Осы әрбір бір басты тараудың көптеген бөлімдері бар. Мысалы, егер біз өте жоғары температуралары бар С плазмалы жұлдызды қарастырсақ, онда заттың моделі релятивистікке ауыстырып және көрсетілген тараулар релятивистік және релятивистік емес болып бөлінеді.
Біз бұл курста тепе – теңдік күйлердің классикалық және кванттық статистикасын және классикалық толық емес тепе – теңсіздік үрдістерді оқып үйренеміз.
Статистикалық физиканың курсын түсіндіру жалпы әдістің алғшқысы ретінде Гиббс әдісі негізінде салынады. Берілген формула бойынша барлық нәтижелер автоматты түрде бірден есептеледі деп ойлауға болмайды. Барлық физикалық теорияларға сәйкес кеңейтілген формула алу жолында қосымша ұйғарымдарға келуге тура келеді.
Гиббс әдісі теориялық физикада Клаузис, Максвелл, Больцманың жылудың атомдық теориясының жұмыстарының негізінде пайда болды. Оның пайда болуы броундық қозғалыс теориясының эксперименталды және теориялық зерттеулерінің шешуші уақытына сәйкес келді. Осыдан көптеген физиктер атомдық теорияның дұрыстығын мойындады және жалпылық пен бірліктілік феноменологиялық теориясын теріске шығарды. Гиббс әдісі атомдық кинетикалық теорияның феноменологиялық энергетикамен ұзақ уақытты және қайратты күресін аяқтады.