Дәрістер тезистері


Фазалық түрленулер.Фазалық түрленулердің жылу эффектілері мен меншікті жылуы



бет4/20
Дата30.04.2023
өлшемі441,95 Kb.
#88548
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Дәріс-Жылуөткізгіш теориясы-2021

Фазалық түрленулер.Фазалық түрленулердің жылу эффектілері мен меншікті жылуы
Бір фазадан екінші фазаға ауысу, әдетте, жасырын жылу, яғни белгіл іжылу мөлшерінің бөлініп шығуына немесе жұтылуына байланысты. Мұндай фазалық өзгерістер негізінен бірінші текті фазалық ауысуларға жатады. Кристалдық модификациялардың бір түрінен екінші түріне ауысуы кейде жылу мөлшерін жұтуға немесе бөліп шығаруғ абайланысты болмайды. Мұндай өзгерістер бірінші текті фазалық ауысулардан бөлек болады да, екінші текті фазалық ауысулар деп аталады. Біз негізінен бірінші текті фазалық ауысуларды қарастырумен шектелеміз.
Клапейрон-Клаузиус теңдеуі тек қана сұйық-бу жүйесіне ғана емес, басқа фазалық ауысуларғада дұрыс болып табылады. Ол температура өзгерісіне байланысты фазалардың тепе-теңдік қалыпта қалуы үшін қысымның өзгерісін сипаттайды. Балқу процесі үшін теңдеу былай жазылады:
(1)
Мұндағы меншікті балқу жылуы; балқу температурасы.
Диаграммадағы әрбір нүкте заттың белгілі бір тепе-теңдік күйін сипаттайды, сондықтан бұл күй диаграм-масы деп аталады.
Бірнеше кристалдық модификациясы бар зат жағдайында (екінші текті фазалық өзгерістер) күй диаграммасы бұдан күрделі болып келеді.
Мұндай күй диаграммасының бірнеше үштік нүктесі болуы мүмкін (модификация санына байланысты).
Әрбір нақты затқа арналған күй диаграммасы тәжірибелік мәліметтер негізінде салынады. Күй диаграммасын біле отырып, заттың түрліше жағдайларда ( нің түрлі мәндерінде) қандай күйде болатынын және түрлі процестерде зат қандай өзгерістерге ұшырайты-нын алдын ала болжап айтуға болады. Мысалы, су: көмір қышқылы: Кәдімгі заттың көпшілігінде үштік нүкте атмосфералық қысымнан едәуір төмен жатады, сондықтан бұл заттардың қатты күйден газ тәрізді күйге өтуі екі арадағы сұйық фаза арқылы жүзеге асады.
Күй диаграммасының тағы бір ерекшелігі, булану қисығы кризистік нүктесімен аяқталады. Сондықтан, сұйық күйлер аймағынан газ тәрізді күйлер аймағына кризистік нүктені айналып, булану қисығын қимай-ақ ауысуға мүмкіндік туады.
Соынмен әр түрлі заттардың, заттар жүйесінің (мысалы, химиялық элементтер, тотықтар жүйесі, т.б.) күй диаграммаларын білудің ғылыми-технологиялық мәні өте зор екен. Мұндай диаграммалар қарастырылып отырған заттардың, қоспалардың немесе жүйелердің әр түрлі қысымдар мен температуралар жағдайындағы күйлерін білуге мүмкіндік беріп, технологиялық процестерді ғылыми тұрғыдан дұрыс бағдарлап тиімді ұйымдастыруға жол ашады.



2




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет