Дәрістер кешені



бет27/27
Дата26.02.2023
өлшемі91,59 Kb.
#69967
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
№6 Лекция курсы

Гипертимдік типтілер.
Балалық шағында әдетте шулы. Олар қабілетті, алғыр, ақылды барлығын бір айтқаннан ұғып алады, бірақ шыдамсыздықтан азап шегеді, тәртіпсіз әрқашан көңілдері көтеріңкі, денсаулығы зор, сыртқы пішіні әдемі, белсенді, жігерлі, тәбеті жақсы, ұйқысы тыныш.
Гипертимниктер тәртіпті уақыт тәртібі дәрежесін ұнатпайды, әдеттегіден тыс ерекше жағдайларда саспайды, тапқыр келеді. Ережелер мен заңдарға жеңіл қарайды. Тыйым салынғандықпен, ерік берілгендік арасындағы шекті жеңіл бұзады. Топ арасында болғанды ұнатады, көшбасшы болуға талпынады, ішімдікке бейім, еңбекті көп талап ететін, өнімсіз, ұқыптылықты, орнықтылықты талап ететін жұмысты орындай алмайды. Олар үшін болашақ – шаттық өмір, келеңсіз жағдайлар оларды көп уақытқа жолдан тайдырмайды. Өзінің қабілеттері мен мүмкіндіктерін жоғары бағалайды, тез қайтымды. Ренжісіп қалған адамымен жылдам татуласады. Әрқашанда жұмыс істегенді ұнатады, жаңалыққа атаққұмарлық үшін емес, әуес болғаны үшін талпынады. Адаммен араласқанды ұнатады.
Гипертимді типтес тұлғалар қылымсығанды ұнатады, әдемі киімді ұнатады, әдетте жақсы бишілер, спортшылар, ал жарыс олар үшін нәтиже емес, сол процесстің өзі тартымды.
Әдетте, жан-жақты қабілетті, ақыл-ойы дарыған, бірақ қызығушылығы үстірт және тұрақты емес, төзімділік жетіспейді. Өзінің бостандығына қысымға шыдамайды, бөтен пікір мен санаспайды. Сенімді адам емес, уәде беріп, ұмытып кетуі ықтимал. Өз кінәсін басқаларға артады, өздері де кешірімді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет