Дәрістер №1 дәріс 1-БӨлім білім берудегі менеджменттің теориялық


Оқу-тәрбие жұмысын басқару мазмұны мен әдістерінің



Pdf көрінісі
бет14/79
Дата24.12.2022
өлшемі1,45 Mb.
#59426
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   79
3. Оқу-тәрбие жұмысын басқару мазмұны мен әдістерінің 
мектептегі педагогикалық үдеріс мазмұнының сипаты мен оны 
ұйымдастыру әдістеріне шарттылығы. Білім беру жүйесі басшысының 
басқарушылық 
мәдениеті 
мектеп 
басқарудағы 
құндылықтар 
мен 
технологияларды меңгеруге, жеткізуге және құруға бағытталған басқару іс-
әрекеттерінде басқарушы тұлғасының шығармашылық тұрғыдан өзін 
көрсетуінің тәсілдері мен шараларын айтамыз. 
Басқару мәдениеттерінің компоненттері – аксиологиялық (басқаруда 
мәні бар басқару-педагогикалық құндылықтар жиынтығы), технологиялық 
(педагогикалық процесті басқарудың тәсілдері мен әдістері) және тұлғалық-
шығармашылық (педагогикалық жүйені басқаруды шығармашылық акт 
ретінде қарастыру). 
Оқу мекемесін басқаруды директор мен оның орынбасарлары жүзеге 
асырады, олардың функциональдық міндеттері, тағайындау немесе сайлау 
тәртібі мекеме Жарғысына сәйкес жоғары тұрған органдармен келісімде 
жүзеге асады. Олардың функциональдық міндеттері жалпылама түрде Білім 
және ғылым министрлігі бекіткен типтік ережелерде көрініс тапқан, соған 
сәйкес әр мекеме тиісті құжаттар даярлайды. 
Жалпы білім беретін мектептерде директордың оқу-тәрбие және 
тәрбие, шаруашылық ісі жөніндегі орынбасарлары болады, инновациялық 
мектептерде сонымен қоса ғылым ісі жөніндегі орынбасар және менеджер-
ақпаратшы штаттары болады. 


30 
Директор мемлекет және қоғам алдында балалардың өмірі мен 
денсаулығын сақтау талаптарының орындалысына жауап береді, оқу-тәрбие 
процесін жоспарлайды және ұйымдастырады, оның барысы мен нәтижесін 
бақылайды, оқу мекемесінің жұмыс сапасы мен тиімділігіне жауап береді, 
тиісті мемлекет органдары алдында мекеме атынан сөйлейді, сыныптан тыс 
және мектептен тыс жұмыстарды жүргізуге қажетті жағдай жасайды, кадр 
мәселесін шешеді, мекемеге бөлінген қаржыны тиімді пайдалануды 
ұйымдастырады, мекеменің қаржылық, шаруашылық жағдайына жауап 
береді. 
Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары педагогикалық 
үрдісті ұйымдастыруға, білім бағдарламалары мен мемлекеттік білім 
стандарттарының орындалуына жауап береді; оқушылардың білім сапасына, 
мұғалімдердің әдістемелік жұмыстарына бақылау жасайды; педагогикалық 
жүктемені бөліп, сабақ кестесін құрады, әдістемелік жұмыстарды 
ұйымдастырады, т.с.с. 
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары тәрбие процесінің 
жүргізілуіне жауап береді. Ғылым ісі жөніндегі орынбасар ғылыми 
жұмыстардың 
(мұғалімдер 
мен 
оқушылардың) 
жүргізілуіне, 
инновациялардың енгізілуіне, эксперимент жұмыстарына, ЖОО-мен 
байланысқа жауап береді. 
Директордың басқару іс-әрекетінің тиімділігі көбіне мектеп әкімшілігі 
мүшелерінің құқықтары мен міндеттерінің нақты көрсетіліп, міндеттер 
бөлісудің ашықтығынан тәуелді болады. Қажеттілікке байланысты мектеп 
директоры нұсқаулық немесе оперативті кеңестер өткізеді, жоспарға сәйкес 
директор жанындағы мәжіліс, педагогикалық кеңестерді жүргізеді. 
Тұтас педагогикалық процесті басқарудың бір функциясы – 
педагогикалық талдау (анализ). Ол ерекше орын алады: кез келген цикл 
талдаудан басталып, талдаумен аяқталады. Оның бірнеше түрі бар (Ю.А. 
Конаржевский, Т.И. Шамова): параметрлік талдау (білім процесінің барысы 
мен нәтижелері туралы күнделікті ақпараттарды зерттеуге, оны бұзатын 
себептерді анықтауға бағытталған), тақырыптық талдау (педагогикалық 
процестегі тұрақты, қайталанатын тәуелділіктерді, тенденцияларды 
қарастыру), қорытынды талдау (кең уақыттық, кеңістіктік және мазмұндық 
шектерді қамтиды, тоқсан, оқу жылының аяғында жүргізіледі). 
Басқарудың келесі функциясы – мақсат қою жəне жоспарлау. Кез 
келген педагогикалық жүйені басқару процесі мақсатсыз және жоспарлаусыз 
жүзеге асырылмайды. Оны жетілдіру педагогикалық жүйенің үздіксіз даму 
қажеттігіне байланысты. 
Басқару іс-әрекетінің мақсаты – жұмыстың жалпы бағытын, мазмұнын, 
формалары мен әдістерін анықтайтын бастау. Жоспарлау педагогикалық 
талдау негізінде мақсатқа байланысты шешімдер қабылдау ретінде қызмет 
етеді, ол перспективалық (бес жылға), жылдық (оқу жылына арналған), 
ағымдағы (тоқсандық) түрде болуы мүмкін. Олар бір-бірінен шығады. 
Жылдық жоспардың мазмұны: 1) өткен оқу жылының қысқаша талдауы; 2) 


31 
жалпыға бірдей білім беруді жүзеге асыру; 3) педұжымның оқыту процесінің 
сапасын арттыруға бағытталған іс-әрекеті; 4) тәрбиеге байланысты 
мектептің, жанұяның, қоғамның, еңбек ұжымдарының біріккен жұмысы; 5) 
педагог кадрлармен жұмыс; 6) мектепішілік бақылаудың жүйесі; 7) мектептің 
оқу-материалдық базасын нығайту; 8) ұйымдық-педагогтық шаралар. 
Жоспарлау функциясын бірегей басқарушылық циклде жүзеге асыру мектеп 
іс-әрекетінің тиімділігін жоғарылатады. 
Мектепті басқарудағы ұйымдастыру функциясы жүйенің қозғалысы, 
оның компоненттерінің оңтайлы өзара әрекеттесуі үшін қажет. Мектептегі 
басқару әрекетінің ұйымдық формалары: педагогикалық кеңес, директор 
жанындағы отырыс, директор орынбасарлары жанындағы отырыстар
оперативті ақпараттық отырыстар, оқушылар, ата-аналар комитеті 
отырыстары. 
Мектепішілік бақылау функциясы күрделі мәселенің бірі. Бақылау 
басқару циклінің барлық функцияларымен тығыз байланысты. Мектепішілік 
бақылау функциясының ерекшелігі – оның мұғалім тұлғасына әсер етуінде. 
Егер бұл жас мұғалім болса, оның шығармашылық қалыптасуына әсер етеді, 
ал тәжірибелі, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімнің кәсіби 
позициясы мен беделіне әсер етеді. Мектепішілік бақылауға бірнеше жалпы 
талаптар қойылады: жүйелілік мектепте бақылау жүйесінің болуы, 
бақылауды жүйелі жүргізу; объективтілік педагогтың немесе ұжымның іс-
әрекетін қалыптасқан критерийлер негізінде мемлекеттік стандарт пен білім 
бағдарламалары талаптарына сәйкес тексеру; әсерлілік тексеру нәтижесі 
позитивтік өзгерістерге, анықталған кемшіліктерді жоюға алып келуі керек; 
тексерушінің құзырлылығы – тексеру пәнін білуі, жұмыстың жетістіктері мен 
кемшіліктерін көре білу, тексеру нәтижелерінің дамуын болжай алу.
Т.И. Шамова бақылаудың екі түрін жіктейді: тақырыптық (нақты 
мәселені терең бақылауға бағытталған) және фронтальдық (педұжымның, 
әдістемелік бірлестіктің немесе мұғалім іс-әрекетін жан-жақты бақылауға 
бағытталған). Формалары: жекелік (жеке мұғалімнің, сынып жетекшісінің, 
тәрбиеші жұмысын бақылау), сыныптық-қорыту (сынып ұжымының оқу 
және сыныптан тыс іс-әрекет процесінде қалыптасуына әсер ететін 
факторлар жиынтығын бақылау), пәндік-қорыту (жеке пәндердің жеке 
немесе параллель немесе мектеп бойынша берілу деңгейін бақылау), 
тақырыптық-қорыту (оқу-тәрбие процесінің жекелеген бағыттары бойынша), 
кешенді-қорыту (бірнеше сыныпта, бірнеше мұғалімнің, бірнеше пәннің 
берілісін, тәрбие жұмыстарының бірнеше бағыты бойынша бақылау, 
фронтальды бақылау кезінде). 
Мектепішілік бақылау әдістері: мектеп құжаттарын зерттеу, ауызша 
және жазбаша бақылау, социологиялық (анкета, сұрау, интервью алу, әңгіме, 
эксперименттік бағалау, т.б.), хронометраждық, алдыңғы қатарлы 
педагогикалық тәжірибені зерттеу, диагностикалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет