Дәрістер кешені



бет3/27
Дата26.02.2023
өлшемі91,59 Kb.
#69967
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
«Күшті мэр» үлгісі. Мэр атқарушы билік басшысы ретінде не кеңеспен, не кеңестен бөлек барлық тұрғындардың тікелей дауыс беруімен сайланады. Кеңес заң шығару билігіне, кеңесушілік қызметтерге ие, сонымен қоса бюджетті бекітуде шешуші роль атқарады. Кеңес отырыстары, оның қызметтері және комитеттері «кеңес – менеджер» үлгісіндегі бар нәрселерге сәйкес келеді. Соған қарамастан, мэр айтарлықтай, нақты көрсетілген құзыреттерге ие (мысалы, кадрлық тағайындаулар бойынша) және кеңестің тікелей бақылауына жатпайды.
Бұл үлгінің бір модификациясына орталықтың мэрді орнынан алып тастау құқығының болуы жатады.
Ендігі кезекте елімізде жүргізілген соңғы заңнамалық өзгерістерге сәйкес қалыптасқан өзін-өзі басқару құрылымының «қазақстандық» үлгісін жоғарыда аталған жүйелерге сүйене отырып қарастырайық.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың қазақстандық үлгісі
«Қазақстандық» үлгі деп атаудың өзі кездейсоқ емес. Өйткені елімізде қалыптасып жатқан өзін-өзі басқарудың құрылымы белгілі төрт үлгінің ешқайсысына жатпайды. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының санатына мәслихатпен қатар әкімдердің енгізілуі ерекше жағдайды қалыптастырды. Мәслихат тиісті аумақ тұрғындарымен сайланатын өкілдік органы болып табылса да, жоғарыдағы үлгілердегі кеңестерге қарағанда жергілікті атқарушы биліктің жасақталуына ықпал жасауы төмен. Себебі әкімдер жергілікті тұрғындардың қызығушылықтарын жүзеге асырумен қатар жалпымемлекеттік қызметтердің орындалуына жауапты тұлға болып табылады [2]. Соған байланысты «қазақстандық» үлгіде Президент те жергілікті өзін-өзі басқару құрылымына кірістірілген (облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімін облыс (республикалық маңызы бар қала және астана) мәслихатының келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды).
Мәслихат депутаттарына заң бойынша әкімдердің шешімдеріне ықпал етуге кең мүмкіндіктер берілгенімен, олардың жоғары тұрған әкімдер мен Президенттің араласуларынан тиісті дәрежеде қорғалмағандығын байқауымызға болады. Бұл мәселе өз шешімін барлық деңгейдегі әкімдердің мәслихатпен немесе тікелей тұрғындармен сайлану жағдайында табуы мүмкін. Ал қазіргі таңда аудандық деңгейден төменгі әкімшілік-аумақтық бірліктерде өкілдік органдарының болмауы жағдайында аталмыш аумақ әкімдерінің тұрғындармен тікелей сайлануын енгізу жоғарыда айтылған бағыттағы алғашқы қадам болмақ. Айтылған ұсыныстар іске асатын болса, «қазақстандық» үлгінің «күшті мэр» үлгісіне трансформациялануы орын алуы мүмкін. Дегенмен, «атқарушы комитет» үлгісі де біздің шындыққа жақынырақ болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет