Дәрістердің қысқаша жазбасы


Бақылау жұмыстарының тақырыптамасы



бет20/20
Дата04.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#54775
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
лекция каз химия

Бақылау жұмыстарының тақырыптамасы
Тексеріс жұмыстарының тақырыбы

  1. Химиялық негізгі түсініктер және заңдылықтар.

  2. Атом құрылысы.

  3. Химиялық байланыс.

  4. Термодинамика.

  5. Химиялық кинетика негіздері.

  6. Ерітінділер. Ерітінді концентрациясын анықтау.

  7. Тотығу-тотықсыздану реакциялары.

  8. Электрохимия.




    1. Бақылау сұрақтары

1. Оксидтер, гидроксидтер, қышқылдар, тұздар кластарына қандай қосылыстар жатады?
2. Металдың валенттілігінің ұлғайыуы оксидтер қасиеттеріне қандай әсер етеді?
3. Негіздердің қышқылдығы, негіздің қалдығы дегеніміз не, көп қышқылдарда қанша қышқыл қалдығы болуы мүмкін?
4. Негіздердің қышқылдығы, негіздің қалдығы дегеніміз не, көп қышқылды негіздің қанша негіздік қалдықтары бар?
5. Қышқылдық, негіздік тұздар нормальді тұздарға қалай айналады?
6. Энтальпия- ол...
7. Энтропия – ол...
8. Өздігінен жүретін процесстерде энтропия...
9. Экзотермиялық реакция – ол реакция жылуы... жүреді.
10. Эндотермиялық реакция- ол реакция жылуы... жүреді.
11. Химиялық реакцияда Гиббс энергиясының мәні нөлден кіші болса, онда...
12. Мендеелев- Клапейрон заңының теңдігін жазыныз.
13. Гиббс энергиясын санауға мына теңдік қолданылады...
14. Химиялық реакцияның жылдамдығы мына формуламен табылады... (с- концентрация, t- уақыт).
15. Химиялық реакцияның жылдамдығына қандай фактор әсер етпейді?
16. Химиялық тепе- теңдік- жүйенің мынадай жағдайына...байланысты
17. Химиялық тепе- теңдіктің ығысуына қандай факторлар әсер етеді?
18. Газдардың судағы ерігіштігі көбейеді, егерде...
19. Ертіндінің пайыздық концентрациясы дегеніміз не?
20. Молярлық концентрация дегеніміз не ?
21. Ертіндінің және таза еріткіштің қайнау температураларын салыстырса, онда ертіндінің қайнау температурасы...
22. Ертіндінің және таза еріткіштің қату температураларын салыстырса, онда ертіндінің қату температурасы...
23. Ертіндінің қайнау температурасының таза еріткіштің температурасына қарағанда жоғарылауы мына формуламен табылады:
24. Ертіндінің қату температурасының таза еріткіштің температурасына қарағанда төмендеуі мына формуламен табылады:
25. Электролиттер – ол...
26. Тотықтырғыштар- атомдар, молекулалар және иондар – электрондарды...
27. Тотықсыздандырғыштар- атомдар, молекулар, иондар- электрондарды...
28. Тотығу- процессі, онда электрондар...
29. Тотықсыздану- процесс, онда электрондар...
30. Электролиттер ертіндісі катодта электролиз процесінде таза түрінде ... бөлінеді
31. Электролиздің табиғаты неде? Фарадей заңдарына тұжырымдама жаса.
32. Инертті электродтарда тұздардың: NiCL2, Ca(NO3)2, NaOH, FeSO4, H2SO4, CuCL2 сулы ерітінділерінің электролизі кезіндегі катодтық, анодтық үрдістердің реакция теңдеулерін жазыңдар.
33. Тұз қосындыларының сулы ерітінділерінің электролизі кезіндегі катодта және анодта алдымен қандай заттар бөлінеді?
электродтар инертті болса:
CuSO4 және KCl FeCl3 және Na2SO4
NiSO4 және NaCl SnCl2 және KI
34. Ерітінді электролизі кезіндегі электродта өтетін реакция теңдеуін жазыңдар:
- NiSO4 никелді электродтармен
- CuCI2 мысты электродтармен
-AgNO3 күміс электродтармен
35. Тұздардағы темірдің электрхимиялық эквивалентін табыңдар.
36. Электролит ерітіндісінен 5А ток күші өткенде 2сағ. 2мин. ішінде 12,4г металл бөлінеді. Осы металдың эквивалентік массасын табыңдар.
37.Электролиздің өндірісте қолданылуы
38.Реакциядағы күкірт қышқылының эквиваленттік массасын анықтаңыз.
H2SO4+NaOH=NaHSO4+H2O
39.Төмендегі элементтер кандай байланыс түрі арқылы байланысканын анықтап, байланыс түзу схемасын сызыңыз.
1s22s2 2p2 және 1s22s2 2p6 3s23p5
40. Төменде көрсетілген теңдеудегі теңестіру коэффицентін электронды-баланс және жартылай-иондық әдіспен анықтаңыз, теңдеуді теңестіріңіз.
Fe2O3+C=Fe+CO
41.0,001мл күміс тұзына салынған 0,01мл темір тұзынан және күміс электродынан тұратын темір электродын гальваникалық элементтің ЕҚК-ін табыңыз егер де
E0(Fe2+/Fe0)= -0,44 В, E0(Ag+/Ag0)= +0,80 В.
42.Реакция жылдамдығы 1000 есе артуы үшін жүйедегі сутек концетрациясын неше есе арттыру қажет? N2+3H2=2NH3
43. Судың жану жылуы ΔНº( Н2О(ж.))=-285,8 кДж/моль және реакция жылу эффектісі Н2О22О(ж.)+1/2О2; ΔНº=-97,9 кДж болғандағы Н2О2 жылу эффектісін табыңыз.
44.15% Күкірт қышқылының ерітіндісінің молярлық концентрациясын тап (ρ=1,10 г/мл).
45. 0,3м құмырсқа қышқылының НСООН α және [H+] тап. Құмырсқа қышқылының диссоциациясының константасы 2,1∙10-4.
46. 1,2литр ерітіндінің 20,5 грамы қант С12Н22О11 болатын  22°С ерітіндінің қысымын табыңыз.
47. NaHCO3 ерітіндісі қандай реакция ортасын көрсетеді және неліктен? Реакция теңдеуінің теңескен түрін жазыңыз.
48. Cr2O3 хром оксидінің эквивалентті массасын анықтаңыз.
49.Атом құрылысының көзқарасынан негізгі және қосымша топтардың бір-бірінен немен ерекшеленетінін көрсетіңіз.
50. Төменде көрсетілген теңдеудегі теңестіру коэффицентін электронды-баланс және жартылай-иондық әдіспен анықтаңыз.
H2S+Cl2+H2O=H2SO4+HCl
51.0,001мл мырыш тұзына салынған 0,01мл платина тұзынан және цинк электродынан тұратын платина электроды, гальваникалық элементтің ЕҚК-ін табыңыз егер де
E0(Zn2+/Zn0)= -0,76 В, E0(Pt2+/Pt0)= +1,20 В.
52. .Реакция жылдамдығы 1000 есе артуы үшін жүйедегі сутек концетрациясын неше есе арттыру қажет? 2NO+O2=2NO2
53. ΔHº(MgO)=-611 кДж/моль деп алып SiO2+2Mg=2MgO+Si; ΔHº=-372 кДж реакциясынан ΔHº(SiO2)-ты тап.
54. 7.15% Күкірт қышқылының ерітіндісінің молярлық концентрациясының эквивалентін тап (ρ=1,10 г/мл).
55. 0,1м НСlО (К=5∙10-8) Қышқылының α и [H+] тап.
56. 250мл ерітіндіде 2,3 г еріген зат бар. Мұндай ерітіндінің қысымы   249 кПа, 27°С. Молекулалық массасын тап.
57. NH4Br ерітіндісі қандай реакция ортасын көрсетеді және неге? Реакция теңдеуін жазыңыз.
58.Хлордың эквиваленттік массасын анықтаңыз.
59.Иондык кристалдық торға ие заттардың физикалық қасиеттерін анықтаңыз.
60. Төменде көрсетілген теңдеудегі теңестіру коэффицентін электронды-баланс және жартылай-иондық әдіспен анықтаңыз, теңдеуді теңестіріңіз. FeO+CO=Fe+CO2
61.0,001мл палладий тұзына салынған 0,01мл хром тұзынан және палладий электродынан тұратын хром электроды, гальваникалық элементтің ЕҚК-ін табыңыз егер де
E0(Pd2+/Pd0)= +0,99 В, E0(Cr3+/Cr0)= -0,74 В.
62. Химиялық реакция А+3В=С теңдеуіне бағынады. [А]=0, 80 моль/л, [В]=1,00 моль/л. 20 мин өткен соң А 0,78 моль/л-ға дейін төмендеді. В концентрациясы қандай болды? Осы уақыт аралығында реакция қандай орташа жылдамдықпен жүрді, егер де 1)А заты 2)В заты нәтижесінде қарасақ?
63. Берілген теңдеуді қолдана отырып 56г темір түзілу кезінде қанша жылу сіңіріледі қанша шығарылатынын анықтаңыз.
Fe2O3(к)+3C(к)= 2Fe(к)+3CO(г)+489,8 кДж
64. Егер де сахарозаның  С12Н22О1 ерітіндідегі массалық құрамы 67%-ға тең болса, онда оның моляльдығын табыңыз.
65.Тығыздығы 1 г/мл, а К=2,1∙10-4.құмырсқа қышқылының НСlО1%-дық ерітіндісінің рН табыңыз.
66. 1 литр ерітіндінің 9,2 грамы глицирин С3Н5(ОН)3 болатын  20° ерітіндінің қысымын табыңыз .
67. (NH4)2S ерітіндісі қандай реакция ортасын көрсетеді және неге? Реакция теңдеуінің теңескен түрін жазыңыз.
68. Al2O3 алюминий оксидінің эквиваленттік массасын анықтаңыз.
69. Молекулярлық кристалдық торға ие заттардың физикалық қасиеттерін анықтаңыз. Мысалы ретінде дәлелдеңіз.
70. Төменде көрсетілген теңдеудегі теңестіру коэффицентін электронды-баланс және жартылай-иондық әдіспен анықтаңыз, теңдеуді теңестіріңіз. H2S+Cl2=HCl+S
71. 0,001мл алтын тұзына салынған 0,01мл никель тұзынан және алтын электродынан тұратын никель электроды, гальваникалық элементтің ЕҚК-ін табыңыз, егер де
E0(Au3+/Au0)= +1,50 В, E0(Ni2+/Ni0)= -1,10 В.
72. Егер 300 К реакция жылдамдығы 10 есе артады, 280 К қарағанда? Энергия активацияның мәні қандай ?
73. Берілген реакция стандарттық жағдайға келе ма? ΔSº энтропия өзгерісін анықтаңыз. H2 S6(г)+Cl2(г)=2HCl(г)+S(г), ΔНº=-164,45 кДж
74. Егер де сахарозаның  С12Н22О1 ерітіндідегі массалық құрамы 67%-ға тең болса, онда оның мольдық құрамын табыңыз.
75. С3Н7СООН (К=1,5∙10-5) май қышқылының ерітіндісінің 0,005 М диссоциациясын табыңыз.
76. С6Н12О6 (М=180 г/моль) глюкоза ерітіндісінің 0,5 М қысымы 25°С-та нешеге тең?
77. NaСN ерітіндісі қандай реакция ортасын көрсетеді және неге? Реакция теңдеуінің теңескен түрін жазыңыз.
78.Реакциядағы күкірт қышқылының 2 моль массасын анықтаңыз.
79. Атомдык кристалдық торға ие заттардың физикалық қасиеттерін анықтаңыз. Мысалы ретінде дәлелдеңіз.
80. Төменде көрсетілген теңдеудегі теңестіру коэффицентін электронды-баланс және жартылай-иондық әдіспен анықтаңыз, теңдеуді теңестіріңіз. С+N2O=N2+CO2
81.0,001мл марганец тұзына салынған 0,01мл темір тұзынан және марганец электродынан тұратын темір электродын гальваникалық элементтің ЕҚК-ін табыңыз егер де
E0(Fe2+/Fe0)= -0,44 В, E0(Mn2+/Mn0)= -1,19 В.
82. Берілген концентрация 0,01 моль/л бірдей заттардан тұрады .Н2+I2=2HI тепе-теңдік константа жүйесі кейбір температурада 40-қа тең. Иод пен сутектің қандай процентке иодсутекке айналатының анықтаңыз?
83. Берілген реакция стандарттық жағдайға келе ма?
Na(к)+1/2Cl2(г)= NaCl(к), ΔНº=-410,9 кДж
84.100 г су114,1 г кадмий хлорид ерітіндісінің 20°С-қа тең болады. CdCl2 ерітіндісінің массалық құрамын анықтаңыз.
85. Диссоциация арқылы1-ші қадам өтетін , рН 0,02 М күкірт-сутек қышқылының анықтаңыз. (К=6,0∙10-8).
86. 100 мл ерітінді 2,30 г зат бар, 618,5 кПа қысым 298 К-ге тең болады. Молекулярлық массасын анықтаңыз.
87. KNO3 ерітіндісі қандай реакция ортасын көрсетеді және неге? Реакция теңдеуінің теңескен түрін жазыңыз.
88.Натрий гидроксидінің 3 моль массасын анықтаңыз.
89.Периодтық өзгерісінің химиялық құрылымын түсіндіріңіз. Мысалы ретінде атомның құрылысын дәлелдеңіз.
90. Төменде көрсетілген теңдеудегі теңестіру коэффицентін электронды-баланс және жартылай-иондық әдіспен анықтаңыз, теңдеуді теңестіріңіз. H2S+О2=SО2+H2O
91. 0,1мл алтын тұзына салынған 0,1мл никель тұзынан және алтын электродынан тұратын никель электроды, гальваникалық элементтің ЕҚК-ін табыңыз егер де
E0(Au3+/Au0)= +1,50 В, E0(Ni2+/Ni0)= -1,10 В.
92. Жүйеде СО+Сl2=СОСl2 тепе-теңдік концентрациясы[Сl2]=0,3 моль/л, [CO]=0,2 моль/л, [СОСl2]=1,2 моль/л берілген. Тепе-теңдік константасы және алғашқы хлор-оксид оттегінің (II) концентрациясын анықтаңыз.
93. Берілген реакция стандарnтық жағдайда мүмкiн немесе мүмкiн еместiктiгін анықтаңыз.ΔHº(SO2)=-296,9 кДж/моль, ΔHº(Н2S)=-20,15 кДж/моль, ΔHº(H2O(ж.))=-285,8кДж/моль.
SO2(г)+2H2S(г)=3S(т)+2H2O(ж)
94. 100 г су 114,1 г кадмий хлорид ерітіндісінің 20°С-қа тең болады. CdCl2 ерітіндінің моляльдығын анықтаңыз.
95. Диссоциация 2-ші қадам арқылы өтеді(К=1,2∙10-2). 0,2 күкіртті қышқылының ерітіндісінің қандай жағдайда концентрация диссоциацияланады.
96. 2,47 кПа қысым 25°С-та болатын құрамында 1л ерітіндідіе қанша моль болады?
97. KOCl ерітіндісі қандай реакция ортасын көрсетеді және неге? Реакция теңдеуінің теңескен түрін жазыңыз.
98.Реакциядағы фосфор қышқылының эквиваленттік массасын анықтаңыз.
H3PO4+2NaOH=Na2HPO4+2H2O
99. Келесi элементтердiң электрондық формулалары берілген:
1s22s1 1s22s22p6 1s22s2 2p5 1s22s22p4
Элементтердiң өсу ретімен электр терiстiгін жазып алыңыз. Сiздiң шешiмiңiзді түсiндiрiңiз.
100. Төменде көрсетілген теңдеудегі теңестіру коэффицентін электронды-баланс және жартылай-иондық әдіспен анықтаңыз, теңдеуді теңестіріңіз. H2P+О2=P2О5+H2O

  1. 4 периодта атомдардың қай деңгейшелері толтырылады: 4s или 3d?

  2. Мына формулалар бойынша ЭО2, Э2О3, Э2О5, ЭО4 төп номірлерін және жоғарғы топыңтарын анықтаңыз.

  3. Элементтіқ периодта, топта, топшаларда орналасуы қалай анықталынады?

  4. Неге элементтер бас және қосымша топтарға бөлінген?

  5. Элементтенің қай типімен басталып қай периодымен аяқталады?

  6. Мына электронды формуланы түсіндір

  7. 1s22s22p63s23p63d104s24p64d105s2

Элементтің реттік нөмірін Д.И. Менделеевтің кестесі бойынша қай элемент, тобын, топшасын анықта.

      1. Атомның электрондық қабатының құрылысы (энергетикалық деңгейше төменмен бастылып): 2 8 18 32 32 10 2 мынадай. Элементтің толық эдектрондық формуласын жаз. Реттік нөмірі, атың периоды электронды жағдайын, топ пен топшасын көртетіңіз.

  1. Тотығу дәрежесі мен валенттілік ұғымына анықтама бер.

  2. Мына қосылыстардың Fe, FeO, Fe2O3, Fe3O4 тотығу дәрежесін анықта.

  3. Мына қосылыстардың Na2O, H2O, F2O, CaO, CO2 валенттілік электрондары қай атомнан басталып ығысады?

  4. Коваленті байланыстың түрақтылығы қалай анықталынады?

  5. СО2 молекуласында неге диполь моменті жоқ?

  6. Аммиактың валенттілік бұрышы 107˚C, ал фторлы азотта (III) – 102˚C тең оны қалай түсіндіруге болады?

  7. BF молекуласының жоғарғы энергия диссоциациясын (126 ккал/моль) қалай түсіндіруге болады.

  8. Көміртекте, этилен мен ацетиленде гибридизацияның қай типіне жатады?

  9. NH3 молекуласын байланыс энергиясын есепте, егер жылу түзілуі NH3өтың 83 ккал/моль болса.

  10. H2Sе затының байланыс түрін, кристалды тор түрін, физикалық қасиеттерін анықта. Алынған заттың электрондық формуласын жаз.

  11. Екі заттың молекулярлық кристалдық торын мысалга келтір, оның біреуі газ қалыпты жағдайда, екіншісі – қатты зат болсын.

  12. Неге NH3 өттегі қатысында жанады, ал PH3 – ауада.

  13. Мына қосылыстар N2O5, CO2, Cl2O7, SO3 оксидтерінің қышқылдың қасиеттерінің жоғарылау ретімен орналастыр.

  14. Металдың байланыстың табиғаттын түсіндір.

  15. CO2 қосылысындағы көміртегінің эквиваленті нешеге тең?

  16. Н3PO4+Ca(OH)2=CaHPO4+2H2O реакция бойынша фосфор қышқылының эквиваленті нешеге тең?

  17. Na2SO4 эквиваленті нешеге тең?

  18. КОН 5 молінің массасы нешеге тең?

  19. Өттегінің 3 молі қ.ж. қандай көлем алады?

  20. 6·1023 азот атомы қ.ж. қандай көлем алады?

  21. 4 г сутегіде қанша молекула бар?

  22. газдың тығыздығы өттегі бойынша 1/16 тең. Осындай тығыздың қай газға тән?

  23. 16 г О2 және 14 г N2 қоспасының 22,4 л ыдыстығы көлемінің қысымы, 0˚С нешеге тең при?

  24. 11 г СО2 газы 27˚С және 304,2 кПа қанша көлем алады?

  25. Газ қоспасының құрамында 60% (масс.) N2 және 40% (масс.) Н2 бар. Осы газдың тығыздығын анықта (г/л).

  26. Құрамында 60% өттегі және 40% күкірт бар. Қосылыстың жай формуласын анықта.

  27. Тығыздығы (қ.ж.) 1,97 г/л, егер 4.4 г осы зат жанғанда 6,72 л СО2 (қ.ж.) және 7,2 г Н2О түзіледі, осы көмірсутектің молекулярлық формуласын тап.

  28. 72 г су ыдырағанда алынған сутек (қ.ж.) қанша көлем алады?

  29. Мыс оксидінен (II) таза мысты төтынсыздандыру үшін 0,1 моль зат мөлшеріне қанша көлем (қ.ж. сутегі қажет)?

  30. Кристаллогидраттың формуласы қандай, егерде 39,1% суды болса массасы нешеге тең?

  31. 14,8 г кальций гидроксиді 19,8 г күкірт қышқылымен әрекеттесіп нәтижесінде алынған кальций сульфатының массасын анықтаныз.

  32. Мыс азот қышқылымен әрекеттісіп рәтежесінде 8 г мыс нитраты (II), теориялық мүмкіндігі 85,1 % құрайды, мыстың массасын анықтаныз.

  33. 120 г мрамордан алынған кальций нитратының массасын анықтаныз, мрамордың құрамында 2 % қоспа бар.

  34. 2NO + O2 ↔ 2NO2 + Q жүйесідегі тепе-теңдік қалай ығысады, а) егерде қысымды жоғарылатса, б) егерде температурасы жоғарылыту?

  35. HI + ½Br2 = HBr + ½ I2 реакцияның жылу түзілуін анықтаныз, егер HBr жылу түзілуі +36,0 кДж/моль, ал иод сутегі HI +12,6 кДж/моль.

  36. Fe2O3 (к.) + 3С (к.) = 2Fe (к.) + 3СО(г) + 489,8 кДж реакцияның термохимиялық теңдеуін пайдаланып, жылу бөлінуін немесе сіқірілуіне 56 г темір бойынша анықтаныз.

  37. Күкірті жаққанда 32 г (IV) күкірт оксиді аланып 146,3 кДж жылу бөлінді. Реакцияның термохимиялық теңдеуін құрастыр.

  38. Мына реакциярдың стандартты жағдайындағы 250С өтетін мүмкіндігін анықта

N2(г) + ½ О2(г) = N2O(г)
4НCl(г)+ О2(г)= 2Cl2(г) + 2Н2О(ж)
Fe2O3(тв) + 3СО(г)= 2Fe(тв) + 3СО2(г).

  1. СаСО3 (тв) = СаО(тв)+СО2(г) реакцияның 25, 500, 15000С аралығындағы ΔG есептеу; ΔGреакциясынын температурасын кесте температурасы бойынша табу, стандартты жағдайыдағы өздігінен жүретін мүмкіндігін көрсет.

  2. A + B = 2C + 4D Н энтальпия өзгерісін (жылу эффектісі) анықтаныз, егер заттың стандартты энтальпия Н0А = Н0В = Н0С = Н0D = 100 кДж/моль.

  3. 4 грамм метан СН4 жанғанда нәтижесінде көмір қышқыл газ және су буы түзілді. Химиялық реакцияның Н энтальпия өзгерісін (жылу эффектісі) анықтаныз.

  4. 2А+ В = С реакция жылдамдығы қалай өзгереді, егерде бастапқы заттың концентрациясын 2 есе жоғарылатқан?

  5. А+2В = С орташа реакция жалдамдығы В заты юойынша, егер 20 мнут аралығында А заттың концентрациясы 0,8 моль/л – ден 0,7 моль/л өзгерді?

  6. 30ºС-та реакция жалдамдығы 0,01 моль/л мин мен болды. 60ºС-та, егерде температураны әрбір 10ºС көтерсек, реакция і есе өзгереді?

  7. Мына C(к.) + CO2(г.) = 2 CO(г.), ΔH>0 қайтымды реакцияға жата ма?

  8. Мына 2NO+O22NO2 реакциясың тепе-теңдік константасын және бастапқы заттардың концентрациясын анықтаныз. Әрекеттесуші заттардың концентрациясы [NO]=0,02 моль/л, [O2]=0,3 моль/л, [NO2]=0,06 моль/л мынадай болған жағдайда

  9. Жүйенің тепе-теңдік бағыты

2CО(г) + О2(г) = 2СО2(г) – 566 кДж
N2(г)+ О2(г) = 2NO(г) + 180 кДж
Қысымды жоғарылатын және температураны төмендеткенде қалай өзгереді?

  1. 300 г 20% ерітінді мен 500 г 60% ерітіндіні бір-біріне араластырғаннан кейін алынған ерітіндінің проценттік концентрациясын анықтаныз.

  2. 10,0 л ерітіндіде 400,0 г NaOH затты бар, осы ерітіндінің молярлы концентрациясын анықтаныз.

  3. Н2СО3 ерітіндісінің изотонды коэффициентінің масамын анықтау керек, егер электролиттік диссоциациялану дәрежесі =0,5 тең болса.

  4. Егер 300г ерітіндіде 4,56 г К2СО3 (күшті электролит, =1,0) ерітілген, осы су ерітіндісінің қату температурасын анықтаныз. Судың криоскопиялық константасы К=1,86.

  5. 400 г ерітіндіде 3,78 г Na24 (күшті электролит, =1,0), осы су ерітіндісінің қайнау температурасын анықтаныз. Судың эбуллиоскопиялық константасы Е=0,52.

  6. Мына қосылыстардың K2SO3, MgI2, Са3(РО4)2, Al(OH)3, KNO2. теңдеулерінің электролиттік диссоциациясын жазыныз.

  7. FeCl2 3 молекуласы, AlCl3 5 молекуласы, NaNO2 4 молекуласы, HNO3 9 молекуласы электролиттік диссоциацияға ұмыраса, қанша ион, катион мен анион түзіледі?

  8. Электролиттік диссоциациялану дәрежесі , егер элетролит ерітіндісінде барлық 50 ыдыраған молекулаға 300 ыдырамаған молекула келсе, онда нешеге тең?

  9. Ерітіндінің рН және рОН шамасы, егер ерітіндідегі сутегі ионының концентрациясы 10-6 моль/л болса?

  10. СаСО3 ерігіштігі 350С тең 6,9*10-5 моль/л тұздың ЕШ есептеңыз.

  11. Мына тұздардың гидролиз теңдеуін (молекулярлық және иондық түрде) жазыңыз: NaNO2, Na2S, K2SO3, K3PO4, K2CO3, FeSO4 және ерітіндінің ортасын анықтаңыз.

  12. Электронды баланс әдісімен теңдеудің коэффициенттері қойыңыз:

Mg + HNO3→ Mg(NO3)2 + N2O + H2O
K2Cr2O7 + HI + H2SO4 →Cr2(SO4)3 + I2 + K2SO4 + H2O

  1. Мына қосылыстардағы күкірттің тотығу дәрежесін анықтыңыз: H2S, SO2, SO3, H2SO3, H2SO4.

  2. Берілген процестердің қайсысы тотығу және тотыңсыздалеуға жатады: SSO42-, SS2-, KK+, Br22Br-, Cl-ClO3-,MnO4-MnO42-.

  3. Көрсетілген заттардың ішінен қай элемент тотығу және қай элемент тотықсыздану қасиетін білдіреді? Тотығу-тотыңсызданудың екеуінде көрсететін қосылысты ата: H2S, SO2, CO, Zn, F2, NaNO2, KMnO4, HOCl, H3SbO3.

  4. Тотығу-тотыңсыздану реакциясын аяқтаңыз

Ca + HClО  Ca(ClО)2 + Cl2 + H2O
K2MnO4+Na2SO3+H2SO4MnSO4+Na2SO4+K2SO4+H2O
Cr2(SO4)3+KMnO4+H2OK2Cr2O7+H2MnO3+H2SO4.\

  1. Схема құрастырып, ЭҚК шамасын мыс-қорғасынды гальваникалық элемент бойынша анықтаңыз. Катодты және анодты процестерді жазыңыз (Е0Pb= -0,126 В; E0Cu= 0,337 В).

  2. мыс хлориді, калий сульфаты ерітінділерінің катодты және анодты процестің теңдеуін жазыңыз.

  3. Су ерітінділерінің электролизі кезінде Na24 ерітіндісі арқылы 2,5А ток және 40 минут аралығында өтті, катодта және анодта бөлінген заттың мөлшерін анақтаңыз. Анодты және катодты процестерді жазыңыз.

  4. Металл пластиналары – қалайы және мыс біріктіріліп тұз қышқылы ерітіндісіне салынды. Металл бетінде қандай процестер жүреді? Катодты және анодты процестерді жазыңыз (Е0Cu=0,337В, Е0Sn= - 0,136В).

  5. Ядроаралық қашықтың және энергия байланысы мына қатарда 2 - Cl2 - Br2 - I2 қалай өзгереді?

  6. Мына қатардағы HF-HCl-HBr-HI тотыңсыздану активтілігі қалай өзгереді?

  7. Диспропорционалды және молекула аралық тотығу-тотыңсыздану оксогалогенат реакцияларына мысалдар келтіріңіз.

  8. О2 молекуласы мен О2+, О2-, О22- молклярлы иондық негізгі жағдайын электрондық конфигурациясы мен орбиталдар энергитикалық диаграммасын құрастыр.

  9. О атом адросының 1s-электрон энергия байланысын мына оксидтермен саластыр:




    Na2O

    MgO

    Al2O3

    SiO2

    P2O3

    Есв, эВ

    529,6

    530,2

    531,8

    533,1

    533,8

  10. О3 озон молекуласы диамагнитті, валенттілік бұрышы ООО = 116о45/, электрлі диполь моменті =0,52 Кл*м, байланыс ұзындығы do-o = 0,128 нм тәжірибе бойынша анықталынған. О3 молекуласының құрылысын түсіндіріп оның электрондық конфигурациясын көрсетініз. Озонның ∆G0f мәні қандай? Оттегінен озонның алыуына қандай жағдай қажет?

  11. О-О және S-S бір байланысты энергиясы 210 және 259 кДж/моль сәйкес тең. Энергия байланысының ерекшелігін және күкіртің гомотізбекті түріне ауысуын қалай түсіндіреге болады?

  12. VI топтың р-элементтерінің Тпл = f(Z) байланыс графигін құрастыр. Балқу температурасы өттегіден полонийға ауысқанда қалай өзгереді? Қарастырылған жай заттар қайсыны – диэлектрлікке, қайысы – жартылай өткізгіштіктерге жатады?

  13. ∆Н0f және ∆S0f азот оксидерін келтіріңіз. Әрбір оксидке график түрінде ∆G0=f(T) тәуелділігін көрсет. Қай оксид азот пен өттегінің қатысында тотығып қосылыс түзейді? Азот пен өттегінің тотығуына қандай жағдай қажет?

  14. Фосфор атомының кеңістікте мүмкін құрылыс жағдайын және негізгі полиморфты фосфордың модификациясын жазып көрсет. Ақ фосфордың қызыл эәне қара фосфорға, қызыл фосфордың ақ фосфорға айналу жағдаын көрсет. Тығыздың әртүрлі болуы; балқу температурасы мен өздігінен жануы, күкіртті көміртегінің ақ, қызыл және қара фосфорда ерігіштігі салыстырмалы түрде түсіндіріңіз.

  15. Азоттың, фосфордың, мышьяктың, сурьма мен вистуттың металеместік және металдық модификациясының кеңістікте орналасуын көрсетіңіз. Ядролық қашықтық қатары P-As-Sb-Bi бойынша тұрақты модификациясы және металдық шамасының жоғарылауына байланыста келісушілігі қалай өзгереді? P-As-Sb-Bi қосылыстарының балқу температурасының тұрақты модификациясын немен түсіндіруге болады?

  16. ядролық қашықтықтың dcc-тың қатардағы С2Н2 (0,121 нм), С2Н4 (0,135 нм), С2Н6 (0,154 нм), С6Н6 (0,139 нм) тәуелділік графигін құрастыр. Алынған қисықты түсіндір. СаС2 карбидтердің қай түріне жзатады, егерде ядролық қашықтық dcc кристалды түрінде 0,129 нм болса, метанидтерге немесе ацетилидтерге не жатқызамыз.

  17. тәжірибеге байланысты CHal4, CO2, CS2 молекулалары полярлы емес, ал СО, CОHal2, CSHal2 полярлы. Кеңістіктегі молекула конфигурациясымен байланысатын факт не?

  18. Мына қатардағы C-Si-Ge-Sn-Pb тұрақты тотығу дәрежесінің өзгерілу сипаттамасын түсіндір.

  19. Кремний мен қалайы дисульфидінің қышқылды – негізді көрсететін реакцияға мысалдар келтір.

  20. Тригалогенді бор және BR3 типінің органикалық туындалары H3N, NR3, H2O молекулаларын қосып алады. Оны немен түсіндіруге болады?

  21. мына реакция теңдеулерін құрастыр BF3(г), AlF3(к), SiF4(г), MgF2(к) мен KF(к) әрекеииесуі. AlF3 қышқылды – негізді активтілігі туралы оның KF салыстырмалы BF3 және SiF4 пен MgF2 жайында не айтуға болады? Периодтық жүйедегі B менAl, Mg мен Si орналасуы немен байланысады?

  22. Мына реакциялардың арасындағы InCl3 мен TlCl3 In мен Tl түзілген заттың∆G0298 есептеңіз. Индий мен таллийдің түрақты тотығұ дәрежесі қандай? Жай заттардың әрекеттесуінің нәтижесінде галлий, таллий, индийдің тотықтары мен хлоридтері түзілуін қалай түсіндіресіз?

  23. Атомдық нөмірі s-элементі II топта ∆G0298 оксидтерінің ЭСО3, Э(ОН)2, ЭSO4, ЭSiO3 түзілу реакциярының тәуелділік графигін құрастыр. Оксидтері қатарымен орналастыр: 1) s-элементтері оксидінің негіздік қасиеттерінің жоғарылауы; 2) қашқылды оксидтер қасиетінің күшеюі – s-элемент оксидтерінің реакцияға қатысуы.

  24. бір типті галогенидтер қатардығы Be(II)-Mg(II)-Ca(II)-Sr(II)-Ba(II) қышқылды –негізді қасиеттері қалай өзгереді?

  25. Тәуелділікк графигін құрастыр. Металдың возгонкасы∆Нвозг.; М+ ион ∆Нгидр. I топтаның s-элементінің атомының атом нөміріне дейінгі. Қисықтың мәнін түсіндір.

  26. Литий, натрий қосылыстары және калий топшасының қандай элементері аз ериді?

  27. Кешенді қосылыстарға мысал келтіріңіз: K2[ZnCl4], [Zn(OH2)4]Cl2, K2[Zn(OH)4], [Ni(NH3)6]Cl2, [Pt(NH3)4Cl2], [Cr(NH3)3(OH2)3]Cl3. Кешенді қосылыстаың ішкі мен сыртқы сферасын кешен түзуші мен легандты көрсетіңіз. Кешеннің зарядын, кешен түзуші координационды санды және тотығу дәрежесін анықта. Қай кешен катионды, қайсысы анионды және бәйтарап кешен? Қосылыстың атауын келтір.

  28. Молекулярлы орбиталь теориясын, валенттілік байланыс және кристалды тордың диамагнитті Co(NH3)63+ кешеннің октаэдрикалық құрылысына қолдану.

  29. d-элементерінің аминокешенді гидроксидтері, [Ni(NH3)6]ОН2, күшті негіз болғандықтан, ал d-элементінің жай гидроксидтер, мысалы Ni(OH)2, әлсіз негіз?

  30. Металлдардың амальгамасы дегеніміз не?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет