Дәрістер №1 дәріс 1-БӨлім білім берудегі менеджменттің теориялық



Pdf көрінісі
бет11/79
Дата24.12.2022
өлшемі1,45 Mb.
#59426
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   79
Байланысты:
Д рістер №1 д ріс 1-Б лім білім берудегі менеджментті теориялы

Ұсынылатын әдебиеттер: 
1. Рахымбаев А.Б., Сабатаева Б.О., Бельгибаев А.Қ. Менеджмент. –
Алматы: «Нұр-пресс», 2006. -164 б. 
2. Исламгулова С.К. Управление развитием школы: технологический 
аспект. Учебно-методическое пособие. – Алматы: ИК ПКСО, 2010. – 300 с
3. Баймолдаев Т.М., Безруков В.И., Носков И.А., Соловова Н.А. 
Педагогический менеджмент и управление развитием образования. 
Коллективная монография. - Алматы-Самара, 2007. - 466 с 
 
 
№3 дәріс 
 
1.3 Педагогикалық менеджменттің заңдылықтары
 
Жоспар: 
1. Мектепішілік менеджменттің жетекші заңдылықтары.
2. Оқу-тәрбие жұмысын басқару жүйесі қызметі тиімділігінің 
басқарудың субъектісі мен объектісі арасындағы құрылымдық-қызметтік 
байланыстар деңгейіне тәуелділігі.
3. Оқу-тәрбие жұмысын басқару мазмұны мен әдістерінің мектептегі 
педагогикалық үдеріс мазмұнының сипаты мен оны ұйымдастыру әдістеріне 
шарттылығы.
4. 
Басқарудың 
талдау 
жасау, 
мақсаттылық, 
гуманистілік, 
демократтылығы және мектеп басшыларының басқару қызметінің әр 
түрлеріне әзірлігі.
Негізгі 
ұғымдар: 
заңдылықтар, 
педагогикалық 
менеджмент 
заңдылықтары. 
 
1. Мектепішілік менеджменттің жетекші заңдылықтары. Қазіргі 
мектеп адамға білім, білік, дағдылар жиынтығын беріп қана қоймайды, 
сонымен қатар, өмірдегі өз орнын анықтай алатын, білімі арқылы өз 
мүмкіндіктерін жүзеге асыра алатын, үнемі даму үстінде болатын тұлғаны 
қалыптастыра алатын жаңа менеджменттік көзқарасты қажет етеді. Мектеп 
қызметінің 
тиімділігі 
менеджментті 
мектепішілік 
басқарудың 
тұжырымдамалық негізі ретінде пайдалануы қажеттігімен анықталады. 
Мектепішілік басқару мәселесін ізгіліктік және демократиялық 
көзқарастар тұрғысында қайта зерделеу арқылы бүгінде жаңа басқару 
технологиясы қалыптаса бастады.


24 
Мектеп ісін басқару мазмұны мен әдістерін зерттейтін, мектепті 
басқару жүйесінің ерекшеліктерін, оның жұмысын ұйымдастыруды ашып 
көрсететін педагогиканың мектептану саласы қарастырады.
Қазақстан Республикасы және шет елдегі мектепті басқару, оның 
заңдылықтары, басқару тәжірибесі жөніндегі өткеннің педагогикалық 
мұралары, педагогика ғылымының осы сала бойынша тұжырымдары мен 
ұсыныстары мектептанудың негізгі көздері болып табылады.
Мектепішілік басқару тиімді нәтижеге қол жеткізуге бағытталған 
обьективті заңдылықтарды тану негізінде тұтас педагогикалық үрдіске 
қатысушылардың мақсатқа бағытталған саналы әрекеттестігі. Тұтас 
педагогикалық үрдіске қатысушылардың әрекеттестігі бірізді, өзара 
байланысты әрекеттердің немесе қызметттердің: педагогикалық талдау, 
жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу және түзету тізбегі.
Мектепті 
басқару 
теориясы 
педагогикалық 
менеджмент 
(Ю.А.Конаржевский, Т.И.Шамова және т.б.) теориясымен толықтырылады. 
Менеджмент теориясы алдымен өзінің тұлғалық бағыттылығымен тартады, 
сыйластық, табысқа жету жағдаятындағы сенім менеджменттің осы жағы 
ғана педагогикалық басқару теориясын толықтырады.
Менеджмент идеясын жете ұғыну, оларды мектептану мәселелерінің 
саласына ауыстыру жеке бағыт - мектепішілік менеджментті дайындауға 
негіз болады.
Мектепішілік менеджмент басқару ісіндегі белгіленген жоспарды 
орындау жөніндегі мектеп жұмысының нәтижелерін анықтауға мүмкіндік 
береді. Қойылған ьалаптарға сай және белгіленген мерзімде жұргізілетін 
бақылау мектептің жұмысына түзетулер енгізуге, жеке қызметкерлердің іс-
әрекеттерін өзгертуге, ынталандыруға мүмкіндік береді.
Мектепішілік 
басқару 
біртұтас 
педагогикалық 
үдеріске 
қатысушылардың жоғары нәтижеге жетуді көздеген мақсатты, сапалы өзара 
әрекеттесуі болып табылады.
Біртұтас педагогикалық үдеріске қатысушылардың өзара әрекеті 
бірізді, өзара байланысты әрекеттер мен қызметтердің тізбегінен тұрады, 
олар: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, 
бақылау, реттеу және түзету. 
Бүгінгі таңда мектепішілік басқарудың дәстүрлі ұғымдарын жаңа 
ұғымдар алмастыруда. Мысалы, »ықпал ету» ұғымының орнына »өзара 
әрекеттесу», »ынтымақтасу», «рефлексивті басқару» ұғымдары қолданылуда. 
Сол сияқты мектепті басқару теориясы мектепішілік менеджмент 
теориясымен толығуда.
Менеджмент 
теориясы 
басшы 
қызметінің 
өзара 
құрметке, 
қарамағындағы қызметкерлерге сенім білдіруді, олардың табысты еңбек 
етуіне қолайлы жағдай туғызуымен ерекшеленеді. Менеджменттің осы қыры 
мектепшілік басқару теориясын одан ары байыта түсуде. 


25 
Философияда құбылыстар мен үрдістер арасындағы, олардың дамуын 
сипаттайтын обьективті бар, тұрақты, қайталанатын, қажетті және мәнді 
байланыстар заңдылықтар деп аталады.
Педагогикада заңдылықтарды сипаттау үшін обьективті бар, тұрақты, 
қайталанатын, қажетті және мәнді байланыстарды, яғни педагогикалық 
жүйенің заңды байланыстарын айқындауға мүмкіндік беретін диалектикалық 
жүйелі-құрылымдық тұрғы (тәсіл) жетекші әдіснамалық негіз болып 
табылады. Педагогикалық жүйенің көптеген байланыстарын талдаудан 
педагогикалық үрдістің төмендегі заңдылықтарын бөліп көрсетуге болады:
1. Тұтас педагогикалық үрдіс, оның мақсаты, міндеттері, мазмұны, 
формалары мен әдістері қоғамның әлеуметтік-экономикалық, идеологиялық 
және саяси сұраныстарымен дәлелденген.
2. Педагогикалық үрдістің тиімділігі болып жатқан жағдайларға 
(материалдық, гигиеналық, моралды-психологиялық, эстетикалық және т.б.) 
тәуелді болуы заңдылық.
3. Педагогикалық үрдісте оқыту, білім беру, тәрбие (тар мағынасында) 
және даму, сонымен қатар тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу, педагогикалық
үрдісті басқару және тәрбиеленушінің өзіндік іс-әрекеті үрдістері заңды 
түрде өзара байланысты.
4. Педагогикалық үрдістің тиімді қызмет етуі заңды түрде тәрбиенің 
барлық субьектілері әрекеттерінің бірлігіне тәуелді.
5. Тәрбиенің қоғамлдық негізделген міндеттері тәрбиеленушілердің 
жас және басқа да ерекшеліктеріне, ұжымның даму деңгейіне заңды түрде 
тәуелді.
6. Нақты тәрбиелік үрдістің мазмұны қойылған міндеттермен заңды 
түрде дәлелденген.
7. Тәрбие әдістері мен құралдары нақты жағдайда оның міндеттері мен 
мазмұнын заңды түрде қамтамасыз етеді.
8. Педагогикалық үрдісті ұйымдастыру формасы тәрбиенің 
міндеттерімен, мазмұнымен, таңдап алынған әдістерімен және құралдарымен 
дәлелденген.
9. Педагогикалық үрдістің барлық сыртқы және ішкі өзара 
байланыстарын тұтастай ескеру берілген уақытта тәрбиенің осы жағдайдағы 
нәтижелерінде жоғары мүмкін жетістіктерді заңды қамтамасыз етеді. 
Қоғамдық құбылыс ретінде тәрбиенің жалпы тұрақты тенденциясы өсіп келе 
жатқан ұрпаққа аға ұрпақтың тәжірибесін міндетті түрде беруден тұрады. 
Бұл педагогикалық үрдістің негізгі заңы.
Басқарудың заңдылығыбұл басқару үрдісінде байқалатын, 
қайталанып отырылатын және әртүрлі элементтер мен құбылыстардың 
арасындағы мәнді өзара байланыстар.
Психология ғылымында жалпы басқару іс-әрекетінің негізгі 
заңдылықтарына мыналар жатқызылады: 
Реакциялардың 
белгісіздік 
заңдылығы 
ерте 
психологиялық 
жағдайлардың ішкі әсер етуіне байланысты. Ол екі психологиялық 


26 
құбылыспен, атап айтқанда, апперен және санадағы стеротиптердің барымен 
негізделеді. Апперент - өткен тәжірибені қабылдауға байланысты болса, 
санадағы стереотиптер - жасырын немесе анық коммуникативті кедергілерді 
тудырып, мінез-құлыққа әсер ететін және қоршаған шындықты нақтылай 
көрсетпейтін бағалар, тұрақты ойлар, пікірлер. Бұл заңдылыққа сәйкес бірдей 
әсер етулерге әр адам әртүрлі уақытта әртүрлі жауап береді. мысалы, өз 
адресіне айтылған дөрекілікке бірінші адам – дөрекі жауап қайтарса, екіншісі 
- үндемейді, ал үшіншісі- дөрекі адамды тыныштандыруға тырысады.
Адекватсыздық заңдылығындағы өзара қабылдау, адамға қатысты 
маңызды шешімдерді қабылдау үшін адам басқа адамдарға ешқашан жете 
алмайды. Біздің қабылдауларымыз тәжірибелік тұрғыда ешқашан толық, 
нақты, адекватты болмайды. Психологтар осындай бұрмалану себептеріне 
байланысты бірнеше негіздерді келтіреді: адам әрқашан өзгеріс жағдайында 
болады; басқа біреулердің немесе манипуляцияның азғыны болмас үшін 
адамдар өздерінің әлсіз жақтарын мен ерекшелерін көрсетпеу мақсатында 
саналы және бейсаналы тұрғыда сақтанады; көп жағдайда адамдар өздері 
туралы ақпараттарды бере аламайды, себебі көп мөлшерде өздерін білмейді. 
Ақпараттың бұрмалануы заңдылығының мәні басқарушы ақпараттар 
(бұйрықтар) сияқты тенденциялар жоғарыдан төменге деген қозғалыс үрдісі 
мәніне қарай өзгереді. Ақпарат мәнінің жоғалуына негізінде басқарудағы 
ақпараттар қандай тілде берілуіне байланысты. Ауызша ақпараттардың 50% 
дұрыс қабылданады. Егер ақпарат толық болмаса, оған деген қолжетімділік 
шектеулі болса, және алған мәліметтер бағынушылардың қажеттіліктерін 
толық қанағаттандырмаса, онда ол адамдар өз болжауларымен тексерілмеген 
фактілерге сүйеніп, ойланады. Сол кезде, ақпарат көлемі төмендеу жағына 
ғана емес және жоғарылау жағына да өзгеріп кетеді.
Компенсация заңдылығы жалпы түрде қанадайда бір жетіспеушілігі 
бар, өмір сүру әрекеті аймағында қандай да бір проблемасы не қиындығы бар 
адам саналы немесе бейсаналы тұрғыда оны басқа жұмыс аймағында өтеуге
тырысады. Осыған сәйкес, басқару үрдісінде еңбек ұжымының 
психологиялық заңдылықтары мен әлеуметтік дамуы есебін ескере отырып, 
адамдарға жеке амал табатын, басқару үрдісін орната білетін біліктілігі 
болғанда басшының іс-әрекет нәтижесі анықталады, ал бұл қазіргі басқару 
психологиясынның жетістігіне негізделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет