Әлеуметтік саясат билігі туралы теориялық талдаулар «Әлеуметтік саясат» ұғымы ежелден бастау алады. Адамзат дамуының тарихында бұл ұғым түрлі қоғам мүшелерінің қажеттіліктеріне байланысты өзінің негізгі функциясын орындап отырды. Оның астарныда қоғам мәдениеті мен дініне негізделген әлеуметтік әділеттілік жатады.
Саяси тарихты талдау барысында көптеген ойшылдардың зерттеу пәні мемлекет пен қоғамның қарым-қатынасы және мемлекеттің атқаратын қызметі екенің көреміз. Бірқатар ғылыми мектеп өкілдері мемлекеттің құрылудағы басты мақсаты – ол өз тұрғындарының жағдайын жасау деген тұжырымға келді. Платонның айтуы бойынша «кез келген билік, ол билік болғандықтан, өзінің қамқорлығын басқа біреуге емес, тек өзінің бағыныштыларына жасайды», ал «берілген билеуші өзіне тиімдіні емес, бағынушыларына тиімдіні көздейді». Платон еңбек бөлінісіне негізделген, әлеуметтік бөліну мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Демек, ежелден-ақ қоғамның әлеуметтік және экономикалық ерекшеліктері көрінген.
Аристотель еңбектерінде «мемлекет өмір сүру үшін ғана емес, бақытты өмір сүру үшін жаратылады», «мемлекет – …көмек көрсету мақсатындағы одақ», ал ең жақсы мемлекеттік құрылым деп, ұлы ғұлама әр адамның ізгілікте және бақытта өмір сүруіне мүмкіндік берген құрылымды мойындауды ұсынған [3]. Дәл сол Аристотель айтқан «орта табысы бар орта адамдардан тұрат мемлекет» теориясы қоғам тұрақтылығының негізгі факторларының бірі болып отыр.
Т.Гоббс, И.Кант, Ф.Гегель және т.б. мемлекеттің өзінің азаматтары алдындағы міндеттерін талссыз әлеуметтік және ұнамды құндылықтардың негізі ретінде қарастырады. В.фон Гумбольдт «Идеи к опыту, определяющему границы деятельности государства» мемлекеттің бейбітшілік, қоғамдағы қауіпсіздік, индивидтердің еркіндігі мен құқықтарын қорғау секілді заңды функциялары мен қатар әркімнің әл-ауқаты мен бақытын қамтамасыз ету деген әлеуметтік міндеттерін де көрсетті. Яғни, мемлекет қоғам тұрақтылығын, азаматтардың еркіндігін ғана басты міндетке алмай, сонымен бірге әрбір қоғам мүшесінің қажеттіліктерін қанағатандырып, олардың бақытының баянды болуын да назардан еш тастамағаны дұрыс болып табылады.
И.Фихте мемлекеттің азаматтардың өмір жағдайының кезеңдерінде әлеуметтік қамсыздандыруға максималды қатысуы керек туралы «Замкнутое торговое государство» еңбегінде кеңінен талдап өтеді.
О.Хеффе бойынша, «егер адамзат тұрмысы легитимди сипатта болса, онда ол біріншіден, құқықтық сипатта, екіншіден, құқық әділеттілік сапасында болуы керек, ал үшіншіден, әділетті құқық әділетті мемлекет сипатындағы қоғамдық тәртіппен қоғалуы тиіс».
Т.И. Заславская «әлеуметтік саясат» ұғымын тар және кең мағынада қарастырады. Оның түсіндіруінше әлеуметтік саясат барлық халықты емес, оның ішінде мемлекет тарапынан қолдауларды қажет ететін белгілі бір әлеуметтік топтар жатады. «Әлеуметтік саясат» тар мағынада - бұл түрлі себептермен өмірдің қиын жағдайларында күн кешіп, жағдайларын түзеуге шамалары келмейтін қоғамдық топтар мен тұрғындарды қолдауға арналған мемлекеттік іс-шаралар кешені. Ал кең мағынада Т.И. Заславская негіздеуінше, әлеуметтік саясат аса күрделі және ауқымды мақсатты, яғни қоғамдық құрылым мен институттарды социалистік қатынастар орнатуға бағытталады. Әрине, бұл тұжырымның сол уаұыт талабына сәйкес идеологиялық астары бар .
«Әлеуметтік саясат» ұғымына Р.Барнер мынадай анықтама береді: «Әлеуметтік саясат – индивидтер, топтар, қауымдастықтар, әлеуметтік мекемелер арасындағы қатынастарға араласатын, реттейтін және қалыптастыратын әдістер мен қоғамның қызметі мен принципі» .
Әлеуметтік статус теориясы – әлеуметтік стратификация концепциясының құрамды бөлігі. Бұл теорияны жасаған Г.Д.Мейн және адан кейін жалғастырғанда Р.Линтон, Ф.Мерилл. Әлеуметтік статус тұлғаның қоғамдағы жасы, жынысы, шығу тегі бойынша алатын орнын білдіреді. Статус туылғаннан (әлеуметтік шығу тегі, ұлты) және қол жеткізілген (білімі және біліктілігі) болып екіге бөлінеді. Осы тұста әлеуметтік саясат қоғамда адамдардың түрлі статустарға ие болуы мен өсіп дамуына, ең бастысы әлеуметтену үрдісінің белсенді жүруіне ат салысып, қамтамасыз етуі керек.
Негізінен әлеуметтік саясат қоғамның түрлі әлеуметтік топтар мен таптарына бағытталады. Ал қоғамның түрлі әлеуметтік топтары мен таптарының өздерінің өмір қызметіндегі байланыстары мен қызметтерін ашып, талдайтын осы тұста әлеуметтік стратификация концепциясын қарастырмай кетуге болмайды. Себебі қоғамның өзі – әлеуметтік құбылыс. Қоғамның әлеуметтік жағы, адамдар қатынасы, қоғамның әлеуметтік өмірін зерттейтін ғылым әлеуметтану ғылымында не маңызды десек, әлеуметтік құрылымды ерекше атауға болады. Әлеуметтік стратификация теориясының негізін салушылар – М.Вебер, Т.Парсонс, П.Сорокин. М.Вебер әлеуметтік құрылымды көпөлшемді жүйе ретінде қарастырып, оның ішінде статус пен билікті ерекше қарастырды.