2. Оқу-тәрбие жұмысын басқару жүйесі қызметі тиімділігінің
басқарудың субъектісі мен объектісі арасындағы құрылымдық-
қызметтік байланыстар деңгейіне тәуелділігі. Адам іс-әрекетінің
практикасында басқару ғылыми зерттеу пәні болмай тұрып, пайда болған.
Ертедегі Египетте б.э.д. мың жыл бұрын басқару үрдістерін орталықтандыру,
бақылау, ұйымдастыру, жоспарлау қажеттігі мойындалған. Оған әлемге
әйгілі
Египет
пирамидалары,
ертедегі
ацтекс
қалалары
секілді
архитектуралық құрылыстар салынып күрделі діни орталықтардың белсенді
қызмет атқаруы дәлел бола алады.
27
Басқару теориясы жеке ғылыми пән ретінде ХХ ғасырдың
басында қалыптаса бастады. Басқару үрдісі белгілі бір нәтижеге жету
жолындағы адамдардың жалпы іс-әрекеті атқарылатын жерде жүргізіледі.
Басқару дегеніміз – а) топқа, қоғамға немесе оның жеке бөліктеріне
тәртіптендіру үшін немесе сапалық өзіндік ерекшелігін дамыту үшін әсер
ететін шаралар кешені түрінде анықталса; б) басқару барлық динамикалық
жүйелерде жалпы заңдылықтар бойынша жүргізілетін, ақпаратты алуға,
өңдеуге және беруге негізделген әлеуметтік, психологиялық, биологиялық,
техникалық экономикалық, административтік іс-шаралар кешені болып
табылады.
Басқару мен менеджментте бірдей категориялар пайдаланылады,
бұларға жататын ұғымдар: «басқарудың объектісі мен субъектісі»,
«олардың арасындағы тура және кері байланыс», «басқару жүйесі,
«қоршаған орта». Менеджмент пен басқарудың негізгі категорияларын
кәсіпорындар мен ұйымдар деңгейінде қарастырғанда, олардың
жұмыстарының ерекшелігін және шаруашылық субъектілердің іс-
қимылдарының жалпы міндеттерін ескерген жөн. Басқару объектісі
басқарылатын сала, яғни кәсіпорын, бөлімше, т.б., сонымен бірге белгілі
мақсатқа жету үшін өздерінің іс-қызметтерін үйлестіретін және оған
бағытталатын адамдар тобы. Басқару субъектісі басқарушылар, яғни
саланың, кәсіпорынның, бөлімшелердің басқару аппараты. Басқарудың
объектісі мен субъектісінің арасында тура және кері байланыс болады. Тура
байланыс – бұл басқару объектісіне субъектіден түсетін бұйрық (команда)
болса, кері байланыс – бұл басқару субъектісіне объектіден бұйрықтың
орындалғаны және оның жағдайы туралы түсетін ақпарат. Басқару объектісі
мен субъектісінің жиынтығы тура және кері байланыстармен бірге басқару
жүйесін құрайды. Басқару субъектісі объектіге берілген мақсатқа сәйкес
ықпалын жүргізеді. Бұл үшін басқарылатын жүйе бөлігі басқару объектісіне
көрсетілген ықпалынан кейін оның жағдайы қандай екенін анық білуі керек.
Басқару жүйесінде басқару объектісін басқарылатын, ал субъектісін –
басқаратын жүйелілік деп те атайды. Басқару жүйесін бірқатар жалпы
шарттармен сипаттайды. Ең алдымен басқарылатын жүйеліліктің басқарушы
жүйеліліктің ықпалымен өзінің параметрін (немесе қасиетін) өзгертетін
қасиеті болып табылады. Мұнда басқарудың тиімділігі үшін критерийлер мен
көрсеткіштер қажет, олардың ішінде басқару объектісі іс-қызметінің
маңызды параметрін неғұрлым толық көрсету қажет (1 сурет).
Басқару жүйесі (ұйым)
Қ
О
Р
Ш
А
Ғ
А
Н
Басқару субъектісі
Т
Ұ
Т
Ы
Н
У
Ш
|