29
Я.С.Турбовский және т,б,); біліктілікті көтеруді ұйымдастырушы бойынша
(Я.С.Бенцион, Г.И.Горская, Л.С.Коробкова, Ш.Т.Таубаева, В.П.Топоровский
және т.б.); Қазақстанда педагогикалық кадрлар біліктілігін көтеру жүйесін
дамыту тарихы бойынша (Б.А.Альмухамбетов және т.б.); мектептің дамуын
басқарудың инновациялық аспектісі М.М.Поташкина, В.С.Лазарева,
Л.И.Моисеева, И.И.Цыркуна, Н.Р.Юсуфбековой және т.б.
еңбектерінде
қарастырылады.
Жалпы білім беретін мектеп динамикалық әлеуметтік жүйе ретінде
мектепішілік басқару объектісі болып табылады.
В.А.Сластениннің пікірінше мектепті басқаруда жалпы білім беретін
мектептің жүйе
асты ретінде қатысатын, жеке компоненттерін немесе
бөлімдерін бөліп көрсету қажет. Тұтас педагогикалық үрдіс, сынып-сабақ
жүйесі, мектептің тәрбие жұмысының жүйесі,
оқушыларға эстетикалық
тәрбие беру жүйесі, кәсіптік бағдар беру жүйесі осындай жүйе асты болып
табылады. Жеке жағдайда жеке оқушыларды жүйе асты басқару мектепішілік
басқарудың мәні мен мазмұнын құрады.
Менеджмент қажеттілігі бизнестің барлық түрлерімен қатар, адам
қызметінің кез келген түрін де қамтиды. Ұйым ерекшеліктеріне байланысты
ықпал жасау объектілері сан алуан түрлі
болғанымен, барлық менеджерлер
бірдей ресурстармен әрекет етеді. Мұндай ресурстарға кадрлар, қаржы,
шикізат ресурстарын және еңбек құралдарын жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: