Дәрістер жинағы толық-19-09-2020 (2)



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата25.03.2023
өлшемі0,92 Mb.
#76120
1   2   3   4   5   6   7   8
Антропоцентризм - орталығында адам мəселесі тұрған философиялық 
дүниетаным түрі (Қайта Өрлеу дəуіріндегі Европаға, Жаңа Заманға, қазіргі 
заманғы философиялық мектептерге тəн). 
4.
Философиялық білімнің ерекшелігі жəне функциялары 
Философиялық білімнің басты ерекшелігі - оның екіұдайлығында. 
Ол ғылыми білімге жақын: пəні, əдістері, логикалық-ұғымдық 
аппараты ғылыммен ортақ. 
Сонымен қатар философия таза түрдегі ғылыми білім де емес. 
Философияның барлық басқа ғылымдардан айрықша белгісі - адамзат 
жинақтаған білімдердің барынша жалпыланған түрі, теориялық дүниетаным 
болуында. 
Философия пəні кез келген нақты ғылымдардың зерттеу пəнінен 
ауқымды. Философия білімді жалпылайды, кей ғылымдарды біріктіреді, бірақ 
барлық ғылыми білімдерді сарқып, жойып мəнсіздендірмейді. Ол 
ғылымдардың барлығына ортақ сипатты, құбылысты ғана қамтып, нақты, 
арнайы білімдерді сол ғылымның еншісіне қалдырады. 
Философиялық білімнің ерекшелігі мынада: 
1) құрылымы күрделі (онтология, гносеология, логика, т.б.); 
2) барынша жалпы, теориялық сипатта; 
3) ғылымдардың негізінде жатқан базалық, басты идеялар мен 
ұғымдарға сүйенеді; 
4) көбінше субъективті-философиялық жүйелерімен, идеяларымен 
қатар философтардың дүниетанымдарының таңбасы, ойлау ерекшеліктері 
де қоса беріледі; 
5) объективті - білімдер мен құндылықтардың, өз заманының 
адамгершілік идеяларының жиынтығы болып табылады, өз дəуірінің 
ықпалына ұшырайды; 
6) таным объектілерін ғана емес, таным механизмдерін де зерттейді; 
7) рефлексия қасиетіне ие - ойдың өзіне-өзінің бағытталуы (нəрселер 
дүниесімен қатар, білімнің өз-өзіне бағытталуы); 
8) өзіне дейінгі философтар жасаған доктриналардың əсер-ықпалына 
ұшырайды; 
9) динамикалық сипатта - тоқтаусыз даму, жаңару үстінде болады; 
10) барынша жалпы ұғымдарға - 
категорияларға сүйенеді; 
11) мəні сарқылмас терең; 
12) адамның (танушы субъекттің) танымдық қабілеттерімен шектелуі; 


11
13) логикалық тұрғыдан ешқашан біржола шешілмейтін «мəңгілік» 
сұрақтармен айналысады (болмыстың жаратылуы, табиғаты, материяның 
немесе сананың біріншілігі, тіршіліктің пайда болуы, жанның 
ажалсыздығы, Құдайдың бар-жоқтығы, оның дүниеге əсері, т.б.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет