Дәрістер тезистері



бет2/20
Дата30.04.2023
өлшемі441,95 Kb.
#88548
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Тұтқырлық - сұйықтар мен газдардың негізгі қасиеттерінің бірі. Мысалы, машиналарды майлау үшін жанармайды алдын ала тұтқырлығына қарап таңдап алады. Сұйық тұтқырлығының температураға байланыстылығы өте күшті болады. Себебі сұйықтың температурасы жоғарылап кризистік температураға жеткенде (мысалы, суды алсақ ол 1000с-та қайнап буға айналады) басқа фазаға өтеді. Әсіресе майлар тұтқырлығының тәуелділігі күшті, мысалы, температурасы 180 С-тан 400 С-қа дейін көтерілгенде кастор майының тұтқырлығы төрт еседей кемиді.
сұйықтың тұтқырлық коэффициенті:
(3)
Тұтқырлық коэффициенттің өлшемділігі:
η=ML-1T-1 (4)
Тұтқырлық динамикалық коэффициенті -пен өлшенеді, яғни жылдамдық градиенті – 1
Заттың тұтқырлығы-сұйық немесе газ түріндегі заттың ығыстыру деформациясына қарсылық көрсету қабілеті. Судың тұтқырлығы- Судың қозғалысы барысында оның үйкеліс күшін туындату қабілеті. Осы құбылыс ағыс жылдамдығы жоғарырақ судың аталған жылдамдық мөлшері төменірек суға әсер етуін қамтамасыз етеді. Судың тұтқырлығы температура мен сулы ерітіндінің үйірімділігіне тәуелді, оның мөлшері тұтқырлық коэффициентімен бағаланады.
Газ тұтқырлығы-Бір-бірімен жарыса, бірақ әр түрлі жылдамдықтармен жылжыған газ қабаттары аралығында пайда болатын олардың ішкі үйкеліс күші (тұтқырлығы).Кинематиқалық тұтқырлық- Кинематиқалық тұтқырлық - газ немесе сұйықтықтын тығыздығына динамиқалық тұткырлықтың қатынасы.
Динамиқалық тұтқырлық-Динамиқалық тұтқырлық - газ немесе сұйықтықтың бір қабаттының екінші қабатына қатысты жылжу кедергісінің сандық сипаттамасы. Сұйықтың динамикалық түтқырлығы. Ауданы 1 см2 сұйық (су) қабатының 1 см/с жылдамдықпен 1 см қашықтыққа қозғалуына қарсылық көрсету күші.
Меншікті бір заттың меншікті жылу сыйымдылығы- деп осы заттың масса бірлігінің температурасын бір градусқа көтеру үшін оған берілетін жылу мөлшеріне сан жағынан алғанда тең болатын физикалық шаманы айтады.
Жылу сыйымдылығы мен қатар молярлық жылу сыйымдылығын да қолданылады. Молярлық (грамм-молекулалық) жылу сыйымдылық пен меншікті жылу сыйымдылығы арасында мынадай қатынас болады:
(5)
мұндағы берілген заттың молярлық массасы.
Газдарды қарастырғанда олардың қандай жағдайда қыздырылғандығына, мысалы, немесе осыған көңіл бөл уқажет.
(6)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет