float(нақты);double(екі еселенген нақты).
Алғашқы төрт тип бүтін сандық(бүтін) типтер деп,соңғы екеуі – жылжымалы нүктелі типтер деп аталады. Компилятордың бүтін шамаларды өңдеу үшін жасайтын кодтары жылжымалы нүктелі сандарды өңдеу кодтарынан басқаша болады.
Стандартты типтердің мәндерін бейнелеу диапазонын анықтау үшін төрт тип спецификаторы қолданылады, олар:short(қысқартылған);long(ұзартылған);
signed (таңбалы);unsigned(таңбасыз).
Бүтін тип (int) int типінің көлемі стандартпен анықталмайды, ол компьютерге және компиляторға тәуелді болады. 16-разрядтық процессор үшін оған 2 байт берілсе, 32-разрядты процессорда – 4 байт бөлінеді.
Тип алдындағы short спецификаторы компиляторға процессор разрядтылығына қарамай-ақ, бүтін санға 2 байт бөлінетінін білдіреді. long спецификаторы бүтін сан үшін компьютер жадынан 4 байт орын бөлінетінін хабарлайды. Сонымен, 16-разрядты компьютер үшін intжәнеshort int типтері бірдей болса, ал 32-разрядты компьютерлерде – int және long int типтері бірдей болып табылады. Signed спецификаторын пайдаланғанда, санның ең жоғарғы биті санның таңбасын (0 – оң сан, 1 – теріс сан) көрсетеді. Unsigned спецификаторы тек оң сандарды бейнелейді, өйткені оның жоғарғы разряды да санның коды болып қарастырылады. Сонымен, int типті мәндердің диапазоны спецификаторға байланысты өзгеріп отырады екен. IBM PC тәрізді компьютерлер үшін әр түрлі спецификаторы бар бүтін типті шамалардың өзгеру диапазоны 1.4 кестеде келтірліген.Алдын ала келісім бойынша барлық бүтін санды типтер таңбалы болып саналады, яғни signed спецификаторын жазбаса да болады.
Символдық тип (char) Символдық типке компьютердегі кез келген символды бейнелей алатын бір байт көлемі алынады, char типі басқа бүтін сандық типтер секілді таңбалы немесе таңбасыз түрде болады. Таңбалы шамаларда мәндері -128 бен 127 аралағындағы диапазон сақталады. Ал unsigned спецификаторы 0 мен 255 аралығындағы мәндерді сақтай алады. Бұл 256-символдық ASCII кодтар жиынының кез келген символын бейнелеуге толық жарайды. char типі осы сандар диапазонынан аспайтын бүтін сандарды сақтау үшін де пайдаланылады.