Дәрістер №1 дәріс 1-БӨлім білім берудегі менеджменттің теориялық



Pdf көрінісі
бет6/79
Дата24.12.2022
өлшемі1,45 Mb.
#59426
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Байланысты:
Д рістер №1 д ріс 1-Б лім білім берудегі менеджментті теориялы

 
Жоспар
1. Білім берудегі басқару түсінігі. 
2. Педагогикалық менеджменттің басқару қызметінің айрықша түрі 
ретіндегі мәні мен ерекшеліктері.
3. Педагогикалық менеджменттің жүйетүзуші факторлары. 
4. Педагогикалық менеджмент мақсаты мен міндеттері, атқаратын 
қызметтері.
Негізгі ұғымдар: білім беруді басқару, педагогикалық менеджмент, 
білім берудің сапасы, жүйе құраушы факторлар, мемлекеттік-қоғамдық 
басқару. 
1. Білім берудегі басқару түсінігі. Басқару реттеуге, қорғауға, 
қойылған мақсатқа сай нысанның жүйесін өзгертуге немесе жоюға 
бағытталған, субъектінің нысанға әрекет ету үрдісі. Басқарудың негізгі 
мақсаты – нәтижеге қол жеткізу үшін күштерді, құралдарды, уақытты, 
ресурстарды (адамзаттық, мтериалдық, қаржылық) тиімді және жоспарлы 
қолдану, сонымен қатар мәселенің шешімін қабылдау үрдісін жетілдіру. 
Биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер басқару нысаны болуы 
мүмкін.
Білім беру жүйесі әртүрлі әлеуметтік жүйелердің бірі болып табылады. 
Білімді басқарудың мәні білім беру жүйесіндегі оқу-тәрбие үрдісінің 
мақсатқа бағыттылығыныа және ұйымдасқанына қолдау көрсету болып 
табылады. Білімді басқару әлеуметтік басқарудың жалпы заңдылықтарына 
сүйеніп, нақты жағдайда ұйымдастырылған оқу-тәрбие үрдісінде әлеуметтік 
маңызды мақсаттарды құру және қол жеткізу тәсілдерінің өзіне тән 
ерекшеліктері бар. Оның нысаны тек оқу-тәрбие үрдісі ғана емес, олардың 
бағдарламалық-әдістемелік, кадрлік, материалдық-техникалық, нормативтік-
құқықтық, әлеуметтік шарттарын қамтамасыз ету, ал мақсаты оның 
тиімділігін арттыратын, білім беру жүйесінің әлеуетінде тиімді қолдану 
болып табылады. 


14 
Сондықтан ғылыми әдебиеттерде «мектептік менеджмент», «білім 
беру менеджменті», «оқу менеджменті», «педагогикалық менеджмент» 
ұғымдары қолданылады. Педагогикалық менеджменттің мынадай түрлері 
бар: 
Стратегиялық педагогикалық менеджмент – бұл білім беру жүйесінің 
миссиясына қол жеткізуде білімнің тиімділігін арттыруға бағытталған білімді 
стратегиялық басқарудың технологиялық тәсілдері мен ұйымдастыру 
формалары, әдістері, қағидаларының кешені. 
Оперативтік педагогикалық менеджмент – бұл білім беру 
ұйымдарының мақсатына қол жеткуздің тиімділігін арттыруға бағытталған 
педагогикалық бөлімшелерді (білім алушыларды) оперативті басқарудың 
технологиялық тәсілдері және ұйымдастыру формалары, әдісетері, 
қағидаларының кешені.
Тактикалық педагогикалық менеджмент – сабақтың мақсатына жетудің 
тиімділігін арттыруға бағытталған білім алушыларды туындаған жағдаятқа 
сәйкес басқарудың технологиялық тәсілдері мең ұйымдастыру формалары, 
әдістері, қағидаларының кешені.
Операциялық педагогикалық менеджментсабақта басқарушылық 
әрекетке жетудің тиімділігін көтеруге бағытталған қалыптасқан жағдаятқа 
сәйкес білім алушыларды басқарудың технологиялық тәсілдерінің кешені. 
 Операциялық 

тактикалық 
педагогикалық 
менеджмент 
– 
педагогикалық міндеттерді шешуде нақты педагогикалық жағдаяттарды 
басқару үрдісінде алғашқы буын педагогтарының (оқытушының, кәсіптік 
оқыту шебері) басқарушылық іс-әрекеттерінің саласы (басқарудың бірінші 
деңгейі). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет