Дәрістер 1-2 лекция. С тілінде программалау негіздері. Программа құрылымы


Кеңейтілген символдық тип (wchar_t)



бет7/49
Дата18.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#75374
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49
Байланысты:
Программирование лек 2

Кеңейтілген символдық тип (wchar_t)
wchar_t типі бір байттан асатын символдар жиынын кодтау үшін қолданылады, мысалы, Unicode символдары. Бұл типтің көлемі компьютерге байланысты болып келеді де, көбінесе short типіне сәйкес келеді. wchar_t типіндегі тіркестік константалар L әрпінен басталып жазылады, мысалы, L"Gates".
Логикалық тип (bool)
Логикалық тип түйінді сөз болып табылатын true және false мәндерін қабылдайды. Компьютер жадында false – 0 (нөл), басқа кез келген мән true болып табылады. Бүтін типке түрлендіргенде, true 1-ге сәйкес келеді.
Жылжымалы нүктелі типтер (float, double және long double)
C++ тілінің стандарты нақты сандарды сақтаудың үш түрлі типін анықтайды, олар: float, double және long double.
Жылжымалы нүктелі типтер компьютер жадында бүтін сандардан басқаша түрде сақталады. Нақты санның ішкі бейнесі екі бөліктен – мантисса және дәрежеден тұрады. IBM PC тәрізді компьютерлерде float типті шамалар 4 байттан тұрады, оның ішінде бір екілік разряд мантисса таңбасын бейнелейді де, 8 разряд дәрежені және 23 разряд мантиссаны көрсетеді. Мантисса – бұл 1.0-ден артық бірақ 2.0-ден аз сан. Мантиссаның алғашқы разряды әрқашанда 1 болғандықтан, ол сақталмайды.
8 байттан тұратын double типті шамалар үшін, дәреже мен мантиссаға сәйке­сінше 11 және 52 разряд бөлінеді. Мантисса ұзындығы санның дәлдігін анықтайды, ал дәреже ені – оның диапазонын анықтайды. 4.1 кестеден көрініп тұрғандай, float және longint типтерінің ұзындықтарының байт саны бірдей болғанымен, ішкі бей­не­лену формасының айырмашылығына қарай, олардың диапазоны әр түрлі болып келеді.
double типі алдындағы long спецификаторы бұл шамаға компьютер жадынан 10 байт бөлінетінін көрсетеді.
Жылжымалы нүктелі константалар, келісім бойынша, double типінде болады. Олардың типін F, f (float) және L, l (long) әріптері арқылы нақты түрде көрсету мүмкіндігі бар. Мысалы, 2E+6L константасы longdouble типінде, ал 1.82f константасы float типінде көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет