Дәрістер 1-2 лекция. С тілінде программалау негіздері. Программа құрылымы



бет8/49
Дата18.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#75374
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49
Байланысты:
Программирование лек 2

3.1 кесте. IBM PC компьютерлеріндегі типтердің өзгеру диапазондары

Типі

Мәндердің өзгеру диапазоны

Мөлшері (байтпен)

bool

true және false

1

signed char

-128 ... 127

1

unsigned char

0 ... 255

1

signed short int

-32 768 ... 32 767

2

unsigned short int

0 ... 65 535

2

signed long int

-2 147 483 648 ... 2 147 483 647

4

unsigned long int

0 ... 4 294 967 295

4

float

3.4e-38 ... 3.4e+38

4

double

1.7e-308 ... 1.7e+308

8

long double

3.4e-4932 ... 3.4e+4932

10

Нақты сандар типтері үшін кестеде солардың абсолюттік шамаларының ең кіші (минимал) және ең үлкен (максимал) мәндері көрсетілген.
Әртүрлі платформаларға ауысатын программалар үшін int типінің ені жайлы алдын ала болжам жасауға болмайды. Оны анықтау үшін sizeof операциясын пай­да­лану керек, оның нәтижесі сол типтің байтпен берілген еніне тең болады. Мысалы, MS-DOS операциялық жүйесі ортасында sizeof (int) нәтижесі – 2 болса, ал Windows 9X немесе OS/2 жүйесіндегі нәтижесі – 4 болады.
void типі
Негізгі типке жоғарыда көрсетілгендерден басқа void типі де жатады, бірақ бұл типтің мәндер жиыны бос болып келеді. Олар мән қайтармайтын функцияларды анықтау үшін қолданылады, функцияның аргументтерінің жоқ екенін білдіреді, нұсқауыштардың негізгі типі ретінде және типтерді келтіру операцияларында да пайдаланылады.
Бақылау сұрақтары
1. C тілінің типтері қандай бөліктерден тұрады?
2. Бүтін сандар типтері қандай түрлерден тұрады?
3. Нақты сандар типтері қандай түрлерден тұрады?
4. Құрама типтер дегеніміз не?
5. Символдық типтер түрлері қандай?
6. float, double және long double типтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіңіздер.
7. IBM PC компьютерлеріндегі типтердің өзгеру диапазондары қандай?
4 лекция.С/C++ тілдерінде меншіктеу операциялары және операторлар
Арттыру немесе кеміту (инкремент және декремент) операция­лары ++ және -- түрінде жазыла­ды да,инкремент және декремент деп аталады. Бұлар кез келген операндтың мән­дерін бірге арттыруға немесе кемітуге мүмкіндік береді, олардың жазылуы екі түрде – операция таңбасы операнд алдында жазылатын префикстік және соңынан жазылатын постфикстік түрде кездеседі.
Префикстік түрде (++х немесе --х) алдымен операнд өзгертіліп, сонан соң оның мәні өрнектің нәтижелік мәніне айналады, ал постфикстік түрде (х++ немесе х--) өрнек мәні операндтың бастапқы мәнін қабылдайды да, операнд сонан кейін өзгереді. Бұлар жасырын түрдегі меншіктеу амалы болып табылады. Кейде олар жеке оператор түрінде де жазылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет