3. Философиялық дүниетаным жəне дүниеге көзқарастың тарихи түрлері Дүниетаным – дүние жəне ондағы адам орны туралы тұтас
көзқарас.
Тарих дамуында адамзат дүниетанымының үш тарихи түрі қалыптасты:
1)
мифология;
2)
дін;
3)
философия.
Мифология (гректің «миф» - «аңыз» сөзінен) - қоршаған дүние туралы
реалды түсінікпен қатар фантастикалық қиялдың қосындысынан тұратын
ежелгі қоғам дүниетанымы, қоғамдық сананың формасы.
Миф жауап беруге тырысатын негізгі сұрақтар: 1)
Əлемнің, Жердің жəне адамның жаратылуы.
2)
Табиғи құбылыстар туралы түсінік.
3)
Адам өмірі, тағдыры мен өлімі, əрекеті, жетістіктері, т.б.
4)
Борыш, ар-намыс, имандылық мəселелері.
Мифтің белгілері жəне жалпы сипаты: 1)
табиғатты жанды тіршілік ретінде қабылдау;
2)
фантастикалық
құдайларға,
олардың
ө з а р а
қатынасына, байланыстарына сену;
3)
абстрактылы ойлаудың (рефлексияның) болмауы;
4)
мифтің нақты
өмірлік міндеттерді (шаруашылық, стихиядан
қорғану,т.б) шешуге бағытталған практикалық сипаты;
5)
мифологиялық сюжеттердің біркелкілігі мен тереңге бойламайтын
үстірт, жеңіл мағыналылығы.
Дін – (латынның «религия»-«құдайшылдық» сөзінен) - сенімге
негізделген, адам өмірі мен қоршаған дүниені басқаратын, жарататын
құдіретті күштердің барын мойындайтын дүниетаным түрі. Діни дүниетаным
адамнан дүние туралы сезімдік, образды- эмоцианалды түсінікті талап етеді.
Діннің мақсаты мен мағынасы – қоғам мен жалпы адамзаттың назарын
Құдайға бағыттау арқылы бір бағытқа жұмылдыру, орталықтандыру, сол
арқылы адамды жəне осы дүниелік болмысты мəртебелендіру.
Дін де миф ізденетін сұрақтарға жауап береді: 1) əлемнің, Жердің, Жердегі тіршіліктің, адамның пайда болуы;
2) табиғи құбылыстарға түсінік;
3) адам əрекеті тағдыры;
14
Жанды Этика ілімі
Рухани интуиция мен ақылға
негізделген дүниені
тану
құралы, адамды рухани
жетілдіру жолы.
9
4) адамгершілік мəселелері;
5) қарым-қатынас мəселелері.