Дәрістің тақырыбы



бет2/6
Дата05.12.2023
өлшемі207,2 Kb.
#134410
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
11 тақырып. Өнер философиясы 2021

Аристотель

  • Аристотель алғашқылардың бірі болып жанрлар теориясы мен әдебиеттің тектері (эпос, лирика, драма) теориясын негіздейді. Өнердің қоғамдық міндетінің маңызына ерекше мән береді. Трагедия мен комедия, драма мен эпопеяның жайын баяндағанда еліктеудегі қимыл-қозғалыс, әрекет үстінде ойын жеткізбектің өнер иесі үшін маңыздылығына қатты көңіл бөледі. Туындының соңының қайғылы аяқталуын дұрыс деп есептейді. Себебі өмір, Платон айтқандай, өнер бейнелегеннен әлдеқайда күрделі, әлдеқайда сұлу. Платон ең керемет деген мүсін дейді, шынайы тірі адамның жанында сұрқай.
  • (Эпосқа - поэма, баллада роман, лирикаға адамның жеке көңіл күйімен байланысты туындылар, ал драмаға трагедия мен комедия кіреді. Эпика оқиғаға негізделеді, лирика адам жанын тебірентер немесе селт еткізер сәттік сезімдер, ал драмаға өмірдегі қайғы мен қасірет, ащы әжуа, күлкі шақыратын нәрселер арқау болады).

Орта ғасырлар

  • Ортағасырлық мәдениетте шығармашылық болмысын түсіну діни көзқарас тұрғысынан, яғни Құдай болмысты мәңгі жаратушы, оған өз үстемдігін жүргізуші ретінде түсініліп, Құдіреттің шабыттандыруынсыз ешбір шығармашылықпен айналысудың да мүмкін еместігі дәйектелді. Егер антикалық эстетикаға сәйкес, сұлулық, әсемдік идеалы гректерді таң қалдырған ғарыштық тәртіп пен үйлесімділікке байланысты космологиялық сипатта болып, тиісінше өнер табағатқа еліктеу саналса, ортағасырларда бұл түсініктің орнына, сұлулық пен әсемдікті әлемді мәңгі жаратушы Құдіретті күштің жер бетіндегі шұғыласы, мінсіз сұлулық, нағыз әдемілік, әсемдік тіршілікті жоқтан бар етіп жаратушы Құдайға тән деген түсінік қалыптасты.

Қайта өрлеу немесе Ренессанс

  • Ал XIV-XVI ғғ. Еуропа Қайта өрлеу немесе Ренессанс аталатын дәуірге аяқ басты. Орта ғасырдағы құдайға ұмтылатын теоцентристік көзқарастар үстемдігінің орнына адам мәселесін алға қоятын ой-пікірлер қалыптасады. Осы кезеңде Италия, Испания, Франция, Германия, Голландия сынды бірқатар Еуропа елдерінде өрістеген Ренессанс гуманистік идеялардың алдыңғы қатарға шығып, өнер мен әдебиеттің де жаңғыру, даму дәуіріне айналды. Жаратылыстану ғылымдарындағы ізденістер жанданды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет