Дәрістер тезистері


тұрақтысы диффузия коэффициенті



бет3/20
Дата30.04.2023
өлшемі441,95 Kb.
#88548
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
тұрақтысы диффузия коэффициенті деп аталады.
Молекулалық-кинетикалық ұғымдардың қалыптасуынан біраз бұрын диффузия заңын эмпирикалық жолмен Фик анықтаған:
(7)
бірақ ол кезде диффузиялық коэффициенттің өрнегі белгісіз болды да, ол тәжірибе жүзінде анықталып келді.



2


Заттың қасиеттерінің құрылымы мен молекулаларының жылулық қозғалысымен байланысы

Молекулалық физиканың дамуының өте маңызды кезеңі кинетикалық теориямен байланысты. Кинетикалық деген ұғым қозғалысқа қатысы бар дегенді белгілейді, сондықтан құбылыстарды зерттеу үшін қолдануы, олардың динамикалық сипаттарға қатысты екенін көрсетеді. Жылудың кинетикалық теориясы бойынша молекулалар шапшаң немесе баяу қозғалады, егер олар құрамына кіретін дене ыстығырақ немесе суығырақ болса.


Жылулық энергиясы дененің шындығында оның құрамындағы көзге көрінбейтін молекулалық қозғалыстың денеге қатысты тұтас механикалық (кинетикалық және потенциалдық) энергиясы болып келеді. Осы түсінік бойынша жылулық энергия құрамына молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының кинетикалық энергиясы және молекула құрылымындағы атомдардьң айналмалы кинетикалык энергиясы мен тербелісінің кинетикалык және потенциалдык энергиясы кіреді. Осыдан "молекулалардың жылулық қозғалысы" деген термин шығады. Молекулалық гипотеза мен жылулық кинетикалық теориясы заттың кез келген күйіне колданылады. Заттын. үш агрегаттық күйлері - қатты, сұйық және газ тәріздес — молекулалардың жақындық дәрежесі мен қозғалыстарының қарқындылығымен айырылады. Қатгы денеде бөлшектер бір-бірімен тығыз жанасады, сондықтан өте сирек жағдайда олардың кейбіреуі көршілері арасымен сырғанап орын ауыстыруы мүмкін. Қатты денені қыздырғанда молекулалар қозғалысы үдейді, ол дененің жылулык ұлғаюына әкеледі. Бір мезгілде сыртқы қысымға байланысты бір-біріне тығыз жабысқан молекулаға бір топтан екінші топқа ауысуына мүмкіншілік туады. Осы жағдай затгың сұйық күйге ауысуына мүмкіндік береді, одан арғы қыздыру молекулалардың озара байланыс күшін үзіп, оларга еркін қозғалуга мүмкіншілік туғызады, сондықтан молекулалар кез келген қолайлы кеңістікгі жайлайды; зат газ тәріздес күйге ауысады. Қысым мен температураның бір мәндерінде заттың екі фазасы (сұйық пен газ, катты мен сұйық немесе қатты мен газ тәріздес) бірге катар, тепе-теңдік күйде бола, өмір сүре бастайды. Тек бір белгілі қысым мен температура мәнінде заттың барлық үш фазасы бірге тепе тендік күйде қатар өмір сүре алады. Күй диаграммасындагы осы нүктені үштік нүкте деп атайды.
Газдың тығыздығы сұйық немесе қатты күйдегі заттың тызыздығымен салыстырғанда кіші болады. Сондықтан газдың молекулаларының арақашықтығы, олардың өлшемдерінен әлдеқайда үлкен. Қозғалыстағы молекулалар бір-біріне әлсіз әсер етеді, тек жақындасқанда жолдары алғашқы бағыттарынан елеулі ауытқуы мүмкін. Бұл жағдайда молекулалар бір-бірімен соқтығысты дейді. Сонымен, молекула-кинетикалық теория заттың күйлерін және ондағы байқалатын құбылыстарды молекулалар арасында әсер ететін күштермен байланыстырады. Молекулааралық күштердің табиғаты эксперименттік зерттеулер мен теориялық болжаулар нәгижесі арқылы айқындалады. Мысалы, газдардың сұйыққа айналуы, үлкен қашықтықтарда молекулалар арасында тартылыс күштері, ал сұйықтың сығылуға қатты қарсылыгы, жақын қашықтыкта тебу күштері болатынын дәлелдейді және қашықтыққа қатысты бүл күштер қатты өзгереді. Молекулааралық күштерді жақыннан әрекеттесу жэне алыстан әрекеттесу деген екі топқа бөледі. Жақыннан әрекеттесу күштерін валентгік күштер немесе химиялық күштер деп те атайды. Молекулалар соншалықты жақындасқанда. тіпті олардың сыртқы электрондық бұлттары бүркелген кезде, тебу күштері пайда болады. Молекулалық өлшемдерінен үлкен қашықтыкта молекулалар бірін бірі тарта бастайды, демек тартылыс күштер пайда болады.

2




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет