Дәрістер №1 дәріс 1-БӨлім білім берудегі менеджменттің теориялық


Педагогикалық ұжымдағы қақтығысты басқару ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет62/79
Дата24.12.2022
өлшемі1,45 Mb.
#59426
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   79
Байланысты:
Д рістер №1 д ріс 1-Б лім білім берудегі менеджментті теориялы

3. Педагогикалық ұжымдағы қақтығысты басқару ерекшеліктері 
мен қиыншылықтары. Қақтығысты басқару - бұл оған қатысушылардың 
мінез-құлықтарын коррекциялау мен мақсатқа бағытталған себептердің 
әсерін қалыпқа келтіру.
А.Н. Чумиков қақтығысты басқару қабілеттерін анықтаған:
• 
институционалдық – қақтығысты құрайтындарды, шешімдерінің 
ережелері мен нормаларын дайындау;
• 
легитимизация - көпшілік қақтығысқа қатысушылардың 
ұсынылған нормалар мен ережелерді өз еркімен ескеру дайындығы бар ма 
жоқ па, соны қадағалау;
• 
қақтығыстық топтың құрылымы, берілген мәселені таратушы- 
ұжымдық және жеке субьектілердің көрінуін болжайды;
• 
қақтығыс редукциясы - басқа деңгейге аудару есебінде оның 
соңғы нәтижесін күтуі;
Қақтығысты басқаруда іртүрлі әдістер қолданылады, оны қолдану 
аумағы бойынша топтастыруға болады: тұлғаiшiлiк, бұл жеке тұлғаға әсер 
ететiн әдiс; құрылымдық, бұл ұйымдасқан қақтығыстың шеттетiлуi бойынша 
қолданылатын әдiстер; тұлғааралық әдiстер немесе қақтығыстағы тәртiп 
стилi; байланыстар; т.б. 
Білім беру саласында іс-әрекет субъектілерін төрт топқа бөліп 
көрсетеді: оқушы, мұғалім, ата-ана және әкімшілік. В.Воронин олардың өзара 
қарым-қатнасы бойынша қақтығыстардың келесі түрлерін сипаттайды: 
оқушы – оқушы; оқушы – мұғалім; оқушы – ата-ана; оқушы –әкімшілік; 
мұғалім – әкімшілік; мұғалім – мұғалім; мұғалім – ата-ана; ата-ана – ата-ана; 
ата-ана – әкімшілік; әкімшілік – әкімшілік. 
Оқу іс-әрекетінде көп таралған оқушылар ортасындағы қақтығыс 
түрлері мен оның туындау себептерін қарастырайық. Жасөспірімдік, 
жеткіншектік ортадағы қақтығыс барлық заманға тән құбылыс. Оқушылар 
арасындағы болатын қақтығыстардың бірі лидерлікке талпынысқа 
байланысты қалыптасқан. Мұнда екі-үш лидерлер және олардың сыныптағы 


120 
біріншілік беделге таласуы орын алады. Орта сыныптарда қыз балалар мен 
ұлдар арасында қақтығыстар жиі орын алады. Сонымен бірге кейде үш-төрт 
жасөспірімдердің бүкіл сынып немесе бір оқушының бүкіл сынып 
оқушыларымен қақтығысқа түсуі мүмкін.
Психолог зерттеушілер (О.Ситковская, О.Михайлова) бақылауынша 
лидерлікке жол, әсіресе жасөспірімдер ортасында қатыгездік, мейірімсіздік, 
өзінің бірінші екендігін көрсетуге немесе демонстрациялауға байланысты 
орын алады. Оқушылардың агрессивтік қылықтарының генезисі олардың 
жеке тұлғалық әлеуметтенуінің кемшіліктеріне (себептері сан алуан түрлі, 
әсіресе отбасылық жағдаяттар) байланысты. Л.С. Алексеева сәтсіз құрылған 
жанұя түрлерін көрсетеді: кикілжіңді; аморальді; педогогикалық құзыретті 
емес; асоциалды; т.б. 
Г.П. Бочкарёва жанұяны бөліп көрсетеді: эмоционалды атмосферасы 
сәтсіз құрылған, мұнда ата-аналары өз балаларына мейірімсіз, сонымен қатар 
дөрекі, т.б.; мүшелері арасында эмоционалды байланыс жоқ, баланың 
қажеттіліктеріне немқұрайлы қарау; балаға саяси жағымсыз қажеттіліктер 
мен қызушылықтар іліп, оларды аморальді өмір сүруге итермелеу. 
Ата-аналары физикалық күш көрсету арқылы тәрбиеленген балалар 
көбінесе қақтығысқа түскіш (А.Бандура), жазалау жеке тұлға қылықтарының 
кикілжіңділігінің моделі (Л.Джавинен, С.Ларсенс) деп санайды.
Сынып ішіндегі жеке тұлғалар арасындағы қақтығыстар түрлері өте 
көп. Топ әртүрлі күрделі де көп деңгейлі және көп функциональды көріністі 
болғандықтан, онда әр түрлі қақтығыстар дамиды. 
Берілген топтағы микро-топтардың өзара әрекеттесуі барысында 
қақтығыстардың туындауы мүмкін. Мұндай топтар әр түрлі кіші әлеуметтік 
топтарда кездеседі, және оларды саны 6-8 адамнан аспайды, сонымен қатар 3 
адамнан тұратын микро-топтар да бар. Көпсанды топтар тұрақсыз болып 
келеді. Топ мүшелерінің жас деңгейінің өсуіне және олардың әлеуметтік 
статусына байланысты топтардың саны азаяды. Топтың өмірінде мини-
топтар үлкен рөл ойнайды. Олардың өзара әрекеттесуі толығымен топтың 
климатының өзгеруіне, іс-әрекетінің нәтижелігіне әсер етеді. Кіші топтардың 
ішінде топтық өмірдің ережелері мен нормаларынан қозу байқалады, дәлірек 
айтқанда мини-топтағы ережелердің өзгеруіне инициатор болып табылады. 
«Ортаға жаңадан келген адам» ең бірінші, топтағы мини-топты таңдау мәселе 
алдында тұрады. Ол топ оны өзіне қабылдап, оның мінезін мақұлдайды. 
Түзілу деңгейінде және оқушылардың өзара бейімделу деңгейінен өткен 
мектеп сыныбы, ереже бойынша осындай бірнеше микро-топтардан тұруы 
мүмкін. Олардың бұлай түзілуінің принципі болып, қатысушылардың 
статусына байланысты: «жұлдызы» бар немесе лидері бар жоғары статустық 
топтар, орта және төменгі статустық топтар, жиірек топ қабылдамаған жеке 
тұлғалардың (изгои) өзара қарым-қатынас құрған топтар болып бөлінеді. 
Сыныптағы балалардың жынысы мен жасына байланысты кіші топтарға 
бөлінуі де әр түрлі өтеді. Бастауыш мектепте мектеп үлгерімі принципіне 
байланысты кіші топтар түзіледі және бір топтың өзіне сол және басқа 


121 
жыныс мүшелерінің оқушылары түседі. Ал жеткіншектердегі балалар мен 
қыздар топтары көбінесе автономды болады. Мұнда балалар саны көп болса, 
онда топтың құрылымы бұтақталып, бір топқа жиналады. Ал егер қыз саны 
көп болса, ұлдар көбінесе қыздардың лидерлеріне бағытталып, бағынады. Бір 
сыныптағы кіші топтар арасында әртүрлі қарым-қатынастар түзіледі. Ереже 
бойынша топтар арасында оң байланыс немесе барлық төменгі және орта 
статустық топтар жоғары статустық топқа бағытталуы мүмкін. Кейде топ 
ішінде топаралық кикілжіңдерді тудыратын бір адам немесе тұрақты жүк 
болады, олар басқа кіші топтың лидерімен қақтығыс қарым-қатынас құруы 
мүмкін: қақтығыстар жоғары статустық топтардың, сыртқы референтті 
топтың ортақ мақсатына және құндылықтарына қарсы тұруы немесе сәйкес 
келмеуіне байланысты туындайды; басқару стилімен келіспеген формальді 
емес сыртқы топтың басқарушысымен әрекеттесу барысында туындайтын 
кикілжіңдік жағдайлар. Мұндағы кикілжің топтық болып басталмайды. Бұл 
жердегі кикілжіңге қатысушылар басқарушы және топтың жеке тұлғасы 
болуы мүмкін; қақтығыс кіші топтың өзінде туындауы мүмкін. Егер де 
кикілжіңге топтың басқа мүшелері қатыспаса, онда тарқаған топтың 
мүшелері өз орнынан басқа қоғам - достықтан табады; лидерлер арасындағы 
кикілжіңдер. Бір жағдайда кикілжің күштері тең екі микро-топтың 
лидерлерінің арасында болса, екінші жағдайда кикілжің тұрақталған 
лидермен оның қолдаған, күшейіп келе жатқан адамының арасында 
туындайды. Бұдан басқа сынып үшін әр түрлі бағыттағы лидерлер 
кикілжіңдері дәстүрлі болып табылады. Мұндай қарсы күрестердің қажеті де 
жоқ, сонымен қатар үлкендердің дұрыс басқара алмауынан туындайды. Олар 
оқушыларға сыныпты «әсер ету сфераларына» бөлуге, өзінің лидерлік 
басшылығы тән спецификалық зоналарын әр лидерлерге табуға көмек 
бермейді. 
Сонымен 
қатар, 
формальді 
емес 
лидермен 
топтың 
басқарушысының 
арасындағы 
кикілжің 
көп 
таралған. 
Лидермен 
басқарушысының қызығушылықтары мен мәселелері бағыттас болса да, олар 
үнемі қақтығысуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет