Дәрістің мазмұны



бет70/73
Дата21.01.2023
өлшемі171,37 Kb.
#62223
түріСабақ
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Байланысты:
Д рісті мазм ны

Тест тапсырмалары

  1. ... - таным және ондағы өзгерістердің теориялық жиынтығы; ғылыми танымдық іс-әрекеттің формалары мен тәсілдері, құрылымы жайындағы ілім.

А) парадигма
В) әдіснама
С) диалектика
Д) әдістеме
Е) тұжырымдама.

  1. Әдінаманың атқаратын қызметтері:

А) теориялық және практикалық
В) бағалау және түзету
С) реттеуші және нормалау
Д) жоспарлау және бағалау
Е) жобалау

  1. Әдіснамалық білімнің формаларын атаңыз:

А) дескриптивті және прескрептивті
В) дескрептивті, суреттеуші
С) бейнелеуші, дескрептивті
Д) суреттеуші, реттеуші
Е) прескрептивті

  1. ... әдіснама – бұл ғылыми білімнің құрылымы мен ғылыми танымның заңдылықтары жайындағы ілім. Ол зерттеу үрдісінде бағыт береді.

А) прескрептивті
В) дескрептивті
С) философиялық
Д) жалпы-ғылымилық
Е) нақты-ғылымилық

  1. ... әдіснамаіс-әрекетті реттеуші қызметін атқарады.

А) прескрептивті
В) дескрептивті
С) философиялық
Д) жалпы-ғылымилық
Е) нақты-ғылымилық

  1. Әдіснамалық білімнің ... құрылымдық деңгейі бар.

А) 1
В) 2
С) 3
Д) 4
Е) 5

  1. Философиялық деңгейде қандай мәселелер қарастырылады?

А) педагогикалық зерттеу
В) теориялық тұжырымдамалар
С) арнайы ғылыми зерттеуде қолданылатын зерттеудің әдістері мен ұстанымдарының жиынтығы
Д) зерттеудің әдістемесі мен техникасы
Е) танымның жалпы ұстанымдары мен ғылымның категориялары

  1. Жалпығылыми деңгейде қандай мәселелер қарастырылады?

А) танымның жалпы ұстанымдары мен ғылымның категориялары
В) теориялық тұжырымдамалар
С) арнайы ғылыми зерттеуде қолданылатын зерттеудің әдістері мен ұстанымдарының жиынтығы
Д) зерттеудің әдістемесі мен техникасы
Е) педагогикалық зерттеу

  1. Нақтығылыми деңгейде қандай мәселелер қарастырылады?

А) танымның жалпы ұстанымдары мен ғылымның категориялары
В) теориялық тұжырымдамалар
С) педагогикалық зерттеу
Д) зерттеудің әдістемесі мен техникасы
Е) арнайы ғылыми зерттеуде қолданылатын зерттеудің әдістері мен ұстанымдарының жиынтығы

  1. Технологиялық деңгейде қандай мәселелер қарастырылады?

А) танымның жалпы ұстанымдары мен ғылымның категориялары
В) теориялық тұжырымдамалар
С) арнайы ғылыми зерттеуде қолданылатын зерттеудің әдістері мен ұстанымдарының жиынтығы
Д) зерттеудің әдістемесі мен техникасы
Е) педагогикалық зерттеу

  1. Әдіснаманың ... - ғылыми зерттеу үрдісі, яғни құрылымдық бөліктері, біртұтас ғылыми-танымдық іс-әрекет.

А) проблемасы
В) мақсат-міндеттері
С) объектісі
Д) пәні
Е) негізі

  1. Әдіснаманың .... – білім, оның генезисі және оны алу тәсілдері, практикалық қолданыс табуы.

А) проблемасы
В) мақсат-міндеттері
С) объектісі
Д) пәні
Е) негізі

  1. Әдіснаманың қай бағытына негізделген ғылым өз зерттеулерін өндірістік-экономикалық және әлеуметтік-саяси факторлардың ықпалына байланыстыра жүргізеді.

А) экзистенциалистік
В) прагматизмдік
С) диалектика
Д) идеалистік
Е) материалистік

  1. Педагогтың кәсіби дайындығының ең жоғарғы деңгейі – оның ... мәдениетінің қалыптасуы.

А) педагогикалық
В) әдіснамалық
С) қарым-қатынас
Д) жалпы
Е) психологиялық

  1. Педагогика және философия ғылымдарының негізгі ұғымдарының мәнін түсіну, білім берудің түрлі ұғымдарын нақты ойлаудан абстрактілі ойлауға көшу деңгейі ретінде ұғыну, педагогикалық теорияны таным әрекетінің әдісіне өзгерте білуі және т.б. – бұл белгілер педагог мәдениетінің қай түріне тән:

А) психологиялық
В) жалпы
С) қарым-қатынас
Д) әдіснамалық
Е) педагогикалық

  1. Педагогика әдіснамасының ... - жеке тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамыту құбылыстарын тану

А) проблемасы
В) мақсат-міндеттері
С) объектісі
Д) пәні
Е) негізі

  1. Педагогика әдіснамасының ...– жаңа адамды қалыптастыру үрдісінің заңдылықтары.

А) пәні
В) қызметі
С) объектісі
Д) мақсаты
Е) ерекшелігі

  1. Педагогика әдіснамасының ... – оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың тиімді жаңа жолдарын жасау.

А) пәні
В) қызметі
С) объектісі
Д) мақсаты
Е) ерекшелігі

  1. ... – жаңа педагогикалық білімдерді қалыптастыру үрдісі, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың объективті заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық іс-әрекеттің бір түрі.

А) фундаментальды зерттеу
В) қолданбалы зерттеу
С) психологиялық зерттеу
Д) ғылыми-педагогикалық зерттеу
Е) өңдеу

  1. Педагогикалық зерттеулердің негізгі мақсаты - ...

А) жаңа педагогикалық білімдерді қалыптастыру үрдісі.
В) жеке тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамытудың объективті заңдылықтарын ашу, белгілі заңдарды саналы және мақсатты түрде оқу-тәрбие жұмысының практикасында қолдану.
С) оқыту, тәрбиелеу, дамытудың объективті заңдылықтарын болжау
Д) әлеуметтік қалыптасу мен тәрбиелеудің негізгі көзі ретінде даму
Е) педагогикалық құбылыстар, эмпирикалық бақылаулардың сыртқы жақтарын ғана зерттеу

  1. Зерттеу тақырыбын анықтау; зерттеу міндеттерін анықтау; танымдық міндеттері мен деңгейлерін анықтау әдістерін, шарттарын белгілеу және ақпаратты алдын-ала талдау; бастапқы болжамдарды қалыптастыру; оларды теориялық және экспериментальдық тексеру; алынған нәтижелерді талдау; оларды ғылыми интерпретациялау; оқу-тәрбие жұмысын жетілдіруде теориялық қорытындылар мен ғылыми-әдістемелік кеңестер жасау, құрастыру. Бұл педагогикалық зерттеудің ....

А) деңгейлері
В) мақсат-міндеттері
С) компоненттері
Д) жақтары
Е) ерекшеліктері

  1. Педагогикадағы зерттеулердің ... деңгейі белгіленген?

А) 1
В) 2
С) 3
Д) 4
Е) 5

  1. Педагогикадағы зерттеулердің деңгейлері қандай?

А) эмпирикалық, теориялық, әдіснамалық
В) эмпирикалық, математикалық, статистикалық
С) теориялық, эмпирикалық, зерттеу
Д) математикалық, практикалық, тәжірибелік
Е) эмпирикалық, әдіснамалық, әдістемелік

  1. Педагогикалық зерттеулердің бұл деңгейінде ғылымның жаңа фактілері және олардың негізінде заңдылықтар қалыптасады.

А) теориялық, әдіснамалық
В) эмпирикалық
С) теориялық
Д) математикалық
Е) эмпирикалық, әдіснамалық.

  1. Педагогикалық зерттеулердің бұл деңгейінде бұрын ашылған фактілерді түсіндіруге мүмкіндік беретін негізгі педагогикалық заңдылықтар құрастырылады, болашақтағы жағдайлар мен фактілерге болжам жасауға мүмкіндік жасалады.

А) теориялық, әдіснамалық
В) эмпирикалық
С) теориялық
Д) математикалық
Е) эмпирикалық, әдіснамалық.

  1. Педагогикалық зерттеулердің бұл деңгейінде эмпирикалық және теориялық зерттеулер негізінде педагогикалық құбылыстарды, теорияларды құрастыру, зерттеу әдістері мен жалпы ұстанымдар жасалады.

А) теориялық, әдіснамалық
В) эмпирикалық
С) теориялық
Д) әдіснамалық
Е) эмпирикалық, әдіснамалық.

  1. Зерттеудің ... деңгейінің әдістеріне мыналар жатады: бақылау, анкета, әңгімелесу, оқушылардың іс-әрекет нәтижелерін, педагогикалық тәжірибелерді зерттеу, педагогикалық эксперимент.

А) теориялық, әдіснамалық
В) эмпирикалық
С) теориялық
Д) әдіснамалық
Е) эмпирикалық, әдіснамалық.

  1. Бұл әдістер зерттелетін мәселелер бойынша фактілік материалдарды жинақтау үшін қолданылады.

А) теориялық, әдіснамалық
В) эмпирикалық, теориялық
С) теориялық
Д) әдіснамалық
Е) эмпирикалық

  1. ... зерттеу әдістеріне талдау және жинақтау, индукция және дедукция, ұқсастық, айырмашылық логикалық әдістері жатады.

А) теориялық, әдіснамалық
В) эмпирикалық, теориялық
С) теориялық
Д) әдіснамалық
Е) эмпирикалық

  1. Объективтілік, мәндік талдау, логикалық және тарихи бір лік, тұжырымдамалық, жүйелілік, тұлғалық, іс-әрекеттік, мәдениетке сәйкестік, этнопедагогикалық, антропологиялық. Бұл педагогикалық зерттеулерде қолданылатын жалпығылымилық ...:

А) талаптар
В) ұстанымдар
С) ережелер
Д) заңдар
Е) заңдылықтар

  1. Зерттеу логикасын жасауда неше кезең ажыратылады?

А) 1
В) 2
С) 3
Д) 4
Е) 5

  1. Тақырыпты таңдау, міндеттерді анықтау, болжам жасау (мәселе – тақырып – объект - пән - ғылыми фактілер - бастапқы тұжырымдама - жетекші идея және пікір - болжам - зерттеу міндеттері сызбасы бойынша жүреді). Бұл зерттеу қисынын белгілеудің қай кезеңінде жүреді?

А) 1
В) 2
С) 3
Д) 4
Е) 5

  1. Әдістерді таңдау - болжамды тексеру – алдын-ала қорытындыларды белгілеу – оларды сынақтан өткізу және нақтылау – қорытынды жасау сызбасы бойынша жүзеге асады. Бұл зерттеу қисынын белгілеудің қай кезеңінде жүреді?

А) 1
В) 2
С) 3
Д) 4
Е) 5

  1. Сынақтан өткізу (қорытындыларды талқылау, оларды қоғамға ұсыну), жұмысты рәсімдеу (есеп беру, баяндамалар, кітаптар, диссертациялар, ұсыныстар, жобалар жіне т.б.) және нәтижелерін практикаға ендіру. Бұл зерттеу қисынын белгілеудің қай кезеңінде жүреді?

А) 5
В) 4
С) 3
Д) 2
Е) 1

  1. ... – ғылымда белгісіз, анықталмаған нәрсе, яғни белгіліден белгісізге өтетін көпір, нақты «белгісіздік жайындағы білім».

А) мақсат
В) міндет
С) проблема
Д) объект
Е) пән

  1. Проблеманың мәні –

А) практика мен ғылыми әдебиетті терең зерттеудің нәтижесі
В) ғылымда белгісіз, анықталмаған нәрсе, яғни белгіліден белгісізге өтетін көпір, нақты «белгісіздік жайындағы білім».
С) барлық оқушылар үшін білім беру мазмұнының нормативі және әрбір оқушының жеке мүмкіншіліктері, бейімділіктері, қызығушылықтары арасындағы қарама-қайшылық
Д) ғылыми зерттеудің нәтижелілігінің негізі
Е) белгіленген фактілер және олардың теориялық ұғынылуы арасындағы, фактілерді түрліше түсіндіру, интерпретациялау арасындағы қарама-қайшылық.

  1. Педагогикадағы зерттеу объектісі –

А) белгілі бір қасиеттер мен қарым-қатынастардың жиынтығы.
В) зерттеушінің назарын аудартатын, зерттеу субъектісінен тәуелсіз өмір сүретін белгілі бір үрдіс, құбылыс.
С) бұл таным үрдісіне қатысатын шынайы объектінің байланыстары, қарым-қатынастары, қасиеттері.
Д) зерттеу пәнінде жұмыс барысында арнайы терең зерттеуді қажет ететін объектінің қасиеті немесе объектідегі қарым-қатынастар
Е) Бір объектіде бірнеше пәндер ажыратылуы мүмкін

  1. Педагогикадағы зерттеу пәні -

А) белгілі бір қасиеттер мен қарым-қатынастардың жиынтығы.
В) зерттеушінің назарын аудартатын, зерттеу субъектісінен тәуелсіз өмір сүретін белгілі бір үрдіс, құбылыс.
С) бұл таным үрдісіне қатысатын шынайы объектінің байланыстары, қарым-қатынастары, қасиеттері.
Д) зерттеу пәнінде жұмыс барысында арнайы терең зерттеуді қажет ететін объектінің қасиеті немесе объектідегі қарым-қатынастар жинақталады.
Е) бір объектіде бірнеше пәндер ажыратылуы мүмкін

  1. Педагогикалық мақсат – ...

А) педагогикалық идеал және педагогикалық ақиқаттың шынайы үрдістері мен құбылыстарын өзгертуде олардың әлеуетін салыстыру негізінде жасалған болжаудың нәтижесі.
В) белгілі бір қасиеттер мен қарым-қатынастардың жиынтығы.
С) зерттеушінің назарын аудартатын, зерттеу субъектісінен тәуелсіз өмір сүретін белгілі бір үрдіс, құбылыс.
Д) бұл таным үрдісіне қатысатын шынайы объектінің байланыстары, қарым-қатынастары, қасиеттері.
Е) зерттеу пәнінде жұмыс барысында арнайы терең зерттеуді қажет ететін объектінің қасиеті немесе объектідегі қарым-қатынастар жинақталады.

  1. Міндет –

А) зерттеушінің назарын аудартатын, зерттеу субъектісінен тәуелсіз өмір сүретін белгілі бір үрдіс, құбылыс.
В) мақсатқа жетудің бөлігі, қадамы, кезеңі; бұл нақты ситуацияны өзгертудің мақсаты.
С) педагогикалық идеал және педагогикалық ақиқаттың шынайы үрдістері мен құбылыстарын өзгертуде олардың әлеуетін салыстыру негізінде жасалған болжаудың нәтижесі.
Д) бұл таным үрдісіне қатысатын шынайы объектінің байланыстары, қарым-қатынастары, қасиеттері.
Е) белгілі бір қасиеттер мен қарым-қатынастардың жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет