Дәрістер №1 дәріс 1-БӨлім білім берудегі менеджменттің теориялық



Pdf көрінісі
бет16/79
Дата24.12.2022
өлшемі1,45 Mb.
#59426
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   79
Байланысты:
Д рістер №1 д ріс 1-Б лім білім берудегі менеджментті теориялы

 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
 1. Мектепішілік менеджменттің жалпы және жеке заңдылықтарын 
атау, оларға мазмұндық сипаттама беру.
2. Оқу-тәрбие жұмысын басқару жүйесі қызметі тиімділігінің 
басқарудың субъектісі мен объектісі арасындағы құрылымдық-қызметтік 
байланыстар деңгейіне тәуелділігін дәлелдеу.
3. Оқу-тәрбие жұмысын басқару әдістерін бөліп көрсету және 
мазмұндық сипаттама беру.
4. 
Басқарудың 
талдау 
жасау, 
мақсаттылық, 
гуманистілік, 
демократтылығы және мектеп басшыларының басқару қызметінің әр 
түрлеріне әзірлігін талдау.
 
Ұсынылатын әдебиеттер: 
1. Симонов В.П. Педагогический менеджмент: НОУ-ХАУ в 
образовании: учеб.пособие. – М.: Высшее образование: Юрайт, 2009. – 357 с. 
2.Солнцева Н.В Управление в педагогической деятельности: учебное 
пособие.- М.: Флинта, 2012.-115 с. http//www.knigafond.ru 
№4 дәріс
 
1.4 Педагогикалық менеджменттің ұстанымдары 
Жоспар: 
1. Басқару ұстанымдары басқару заңдылығының нақты көрінісі мен 
бейнесі ретінде.
2. Педагогикалық жүйелерді басқарудың демократизациялау мен 
гуманизациялау ұстанымы.
3. Мектепті басқарудағы жүйелілік пен тұтастық ұстанымдары.
4. Жеке басқару мен ұжымды басқарудың бірлігі ұстанымдары.
Негізгі ұғымдар: ұстаным, басқару ұстанымдары, педагогикалық 
менеджмент ұстанымдары 
 
1. Басқару ұстанымдары басқару заңдылығының нақты көрінісі 
мен бейнесі ретінде. Басқару реттеуге, қорғауға, қойылған мақсатқа сай 
нысанның жүйесін өзгертуге немесе жоюға бағытталған, субъектінің нысанға 
әрекет ету үрдісі. Басқару адам іс-әрекетінің түрі ретінде адамдардың 
бірлесіп қызмет етуі пайда болғаннан бар. Әрбір тарихи кезең басқару 
субъектілерінің қатынасын, ынталандыру әдістерін, ұйымдастыру үрдісінің 


34 
көлемін қырлап, түзетуді енгізеді. Дегенмен тек XX ғасырда ғана басқаруға 
ғылыми көзқарас пайда болып, дами бастады. Басқару өндірісте еңбек 
бөлінісінің нәтижесінде пайда болды. Басқару адам тұрмысының ажырамас 
бөлігі, онсыз адамдардың ортақ қызметі де, жалпы 
қоғам 
да мүмкін емес. 
Тиімді басқару дамудың негізгі факторларының бірі.
Басқару теориясында қалыптасқан түрлі ұстанымдар тұрғысынан білім 
еру үрдісін басқарудың логикасы құрылады. Басқару мазмұны педагогикада 
функционалдық, жүйелілік, ситуациялық, оңтайландыру, зерттеушілік 
сипаттары қарастырыылады.
Мектепішілік басқарудың мақсаты: оқу орнының дамуына жағдай 
жасау; басқару және басқарылу жүйелерінің өзара қатынасын қамтамасыз 
ету; мектеп ішіндегі әкімшілік және қоғамдық бақылауды педагогикалық 
үрдіске қатысушылардың өзін-өзі талдау және өзін-өзі бақылаумен 
үйлестіру; әр мұғалімнің жұмысына ақпараттық банк жүйесін құру (есеп, 
сараптама, бақылау, талдау, бағалау). Мектеп әкімшілігі және басқарудың 
негізгі қағидалары: мектепті әкімшілік-педагогикалық және шаруашылық 
басқару бойынша білім беру органдарының іс-әрекеті (оқытуды 
ұйымдастыру, жалпы білім беретін мектептер типтері, олардың желісін құру 
және рационализациялау, мектеп ғимараты мен жерлерін жобалауға және 
салуға педагогикалық талаптар, мектепті қаржыландыру, мектепті оқу 
құралдарымен қамтамасыз ету); мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарын басқару 
бойынша білім беру органдарының іс-әрекеті (мұғалімге әдістемелік көмекті 
ұйымдастыру, мектепті инспекторлау); мектепішілік жееткшіліктің мазмұны 
мен әдістері; қазіргі заманғы мектеп мұғалімі; ағарту мекемелерінің есеп 
беруі; мектептік істер статистикасы мектептану мазмұнын құрайды. 
Мектепішілік менеджменттің негізгі заңдылығы талдағыштық, мақсатқа 
сәйкестік, ізгілік, басқарудағы демократиялық және мектеп түрі, басқару 
қызметіне 
дейін 
болуы 
сияқты 
компоненттерді 
қамтиды. 
Осы 
заңдылықтардан мектеп директорының, менеджердің оқу жүйесін 
басқарудағы басшылыққа алатын негізгі қағидалары туындайды.
Кез келген теорияның, ілімнің, ғылымның, дүниетанымның, теориялық 
бағдарламаның бастапқы негізі; жүйелі объектілерді тану және қайта құру 
бойынша қызметттің негізгі ережесі қағида болып табылады. Табиғи 
үрдістердің барлығы бір-бірімен тығыз байланысты және әрбір зат құрамдас 
элементтеріне қарағанда маңызды болатын тұтас заттың бір бөлігін құрайды.  
Әрбір заттың, үрдістің, құбылыстың басқаларынан ажырататып, олардың 
ортақтығы мен оның жалпыға тән екендігі сабақтастықтан көрінеді. Білім 
беру жүйесінің мазмұны мен құрылымындағы өзгерістің заңдылығы, белгілі 
сипаттамалардың (мазмұны, ұйымдастыру формалары, әдістері, құралдары 
және т.б.) бір кезеңнен екінішісіне өтуі, жаңа сапалық деңгейде қызмет етуі 
жүйелілікпен қамтамасыз етіледі. Басқару негізгі қағидалары басқару 
теориясының заңдылықтарының нақты көрінісі болып табылады. Негізгі 
заңдылықтар мектепішілік басқаруда мынадай заңдылықтарды қамтиды: оқу-
тәрбие жұмысын басқаруды жүйесінбір бағытқа келтіру, оның нәтижесі 


35 
субъект пен объектіні басқару мен құрылымы әрекеттік деңгейінінің 
байланысына, оқу-тәрбие жұмысын басқарудың мазмұны мен әдістерінің 
келісімділігіне, мектептегі 
педагогикалық үрдісті 
ұйымдастырудың 
үйлесімділігі мен іс-әрекет сипатына байланысты. Басқарудың жалпы және 
жеке заңдылықтары объективтік сипатта болады және адамдардың басқару 
қызметтерін жүзеге асырады. Басқару принципі менеджмент субъектісінің 
басқару функцияларын жүзеге асыруда жетекшілікке алатын негізгі идеялары 
мен ережелері. Принциптердің сақталуы басқару заңдылықтарының 
орындалуын қамтамасыз етеді. Ынталандыру принципі – менеджер 
тарапынан мадақтау және жазалау жүйесі неғұрлым мұқият жүзеге асырылса, 
қызметкерлерді мақсатты іс-әрекетке ынталандыру бағдарламасы соғұрлым 
нәтижелі болады. Басқаруды демократияландыру принципі – басқару ісіне 
барлық қызметкерлерді қатыстыру. Менеджмент негізінде мектепті 
басқаруды инновациялық жетілдіру өркениеттік дамудың бөлігі деп 
есептелінеді.
Менеджменттің демократиялық және адам тұлғасына бағдарлану 
идеясын 
жақтаушы 
педагогтар 
(Ю.А.Конаржевский, 
А.М.Моисеев, 
В.С.Лазарев, т.б.) менеджменттің мазмұнын: адамды құрметтеу, адамға сенім 
білдіру, оқушы мен мұғалімнің дамуына бағытталған тұтастық көзқарас
білім беру үрдісіне қатысушыларды табысқа жетелейтін жағдайлар жасау 
белгілерін менеджменттің негізгі механизмдері ретінде; басқаруды біртұтас 
жүйе оның жеке бөліктері үшін де үйлесімділік пен талапшылдық 
сипаттардың өзара байланысы, шешімдерді қабылдау барысында сақталуына 
мұмкіндік беретін сипаттама ретінде; соңғы нәтиже және оны ұйымдастыру 
үрдісінің мазмұнын, нәтиженің орындалуы ғана емес, оған жетудегі 
жолдарының да құндылық ретінде қарастыралуы менеджмент жүйелілігі 
ретінде сипаттайды.
Басқару 
қағидалары 
басқаруды 
ұйымдастыруға 
және 
оның 
құрылымына, жүйесіне қойылатын негізгі талаптарды анықтайтын басшылық 
ережесі. Басқару қағидалары жеке және жалпы болып екіге бөлінеді. 
Басқарудың жалпы қағидалары барлық салаға ықпал етуімен сипатталады, 
олар: мақсаттылық, жоспарлылық, құзыреттілік, тәртіптік, ынталандыру. 
Басқару саласы өндіріспен ғана шектелмейді, ол әлеуметтік ағзаның ішкі 
ерекшелік белгісі ретінде сипатталады, басқару іс-әрекеті бір әлеуметтік 
вакуумда іске асырылмайды, ол арнайы жағдайда іске асырылады (К.Маркс).
Басқару қағидаларына анықталған, тұрақтандырылған басқару 
заңдылықтары жатады. Мектепішілік басқарудың негізгі заңдылықтарына 
оқу-тәрбие жұмыстарын басқару, реттеу, сапасын қадағалау, талдау, 
мақсатқа жету, басқарудағы еркіндік және мұғалімдердің түрлі басқару 
жұмыстарына дайын болуы жатады. Осы заңдылықтарға негізделген
басқарудың негізгі қағидаларына мыналар жатады: педагогикалық жүйені 
басқарудың еркіндігі; басқарудағы жүйелілік және орталықтандыру; бірігу 
және ұжымның оң қарым-қатынасы; педагогикалық жүйені басқарудағы 
ақпараттың толықтылығы мен шынайылығы; мектептегі басшылықтың 


36 
өзгеруі және оның конкурспен тағайындалуы, т.б. Мектепішілік басқаруда ең 
маңыздысы ақпараттардың ашықтығы және қол жетімділігі, яғни мектепте 
тиімсіз жағдай орын алып жатса және одан ұстаз хабардар болса, онда ол бұл 
мәселеге немқұрайлы қарамауы тиіс. Басшылықтың әрдайым есеп беруі, 
мектептің педагогикалық кеңесі, ұжым мен ата-ананың белгілі бір мәселеге 
араласып, көзқарастарын талқылаулары қажет. Педагогикалық жүйені 
басқаруды тек ықпал етумен ғана шектеп қоюға болмайды, мұнда 
ұйымдастырушылық, бірігіп басқару және өзін өзі басқара білуде маңызды 
рөл атқарады.
Демек басқару ұстанымдары бұл басқаруды іске асырудағы 
сақталынатын негізгі ережелер. Педагогикалық менеджмент қағидалары – 
бұл басқарылатын субъектілер мен объектілердің өзара әрекеттестігіндегі 
субъектінің мінез-құлық ережелері (нақты мақсаттылық; кооперация және 
еңбекті бөлу; функционалдық; кешенділік) (М.А.Гончарова).
Сонымен негізгі қағидаларға мыналар жатады: педагогикалық жүйені 
демократизациялау 
және 
ізгілендіру; 
орталықтандыру 
және 
орталықсыздандырудың парасатты үйлесімі; жеке билік пен алқалы биліктің 
бірлігі; педагогикалық жүйені басқару ақпараттарының объективтілігі және 
толықтылығы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет