Дәрістер 1-2 лекция. С тілінде программалау негіздері. Программа құрылымы



бет9/49
Дата18.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#75374
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   49
i++; немесе ++i;
Бұл екеуі де мынадай амалмен бірдей болып саналады
i = i + 1;
Мысалы:
k=10;
x=k++; // x=10 k=11
x=++k; // x=12 k=12
Арттыру/кеміту операцияларын өрнек ішінде де орындау мүмкіндігі бар:
sum=a+b++; //алдымен a, b қосылады, сонан соң b 1-ге артады
sum=a+ ++b; //алдымен b 1-ге артады, сосын a, b қосылады
Арттыру/кеміту операцияларының приоритеттері өте жоғары, тек жақ­ша ішіндегі операция­лардың приоритеті олардан жоғары болады.
Бөлу (/) және қалдық табу (%). Бөлу операциясы арифметикалық типтегі операндтарға қолданы­лады. Егер екі операнд та бүтін сан болса, бөлінді де бүтін сан боладыі. Қалдық табу опе­рациясы тек бүтін типтегі операндтарға қолданылады. Мысалы:
#include
int main(){
int x = 11, у = 4;
float z = 4;
printf("Бөлу нәтижесі: %d %f\n", x/y, x/z);
printf("Қалдық: %d\n", x%y):
return 0;
}
Программа жұмысы нәтижесі:
Бөлу нәтижесі: 2 2.750000
Қалдық: 3
Қатынас операциялары (<, <=, >, >=, ==, !=) бірінші операндты екінші операндпен салыстырады. Операндтар арифметикалық немесе нұсқауыштық типте болуы мүмкін. Операция нәтижесі true немесе false болады (нөлге тең емес кез келген мән нәтижесі true). Теңдікпен және теңсіздікпен салыстыру операция­ларының приоритеті басқа салыстыру операцияларынан төмен болып саналады.
Екі шаманың тең екендігін (==) тексеру операциясы мен нәтижесі сол жақ опе­ранд­қа берілетін мән болып табылатын меншіктеу операциясының (=) айырма­шылығына назар аудару қажет.
Логикалық операциялар (&&и||). ЖӘНЕ (&&) мен НЕМЕСЕ (||) логикалық операция­ларының операндтары арифметикалық типте немесе нұсқауыш түрінде бола алады, мұнда әрбір операциядағы операндтар типтері әр түрлі бола береді. Опера­циялар орындалуы кезінде типтерді түрлендіру жасалмайды, тек әр операндтың нөлге эквиваленттілігі бағаланады (нөлге тең операнд false, нөлге тең емесі – true болып саналады).
Логикалық операцияның нәтижесі true немесе false болады. Логикалық ЖӘНЕ операция­сындағы екі операндтың да мәні true болғанда ғана оныңнәтижесі true болады.Ал логикалық НЕМЕСЕ операциясындағы екі операндтың бірінің мәні true болғанда, оныңнәтижесі true болады.Логикалық операциялар солдан оңға қарай орындалады. Егер бірінші операндтың мәні операция нәтижесін анықтауға жеткілікті болса, онда екінші операнд мәні есептелмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет