық химиядан басқа / үшін үлгілік эталон және үлгілік техникалық сипаттама;
тек қана экспортқа арналған өнім үшін келісім шарт
ТШ-ты әзірлеу кезінде оған қойылатын талаптар сол өнімге қатысты стандарттардың міндеті талаптарынан төмен болмауы керек, және алғашқы өнімнің СТ және ТЖ талаптары мен қауіпсіздік нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
ТШ-ды әзірлеу төмендегі тәртіппен жүргізіледі:
ТШ-ты әзірлеуге тапсырыс алу;
ТШ-тың жобасын әзірлеу;
ТШ-тың жобасын келісу;
ТШ-тың жобасын бекіту және тіркеу;
ТШ-ты басу /көшіру/;
Әзірлеуші мекеме ТШ-ты міндетті түрде мыналармен келісуі керек:
өнімді дайындаушы мекемемен /егер ол ТШ-ты әзірлеуші емес болса;
негізгі тұтынушы немесе тапсырушымен /егер олар бар болса;
ал қажет болаған жағдайда:
ҚР денсаулық министрлігімен белгіленген тәртіпке сәйкес санитарлық-эпидемиялогиялық қызмет органдарымен;
ҚР құрылыс министрлігімен /құрылыс индустриясы өніміне;
ҚР Мем-тік заңды техникалық қадағалау /Гостехнадзор/ мекемесімен;
Еңбек министрілігімен;
Көлік министрілігімен.
Техникалық шарттарды министрліктер /мекемелер/, концерндер, кәсіпорындар, өндірістік және ғылыми өндірістік бірлестіктер, фирмалар, қауымдастықтар, ұжымдар мен кіші кәсіпорындар бекітеді. ТШ-тың түпнұсқасын оны әзірлеу кезінде әзірлеуші, өнім өндіру кезінде-өндіруші /дайындаушы/ кәсіпорын өзінде ұстайды. ТШ-тан көшірме түсіру құқығы тек қана түпнұсқаны ұстаушығы беріледі.
ТШ-тың күшінде болу мерзімі тапсырыс берушінің келісімі бойынша белгіленеді. ТШ, оған енгізілген өзгертулер, ТШ-ты жою, қалпына келтіру туралы шешімдер әзірлеуіші-мекеменің жергілікті СТ-тау органдарында міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.
Төмендегі өнімдердің ТШ-тары мемлекеттік тіркеуден өткізіледі: көркемөнер бұйымдары мен сувенирлер /қымбат бағалы метал мен тастардан жасалған бұымдардан басқа/;
шикізат, материал, жартылай фабрикаттардың техникалық өндірістік қалдықтары;
Кәсіпорын өз бетімен дайындамайтын /өндірмейтін/ немесе бір ғана кәсіпорынның тура тапсырысы бойынша дайындалған бұйымның құрамдас бөліктері, жартылай фабрикат, заттар мен материалдар.
ГОСТ 2.602-68 бойынша жасалған, өндірістік мақсаттағы машина, құрал жабдықтарды жөндеудің ТШ-ры және жекелеген өнімдері;
ТШ-тардың белгілеулерін оларды бекіткен мекеме немесе мемлекеттік тіркеу органы береді. Ол белгілеулер мыналардан тұрады:
а/ министрлік /мекеме/ бекіткен ТШ-тар үшін;
құжаттың /ТШ-тың/ индексі;
министрліктің /мекеменің/ шартты сандық белгісі;
Қазақстан Республикасының қысқаша атауы /ҚР/;
Салалық бағынастылығы жөніндегі шартты сандық белгілер /сала ішінде бөлінетін болса/;
тіркеудің реттік нөмірі;
бекітілген немесе қайта қаралған жылдың соңғы екі цифрі.
Мысалы: ТШ 200 ҚР-150-96
ТШ 10 ҚР – 17-105-92
б/ кәсіпорын, қауымдастық, ұжымдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер бекіткен ТШ-тар үшін:
құжаттың /ТШ-тың/ индексі;
әкімшілік бірлігінің /аймақ, қала/ шартты цифр белгісі;
Қазақстан Республикасының /ҚР/ қысқартылған атауы;
өндірістік мекемелер мен ұйымдар жіктегішінің коды;
мекеме, ұйымдардың әріптік белгілері:
"К" кіші кәсіпорын;
"БК" бірлескен кәсіпорын;
"Қ" қауымдастық;
"Ұ" ұжымдық мекеме /ұйым/;
"ЖШС" жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
тіркеудің реттік нөмірі;
бекітілген немесе қайта қаралған жылдың соңғы екі цифрі.
Мысал: ТШ 650 ҚР 1352545 К-01-96
ТШ 645 ҚР 1016385 БК-03-98
Мемстандарттың аумақтық ұйымына мемлекеттік тіркеуге мыналар тұра алады:
бекітілген тәртіп бойынша бекітілген ТШ-тар, /түптеліп, қалыптасқан/ немесе оларға өзгертулер /екінші нұсқа және екі көшірме/;
өнімнің үлгісі, жалпылай бейнесінің сызбасы /қажетті жағдайда/ немесе ірі тұлғалы бұйымның фотосуреті.
Тіркеуге алынғаннан кейін тіркеу мекемесі ТШ-тың екінші нұсқасы мен көшірмесін және өнімнің келтірілген үлгісін әзірлеушіге қайтарады. Екінші көшірме ҚР Мемстандарттарттың ақпараттық-анықтама қорына жіберіледі.