Дәрістер кешені


«Кеңес – комитеттер жүйесі» үлгісі



бет2/27
Дата26.02.2023
өлшемі91,59 Kb.
#69967
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
№6 Лекция курсы

«Кеңес – комитеттер жүйесі» үлгісі. Кеңестің әр түрлі бағыттағы әрекеті ең алдымен, өкілдік етілген құзыреттердің маңызды бөлігіне ие кеңес комитеттерімен жүзеге асырылады. Атқарушы биліктің жалғыз күшті саяси басшысы болмайды. Бас басқарушы ақы төленетін шенеунік аппаратының басшысы, тек «теңдердің арасындағы бірінші», менеджер болып табылады және толықтай кеңеске тәуелді. Әдетте бұл нұсқада кеңестің күшті саяси комитеті, қаржы комитеті және жоғарғы шенеуніктерден тұратын әкімшілік басқару тобы болады.
«Басқарушы (атқарушы) комитет үлгісі. Кеңес атқарушы биліктің ұжымдық басшысы ретінде қызмет ететін кішігірім басқарушы (атқарушы) комитетін тағайындайды. Комитет мүшелері белгілі бір департаменттер мен қызметтер үшін атқарушылық жауапкершілікке ие болуы мүмкін. Егер қандай да бір комитеттер болса, онда олар атқарушы болып табылмайды. Олар басқарушы комитетке және жалпы кеңеске тек кеңес беру қызметін атқарады. Басқарушы комитет әкімшілік басшысының тұрақты қолдауымен әрекет етеді. Және де аталмыш нұсқада әкімшілік басшысы шенеуніктерге үлкен құзыреттердің өкілдік етілуімен қатар күшті билік құзыретіне ие.
Сонымен қатар бұл үлгіге «кеңес – комитеттер жүйесі» үлгісінде де бар кемшіліктер тән болады. Өйткені саяси қабілеттер мен департаментті, нақты қызметті басқару қабілеті әрдайым бір адамға тән емес. Осыдан көп жағдайда менеджерлік қателіктер орын алады.
«Кеңес – менеджер» үлгісі. Тұрғындармен сайланатын әрі мэрмен немесе төрағамен басқарылатын кеңес формальды түрде заң шығарушылық, саяси және жалпылама билікке ие бола отырып, азаматтар алдында қалалық басқарудың барлық аспектілеріне жауап береді. Алайда, ол отырыстарды жиі өткізбейді және бюджетті бекітумен, негізгі саяси басымдықтарды анықтаумен және т.б. ғана шектеледі. Кеңес комитеттері тек кеңес беру сипатына ие (мысалы, заң шығару бойынша, бюджет бойынша). Кеңес куратор ретінде кең өкілдік етілген атқарушылық құзыреттерге ие кәсіби менеджерді тағайындайды. Бұл кең өкілдік етілген атқарушылық құзыреттерге ие куратор жүйесі болып табылады. Бұл жүйе және «кеңес – комитеттер жүйесі» үлгісі бір-біріне айтарлықтай ұқсас болу үстінде.
Аталмыш үлгінің кейбір модификациялары менеджердің тағайындалуы (орнынан түсірілуі) орталықтың бақылауында болуымен сипатталуы мүмкін және де оның қызметтері тиісті заңнамамен анықталып, ал кеңес мүшелеріне ақпаратты алуға және атқарушы биліктің кейбір шешімдерін қайта қарастыруға айрықша құқықтар берілуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет