Дәрістер жинағы толық-19-09-2020 (2)


Кең тараған ұлттық діндер



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата25.03.2023
өлшемі0,92 Mb.
#76120
1   2   3   4   5   6   7   8
Кең тараған ұлттық діндер: 
1) синтоизм; индуизм; 
2) иудаизм. 
Негізгі əлемдік діндер үшеу: 
1) буддизм; 
2) христиандық; 
3) ислам. 
Дін мынадай қызметтер атқарады: 
1)
дүниетанымдық - дүние туралы жалпы түсінікті қалыптастырады; 
2)
біріктірушілік - қоғамды қандай да бір идея үшін немесе идея 
төңірегіне топтастырады; 
3) мəдени - мəдениетке ықпал етеді немесе мəдениеттің таралуына 
жағдай жасайды; 
4) адамгершілікке тəрбиелейді, адамгершілікті насихаттайды 
(мейірбандылық, инабаттылық, жанашырлық, адалдық, сыпайылық, 
төзімділік, борыш идеяларын жоғары бағалайды, уағыздайды); 
5) компенсаторлық - адамның табиғат, əлеуметтік проблемалар, т.б. 
жағымсыз сипаттағы басқа да факторлар алдындағы əлсіздігін, 
қорғансыздығын басқа сипаттармен толықтырады; 
6) жүйелеушілік - адамдардың тəртіптері мен өзара қатынастарын 
идеялар, нормалар, дəстүр, ритуал, құқық, мораль, қағидалар,т.б. арқылы 
жүйелейді; 
7) мəдениет жалғастылығы - ұрпақтар арасындағы ой жалғастылығын 
қамтамасыз етеді; 
8) интеграциялық, дезинтеграциялық - индивиттерді топқа немесе 
əлеуметтік институттарға бөлу-біріктіру. 
Философия - дүниетанымның ғылыми - теориялық түрі. Философиялық 
дүниет анымның діни жəне мифологиялық дүниет анымдардан 
айырмашылығы: 
1) нақты ұғымдар мен категориялардан құралады; 
2) қиялға, сенімге емес, білімге сүйенеді; 
3) рефлексивті (ойдың өз- өзіне бағытталуы); 
4) қисындылығы (ішкі тұтастық пен жүйелікке негізделеді). 
Осылайша 
философия - рационалдылықпен, 
жүйелілікпен 
жəне қ и с ы н д ы л ы ғ ы м е н е р е к ш е л е н е т і н 
дүниетанымның жоғарғы деңгейі мен түрі. 
Философияның дүниетаным ретіндегі эволюциясы 3 кезеңнен өтті: 
1) космоцентризм; 
2) теоцентризм; 
3) антропоцентризм. 


10
Космоцентризм - Əлем, табиғат құбылыстары-сыртқы күштердің- 
Космостың күшімен, əсерімен, шексіздігімен түсіндірілетін, бүкіл тіршіліктің 
космостық циклдарға тəуелділігін тұжырымдайтын философиялық 
дүниетаным (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, т.б. шығыс елдеріне жəне Ежелгі 
Грецияға тəн). 
Теоцентризм - бүкіл болмыс, тіршілік - тек қана құдіреттің, Құдайдың 
үстемдігімен түсіндірілетін пікірге сүйенетін философиялық дүниетаным 
түрі (ортағасырлық Европаға тəн). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет