110
Қарым-қатынас ешқандай мәселесiз болу үшiн келесi кезендерден өтуi
керек: байланысты қалыптастыру (танысу), басқа адамды түсiну, өзiн басқа
адам
ретiнде сезiну; қарым-қатынас жағдайын бақылау, өткендi ойлау,
үзiлiске шыдау; қызықты мәселелердi талдау; байланысты аяқтау (одан
шығу); мәселелердi шешу.
Ақпаратпен алмасу тәсiлi бойынша iскер
қарым-қатынасты ауызша
және жазбаша деп екіге бөлiнедi. Монологтық түрiне: амандасып сөйлесу;
сауда-саттық
сөйлесу
(жарнама);
ақпараттық
сөйлесу;
баяндама
(жиналыстарда, отырыстарда).
Диалогиялық түрi: iскер сөйлесу, тек қана бiр тақырыпқа байланысты
қысқа уақыттық байланыс; iскер әңгiме - шешiм қабылдауда қолданылатын
ұзақ уақытқа
созылатын ақпаратпен алмасу; байланыстар - кез келген
сұрақты ашу мақсатында оны талқылау; интервью (радио, телевиденияларда
тiлшiлермен сөйлесу); пiкiр сайыс; кеңес (жиналыс); прессконференция;
іскер байланыстық әңгiме - үздiксiз «тiрi» диалог;
телефондық әңгiме
(дистантты) вербалды емес коммуникациядан тұрады.
Оқыту үдерісі тиімді болу үшін қарым-қатынастың үш жағы
да қатысуы қажет: ақпараттық (ақпараттың беруілуі және сақталуы);
интербелсенді (бірлескен іс-әрекетте өзара әсердің
ұйымдастырылуы); перцептивті (адамның басқа адамдарды
қабылдауы және түсінуі). Жұмыс бабындағы қатынас – іскерлік
қатынас деп аталады. Іскерлік іс-әрекетті
формальды деп атайды,
күнделікті тұрмыстық – отбасылық қатынасты формальды емес деп
атайды.
Достарыңызбен бөлісу: